Ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна (БЖ) салу

Halyk Bank-тен ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін қандай құжаттар қажет?
Halyk Homebank қосымшасында БЗТалуға онлайн өтінім жібергеннен кейін Банк менеджері сізге 2 жұмыс күні ішінде хабарласады. Банк менеджері процедура және қажетті құжаттар бойынша толық кеңес береді*.

* өтінімді БЖЗҚ-ға жіберген сәтке дейін сізде Банктің уәкілетті органының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қабылдаған шешімі болуы тиіс.
Halyk Bank-тен ипотекалық қарыз алу кезінде БЗТ-ның мақсатты пайдаланылуын қандай құжаттар растайды?
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БЗТ есептелген сомасын қаражат клиенттің шотына түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна ретінде пайдалану қажет.
БЗТ сомасының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар:
1) клиенттің шотынан кредит қаражатын есептеу тур??лы үзінді көшірме (электрондық формат)
2) БЖЗҚ қаражатын пайдалануды көрсете отырып, сатып алу-сату шарты (түпнұсқа, құжат менеджерге Банк бөлімшесіне ұсынылады).
ҚР басқа банкінен ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін қандай құжаттар қажет?
Halyk Homebank қосымшасында БЗТалуға онлайн өтінім жібергеннен кейін Банк менеджері сізге 2 жұмыс күні ішінде хабарласады. Банк менеджері процедура және қажетті құжаттар бойынша толық кеңес береді*.

* БЖЗҚ-ға өтінім жіберген сәтке дейін сіз менеджерге ЕДБ-дан кепілдік хаттың түпнұсқасын ұсынуыңыз қажет (құжат менеджерге Банк бөлімшесіне ұсынылады).
Алынған БЗТ мақсатты пайдалануын растайтын құжаттарды кімге тапсыру қажет?
Құжаттар менеджерге Банк бөлімшесіне ұсынылады.
Ипотекалық қарызды тек Halyk Bank-те рәсімдеуге бола ма?
Төлемдерді алушы ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға Halyk Bank-тен де, ҚР басқа банктерінен де пайдалана алады.
Тұрғын үй сатып алу кезінде БЗТ сомасын аудару қалай жүргізіледі?
Halyk Homebank қосымшасында БЗТ алуға онлайн өтінім жібергеннен кейін Сізбен 2 жұмыс күні ішінде Банк менеджері хабарласады және рәсім бойынша, сондай-ақ қажетті құжаттарды ұсыну бойынша толық кеңес береді.
Арнайы шоттан қаражатты аударуды Банк сатушының деректемелеріне (ипотеканы Halyk Bank-тен алған жағдайда)/ ЕДБ-ге (ипотеканы басқа банктен алған жағдайда) аудару күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде қолма-қол емес жолмен жүргізетін болады.
Жылжымайтын мүлік сатушыдан қолма-қол ақшаны алу кезінде комиссия бола ма?
Halyk Bank-те ипотеканы ресімдеген жылжымайтын мүлік сатып алушының БЗТ үшін арнайы шотынан ақша түскен кезде жылжымайтын мүлік сатушының дебеттік картасынан қолма-қол ақша алу - 0 теңге.

Осылайша, Halyk Bank уәкілетті оператор болып табылған жағдайда, комиссия БЗТ сомасынан ұсталмайды.
Клиент тұрғын үйдің қандай түрін сатып ала алады?
Егер клиент Ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін БЗТ-ны пайдаланғысы келсе, онда сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қойылатын талаптар жөнінде Банк менеджерімен алдын ала кеңесу қажет.
Клиент соманы жұбайымен (зайыбымен) және/немесе ата-анасымен біріктіріп, ипотекалық қарызды жаба ала ма?
Иә, бағдарламада туыстық қатынастар расталған жағдайда жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына төлемді басқаға беруді ресімдеу құқығы көзделген. Halyk Homebank қосымшасында БЗТ алуға арналған өтінімде "Жұбайына (зайыбына)/ жақын туыстарына төлемдерді беру" опциясы рәсімді техникалық іске асырғаннан кейін қолжетімді болады.
Басқа банктен ипотекалық қарыз алу мақсатында БЗТ-ны Halyk Bank-ке есепке жатқызу үшін БЗТ-ны арнайы шотқа ала аламын ба?
Иә, сіз Halyk Bank-тен де, басқа банктен де ипотекалық тұрғын үй қарызын ала аласыз. Бұл ретте Halyk Bank-тен тиімді шарттары бар ипотекалық тұрғын үй қарызын, оның ішінде Баспана Хит, 7-20-25 сияқты жеңілдікті шарттары бар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кредиттеуді алуға болатынына назар аударыңыз