PIN-кодтар

PIN-кодты қалай орнатуға және картаны іске қосуға болады?
"1. Halyk Homebank қосымшасы арқылы:
* Halyk Homebank қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту "тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
* EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы әрекет ететін ePIN коды бар SMS келеді*
* Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
* Банкоматта "PIN-кодты орнату / өзгерту" бөлімін таңдап, жеке PIN-кодты орнатыңыз
Дайын! PIN коды орнатылған.

* Егер сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодқа өзгертуге уақытыңыз болмаса, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
* SMS арқылы: EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып, "Карта бойынша сервис алу" → "Карта бойынша уақытша PIN-код алу" таңдаңыз.

Картаны күн ағымында іске қосуға болады."
PIN-кодты ұмытып қалсам не істеуім керек?
1. Егер Сіз қолданыстағы карта бойынша PIN-кодты ұмытып қалсаңыз, онда Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
* Halyk Homebank-ті ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтерге" өтіңіз
* "PIN код орнату/өзгерту" тармағына өтіп, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны салып, банкоматта кез келген транзакция жүргізіңіз.

2. PIN-кодты ауыстыру үшін де Halyk Bank-тің кез келген банкоматын пайдалануға болады:
* Картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз
* "PIN код орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз
Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
"Сіз PIN-кодты келесі тәсілдердің бірімен өзгерте аласыз:

1. Halyk Homebank-те PIN-кодты өзгерту:
Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk Homebank қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk Homebank-ты ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматында PIN-кодты өзгерту:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді."
PIN-кодты қате енгізуге қанша әрекетім бар?
Қате PIN-кодты енгізу әрекеті - 5 рет, 6-шы рет карта автоматты түрде бұғатталады.
PIN-кодты қате енгізсеңіз не істеу керек?
Қате енгізудің 6 әрекетінен кейін карта автоматты түрде бұғатталады. PIN-кодты енгізу әрекеттерін алып тастауға болады:

Halyk Homebank арқылы:
Картаны таңдап, "Баптаулар" тармағына өтіп, "PIN енгізу әрекеттерін алып тастау" пәрменін таңдаңыз

Байланыс орталығы арқылы:
Мобильді телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаның соңғы 4 санын атаңыз.