Halyk bank банкоматтары

Банкомат дегеніміз не және ол қандай функцияларды атқарады?
Банкомат - бұл құрылғы. оның көмегімен Сіз картадан ақша ала аласыз және оны толықтыра аласазы. Сонымен қатар банкомат келесі функцияларды да атқарады:

• Мобильді және стационарлық байланыс қызметін төлеу
• Кредитті өтеу/депоизитті толықтыру
• Бюджетке төлем жүргізу (салық төлемдері, көлік, жер және мүлік, әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баж салықтары және т.б.)
• Halyk Bank төлем карталарына аударымдар жүргізу (Сash-In қабылдау)
• Halyk Bank картасынан Halyk Bank-тегі кез келген ағымдағы шотқа аударым жасау
• Мобильді телефон нөмірі, картасыз код бойынша жіберілген қолма-қол ақшаны алу
• PIN-кодты орнату/ауыстыру
• «SMS-Банкинг» қызметін өшіру және тағы басқа қызметтер.
Halyk Bank банкоматтары қайда орналасқан?
Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk Bank банкомат жүйесінің банкоматы болып табылады. Банкоматтардың нақты орналасқан орындарын:
• Halyk Homebank қосымшасында
- Halyk Homebank-ті ашыңыз
- басты бетте "Мәзір" бөлімін таңдаңыз
- «Банк» бөліміне өтіңіз
- «Банкоматтар»-ды басыңыз
(қажет болған жағдайда өзіңізге іздеуге ыңғайлы параметрлерді таңдап фильтрді қолданыңыз)
• Банк сайтында, төмендегі сілтеме бойынша біле аласыз.
Карта банкоматов
Банкоматтардыі мекенжайларын және функцияларын қайдан көруге болады?
Банкоматтардың орналасқан орындары мен функциялары туралы :
• Halyk Homebank қосымшасында
- Halyk Homebank-ті ашыңыз
- басты бетте "Мәзір" бөлімін таңдаңыз
- «Банк» бөліміне өтіңіз
- «Банкоматтар»-ды басыңыз
(қажет болған жағдайда өзіңізге іздеуге ыңғайлы параметрлерді таңдап фильтрді қолданыңыз)
• Банк сайтында, төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Карта банкоматов
Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алудың максималды сомасы?
Halyk Bank банкоматында тәулігіне 700 000 теңгеге дейін ақша ала аласыз. Егер бұл сомадан көбірек алу керек болса, Halyk Homebank қосымшасы арқылы қолма-қол ақша алу лимитін алып тастау керек.
Мен өз картама банкомат арқылы ақшалай қаражатты сала аламын ба?
Иә, егер банкоматта Cash-In функциясы бар болса, Сіз өз картаңызға ақша енгізе аласыз.
Егер өзіңізбен бірге картаңыз болмаса, Сіз өз картаңызға ақшалай қаражатты енгізу үшін Halyk Bank төлем терминалын қолдана аласыз. Толығырақ Нalyk bank терминалдары бөлімінде таныса аласыз.
Банкомат арқылы толтыру жасағанда менің картама ақша қаншалықты жылдам түседі?
Ақша лезде түседі.
Банкомат арқылы аударымдар жүзеге асыру кезінде қандай комиссия бар?
Карталар арасындағы аударымдар ( Visa немесе MasterCard бір төлем жүйесінің ішінде):
• ҚР кез келген банк картасынан Halyk Bank картасына - 0 тенге
• Банк картасынан ҚР басқа кез келген банк картасына - 1% + 200 теңге
• ҚР басқа банк карталары арасында - 1% + 200 теңге
• шетел банк картасының қатысуымен жүргізілетін аударымдар - 1% + 2 USD

Halyk Bank/Агент-банкі/Серіктес-банкі карталарының арасында Card2Card аударымдары*:
• Агент-банкі картасынан Банк/Агент-банкі картасына - 150 теңге
• Банк картасынан Агент-банкі картасына - 150 теңге

*Агент-банктері мен серіктес-банктер тізімімен Банк сайтында "Тарифтер" бөлімінде таныса аласыз (процестік қызметтерді пайдаланатын Банк тізімдері)
Картадан ақшалай қаражатты қолма-қолға айналдыру барысында комиссяи алынады ма?
Halyk Bank банкоматтар желісінде картадан қолма-қол ақша алу үшін:
• жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және депозит қаражаты үшін - 0 теңге
• айын 300 000 теңгеге дейін басқа да түсімдер - 0 теңге
• айына 300 000 теңгеден жоғары басқа да түсімдер - 1%

ҚР басқа банктерінің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу - 0,9% + 50 теңге

ҚР тыс банктерде банкоматтардан қолма-қол ақша алу - 1,5%, мин 1 000 теңге

Halyk Bank банкоматтарында картасыз Homebank қосымшасы арқылы қолма-қол ақша алу үшін:
•жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және депозит қаражаты үшін - 0 теңге
• айын 300 000 теңгеге дейін басқа да түсімдер - 0 теңге
• айына 300 000 теңгеден жоғары басқа да түсімдер - 1%

МАҢЫЗДЫ!
1. Welcome to Homebank (Visa Classic Instant) карталары бойынша және "Казкоммерцбанк" АҚ шығарған мультивалюталық карталар үшін қолма-қол ақша шығару комиссиясы 1% құрайды.
2. Mastercard World Elite Imperial карталары бойынша теңгемен банкоматтан қолма-қол ақша алу (код бойынша ақша алу) - Банк желісінде – 1%, айына 250 000 АҚШ доллары лимиті шеңберінде - 0 теңге.
Тарифы по обслуживанию карты
Неліктен Halyk Bank банкоматы қағаз ақшаны қабылдамайды?
Банкомат мынадай қағаз ақшаларды қабылдамайды:
• бұрыштары қайырылған болса;
• скотчпен жапсырылған;
• жыртылған;
• айналымнан шыққан.
Картаға PIN-кодты қалай алуға болады?
1. Мәтіні бар SMS жіберіңіз: 7111 нөміріне EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 цифры). Мысалы: EPIN1234
2. Сіздің нөміріңізге ePIN коды SMS бар келеді, ол 2 сағатқа ғана жарамды*
3. Картаңызды Нalyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және келген еPIN-ді енгізіңіз
4. Банкоматта "PIN-кодты орнату/ауыстыру" бөлімін таңдаңыз және өз PIN-кодыңызды орнатыңыз
Готово! PIN-код установлен.

* Егер банкоматта ePIN-ді PIN-кодқа 2 сағат ішінде ауыстырып үлгермесеңіз, келесі тәсілдердің біріміен қайтадан ePIN алыңыз:
1. SMS арқылы: мына мәтінмен SMS жіберіңіз: EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 цифры) 7111 нөміріне. Мысалы: EPIN1234
2.Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып "Карта бойынша сервис алу" → «Карта бойынша уақытша PIN-код алу» таңдаңыз.
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
Егер Сіз PIN-кодты ұмытып қалсаңыз немесе оны ауыстырғыңыз келсе, онда Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN - кодты орнатыңыз:
• Halyk Homebank бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "Сервистер"-ге өтіңіз - «PIN кодты орнату/ауыстыру»-ды басыңыз және нұсқауды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін банкоматта кез келген транзакция жүргізіңіз

PIN-кодты ауыстыру үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматын да пайдалануға болады, картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз:
• PIN-кодты ауыстыру
• Жаңа PIN-кодты енгізу
• Жаңа PIN-кодты растау
Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді.
Егер мен банкоматта картаны ұмытып кетсем не істеуім керек?
Егер Сізге карта шұғыл қажет болса, Halyk Bank картасын 5 минут ішінде банктің кез келген бөлімшесінде бұрынғы қызмет көрсету шарттарын сақтай отырып, қайта шығарып, оны бірден пайдалана бастай аласыз, Сіздің картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
PIN-кодты Halyk Homebank қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз - "Сервистер"-ге кіріңіз және " PIN кодты орнату/ауыстыру"-ды таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына енгізіңіз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

Сондай-ақ, Сіз ұсталған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекен-жайы көрсетілген SMS жіберіледі, ол жерден Сіз өз картаңызды алып кете аласыз. Сіздің қалаңыздағы қалып қойған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Halyk Homebank қосымшасындағы уақытша бұғаттауды алып тастап, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта ұмытып кеткен картаны таңдаңыз - "Параметрлер" бөлімінде "Уақытша бұғаттау"опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды 7111 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жүзеге асыра бере аласыз:
- Картаны Homebank Pay (тек Visa карталары үшін), Apple Pay, Samsung Pay-ға байлаңыз және смартфонмен төлем жүргізіңіз.
Қатынассыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk Homebank қосымшасына мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық қызметті және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеп бонустар алыңыз.
- Halyk Homebank-те кез келген картаға және телефон нөміріне ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз

Егер Сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып кетсеңіз: Картаны ұмытып кеткен банкомат банктінің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Карта отделений
Halyk Homebank қосымшасымен аудару арқылы Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін сізге Halyk Homebank қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет(cash by code қызметі):
• Halyk Homebank қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алынатын соманы және мобильді телефон нөміріңізді енгізіңіз
• Аударымды SMS арқылы растаңыз
• Банкоматтан ақша алу үшін Сізге екі SMS-код келеді
• Қолма-қол ақша алу үшін Halyk Bank банкоматында кез келген батырманы басыңыз
• "Код бойынша қолма-қол ақша алу"-ды таңдаңыз
• Банкоматқа жіберілген соманы және SMS арқылы келген кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат – 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық – транзакция сомасынан 1%
• Сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• Сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Минималды алу сомасы – 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамды
Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?
NFC төсбелгісі бар Halyk Bank банкоматтарында контактісіз операциялар жасауға болады.
Артықшылықтары:
• Сенімділік - картаны банкоматта ұстау қаупі жоқ
• Ыңғайлылық - оқырманға смартфонды немесе картаны алып келу жеткілікті

NFC технологиясын қалай қолданамын?
1) NFC қолдайтын смартфонды немесе картаны алыңыз
2) Банкомат NFC қолдайтынына көз жеткізіңіз
3) Смартфонды немесе картаны тіркеп, PIN кодын енгізіңіз

Контактісіз технология келесі жолдармен қол жетімді:
• VISA, Mastercard - PIN кодты ауыстырудан басқа барлық операциялар
• VISA картасымен байланысқан смартфондар - қолма-қол ақшаны алу және балансты тексеру
Егер банкомат ақша бермесе, бірақ оны шоттан есептен шығарса, қанша уақыт ішінде өтініш жазуға болады?
Қайтару туралы өтінішті кез келген күні жазуға болады. Сіздің өтінішіңізді Банк қарастырады.
Банкомат арқылы операция жүргізу кезінде қателік туындаса, қайда хабарласу керек?
Егер сізде қолма-қол ақшаны толықтыру процесінде қателік туындаса және қаражат есептелмесе немесе алынбаса, Сіз бөлімшелерге қатынаспастан сайтта өтініш бере аласыз.
Біздің мамандар өтінішті қысқа мерзімде қарап, өтінішті қарастыру нәтижелерімен жауап береді.

Өтінімді жіберу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз, бұл деректер бізге өтінішті жан-жақты қарастыруға көмектеседі.

Сонымен қатар сіз Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді және енгізілген сома туралы чекті (болған жағдайда) алуыңыз қажет.
Заявка на рассмотрение обращения