Депозитті қалай ашуға болады?

Halyk Homebank қосымшасында депозитті қалай ашуға болады?
Halyk Homebank қосымшасында депозитті онлайн ашыңыз:
• Басты экранда "Депозит ашуды" басыңыз
• "Әмбебап"депозитін таңдаңыз
• Сұратылған жолдарды толтырыңыз, депозит сомасы мен мерзімін енгізіңіз
• "Бұдан әріні" басыңыз
• Деректерді тексеріп, "Ашуды" басыңыз
• Депозиттің ашылуын Сіздің нөміріңізге түскен SMS-тен келген кодпен растаңыз
Дайын! Депозит сәтті ашылды.
Банк бөлімшесінде депозитті қалай ашуға болады?
1. Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
2. Шотты немесе картаны ыңғайлы тәсілмен немесе бөлімшенің кассасы арқылы толықтырыңыз.
Карта отделений
Депозит ашу үшін не қажет?
Бөлімшеде депозит ашу үшін жеке куәліктің түпнұсқасын ұсыну қажет.
Halyk Homebank-те онлайн депозит ашу үшін ұялы телефон қажет.
Шетел мемлекеттерінің азаматтары шот ашу кезінде мыналарды ұсынады:
1. Жеке басты куәландыратын құжат (паспорт)
2. Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған тіркеу куәлігі.