Push-хабарламалар

Push-хабарламалар дегеніміз не?
Push-хабарламалар - бұл Halyk Homebank қосымшасы арқылы біздің Банкте ашылған Сіздің шоттарыңыз бойынша барлық операцияларды көрсететін, Банк іске қосқан акциялар мен жаңа сервистер туралы хабарлайтын мобильді телефондағы қалқыма терезелер.
Хабарламалар көбінесе экранның жоғарғы жағындағы «перде» жылжымалы панелінде, сондай-ақ құлыптау экранында пайда болады.
PUSH-хабарламалар қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлем/комиссия бар ма?
Қызмет тегін.
Push-хабарламаларды қалай қосуға болады?
Push-хабарламаларды қосыңыз:
1. Halyk Homebank қосымшасын ашып, «Мәзір» бөліміне өтіңіз
2. «Профиль және баптаулар»-ды басыңыз, содан кейін «Менің құрылғым»-ды таңдаңыз
3. Сіздің сенімді нөміріңізге коды бар SMS келеді
4. SMS арқылы келген кодты енгізіңіз
5. "Сенімді құрылғы" өрісінде жаңа қосылған құрылғыны көрсетіңіз. 6. Бұдан әрі кері қайтып "Хабарламалар" белгішесін таңдаңыз.
7. "Хабарламалар алу" опциясын таңдаңыз және төмендегі қажетті опцияларды таңдауды басыңыз.
PUSH-хабарламалардан қандай ақпарат аламын?
Сіз транзакциялық PUSH-хабарламалар аласыз, яғни депозитті алу және толықтыру, карталар бойынша операциялар, ПТ үшін төлемдер және т. б. Сондай-ақ Halyk Homebank қосымшасында «Хабарламаларды баптау» мәзіріндегі тізімнен қажетті хабарламаларды таңдай аласыз (хабарламалар, карталар бойынша транзакция, ағымдағы шот/депозит бойынша қозғалыс, ЖЖҚ айыппұлдары, тыйым салулар, коммуналдық қызметтер, жарнамалық жіберілімдер).
Push-хабарламалардың тарихын қайдан көруге болады?
Push-хабарламалар тарихы Halyk Homebank қосымшасында сақталады:
1. Halyk Homebank-ті ашыңыз және «Мәзір» бөліміне өтіңіз
2. «Хабарламаларды» таңдаңыз
Егер Сіз оларды экранда көргіңіз келмесе, діріл мен дыбыстық ескертуді сақтай отырып құрылғы баптауларында экранда шығуын өшіруге болады.
Егер Halyk Homebank қосымшасы ашық болмаса, маған push-хабарлама келеді ме?
Иә, мобильді құрылғыға Push-хабарламаларын алу қосымшаның үнемі ашулы болуын қажет етпейді. Тиісті ақпаратты беру үшін тек интернет желісіне қосылу талап етіледі.
Мен Halyk Homebank қосымшасында push-хабарламалар қызметін орнаттым, бірақ хабарламалар келмейді.
Телефон баптауларында push-хабарламалардың қосылымын баптау керек. (Баптаулар-Хабарламалар - Сіз хабарлама алғыңыз келетін Halyk Homebank қосымшасын таңдаңыз, содан кейін Halyk Homebank қосымшасында push-хабарламалардың қосылуын тексеріңіз )