Halyk Info
Шарттарға өзгерістер бекітілгенге және енгізілгенге дейін бүгінгі күні қосарлы заемшы БЗТ есебінен қарызды өшіре алмайды.
Halyk қосымшасында БЗТ алуға онлайн өтінім жібергеннен кейін Сізге 2 жұмыс күні ішінде Банк менеджері хабарласады. Банк менеджері екінші деңгейдегі банктен ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша несие берешегінің қалдығы туралы анықтаманы Банк менеджеріне ұсыну рәсімі және қажеттілігі туралы толық кеңес береді, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) қарыз түрі (ипотекалық тұрғын үй қарызы)
2) несие берешегінің қалдығы
1) қарыз түрі (ипотекалық тұрғын үй қарызы)
2) несие берешегінің қалдығы
Алынған БЗТ сомасы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті өтеу есебіне жіберілген жағдайда, Halyk Bank қарыздары бойынша комиссиялар алынбайды. Басқа банктің қарызын ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу талаптарымен қарыз алынған Банкке өтініш білдіру қажет.
Арнайы шоттан қаражатты аударуды Банк менеджері клиент растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізеді (басқа Банктің қарызын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде).
Ағымдағы / мерзімі өткен төлемді өтеп, содан кейін ғана БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінім жіберу қажет.
Halyk Bank ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі сақтала отырып, ай сайынғы төлем мөлшері қысқартылады.
Клиент несиені өз қаражаты есебінен қайтарғысы келсе, HalykSuperApp арқылы мерзімінен бұрын өтеу рәсімін бастауға немесе стандартты шарттарда БЗТ қаражатын пайдалана отырып мерзімінен бұрын өтеу операциясын аяқтағаннан кейін несие мерзімін қысқарту шарттарын өзгертуге болады.
Егер клиент қолданыстағы ипотекалық қарызды БЗТ қаражатының есебінен ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу арқылы жүзеге асыратын болса, бұл ретте ипотека БЗТ қаражатын енгізусіз ресімделген болса, онда жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға 5 жыл бойы шектеу қолданылмайды.
1. Нысаналы мақсатқа БЗТ пайдалану клиенттің арнайы шотына түскеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс (БЗТ клиенттің арнайы шотына түскен күні есепке алынбайды);
2. Егер БЗТ 10 жұмыс күні ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда сома уәкілетті оператор белгілеген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мерзімдерде БЖЗҚ-ға қайтаруға жатады.
2. Егер БЗТ 10 жұмыс күні ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда сома уәкілетті оператор белгілеген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мерзімдерде БЖЗҚ-ға қайтаруға жатады.




