Картаны қалай пайдалануға болады?

PIN-кодты қалай орнатуға және картаны қалай қосуға болады?
1. Halyk Homebank қосымшасы арқылы:
* Halyk Homebank бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту "тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
* EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 саны) мәтінімен 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы әрекет ететін ePIN коды бар SMS келеді*
* Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
* Банкоматта "PIN-кодты орнату / өзгерту" бөлімін таңдап, жеке PIN-кодты орнатыңыз
Дайын! PIN-коды орнатылды.

* Егер Сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодты өзгертуге уақытыңыз болмаса, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
* EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 саны) мәтінімен 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып, "Карта бойынша сервис алу" → "Карта бойынша уақытша PIN-код алуды" таңдаңыз.

Картаны іске қосу - күні бойы.
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
PIN-кодты келесі әдістердің бірімен өзгертуге болады:

1. Halyk Homebank-тегі PIN-кодты өзгерту:
Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk Homebank қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk Homebank бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматындағы PIN-кодты өзгерту:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
* "PIN кодын орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодты сәтті орнатылғаны туралы чек береді.
Сенімді нөмірді қалай орнатуға немесе өзгертуге болады?
"Сенімді нөмір - бұл сіздің тіркелген мобильді нөміріңіз, ол Halyk Homebank-тегі логин болып табылады, SMS хабарламалар мен байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде қызметтерді алу үшін пайдаланылады.
Егер сіздің мобильді нөміріңіз Halyk Bank-те тіркелмеген немесе өзгерген болса, оны орнату қажет.
Сенімді Нөмірді орнату және ауыстыру Halyk Bank-тің кез келген банкоматында қолжетімді:
1. Картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз
2. "Қосымша қызметтер", содан кейін "Сенімді нөмір" опциясын таңдаңыз
3. Телефон нөміріңізді енгізіп,"Жалғастыру" батырмасын басыңыз
4. Сіздің сенімді нөміріңізге SMS келеді
5. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз"
Картаны қалай толықтырады?
Halyk карталарын Сіз:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар
• Halyk Homebank арқылы картадан картаға аударым
• картадан картаға аударым жасайтын басқа банктер
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы толықтыра аласыз
Картаны банкомат, терминал немесе аударым арқылы толықтыру үшін комиссия - 0 теңге.
Карта отделений
Картамен қалай төлеуге болады?
Сіз картамен:
• кез келген жердегі сатып алулар үшін төлеу аласыз
• Halyk Homebank қосымшасында төлем жасай аласыз
• атып алулар үшін картасыз, Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және QR-код арқылы с төлей аласыз
Картадағы қолжетімді соманы және бонустар мөлшерін қалай тексереді?
Картадағы бонустардың қолжетімді мөлшері мен санын былайша білуге болады:
* Halyk Homebank мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдаңыз
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша"
Halyk Bank банкоматында картасыз қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін Сізге Halyk Homebank қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет (Сash by code қызметі):
* Halyk Homebank қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
* "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
* Алу сомасын және мобильді нөміріңізді енгізіңіз
* SMS арқылы аударымды растаңыз
* Сіз банкоматтан алу үшін қажетті екі SMS-кодты аласыз
* Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін кез келген батырманы басыңыз
* "Код бойынша қолма-қол ақша алуды" таңдаңыз
* Банкоматқа жіберілген соманы және SMS-тен кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
* Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозит қаражаты - 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық - транзакция сома??ының 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
* Ең төменгі алу сомасы - 2 000 теңге
* Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
* Код 24 сағат ішінде жарамды
Картасыз төлей аламын ба?
Иә, Сіз саудаңыз үшін Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және QR-төлем арқылы картасыз, смартфонмен төлей аласыз.
Арнайы бөлімдерде толығырақ танысыңыз.
Картамен аударымдар жүргізгенде қандай комиссиялар бар?
"*0 теңге - Halyk Homebank арқылы Halyk Bank карталары арасында
* Halyk Bank картасынан Halyk Homebank арқылы ҚР басқа банкінің картасына 150 теңге*
* Halyk Homebank арқылы ҚР басқа банктерінің карталары арасында 150 теңге*
* Halyk Bank картасынан халықаралық карталарға 2 USD (аударым валютасындағы баламасы)
* "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" қызметі - жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат - 0%; - өзге түсімдер – айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден жоғары – транзакция сомасының 1%
* ҚР кез келген банкінің картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы баламасы) минимум - 1% (мин. 2 USD)

* Halyk Homebank тіркелмеген пайдаланушылар үшін (немесе басқа банктердің карталары үшін) - 0,85%, мин. 250 теңге, макс. 700 теңге"
Банкомат арқылы аударымдар жүргізгенде қандай комиссиялар бар?
Карталар арасындағы аударымдар (Visa немесе MasterCard бір төлем жүйесі шеңберінде)::
• КР кез келген өзге банкінің картасынан Halyk Bank картасына - 0 теңге
• Банк картасынан КР кез келген өзге банкінің картасына - 1% + 200 теңге
• ҚР өзге банктері карталары арасында - 1% + 200 теңге
• шетел банкі картасының қатысуымен аударымдар - 1% + 2 USD

Halyk Bank/агент Банк/Серіктес Банк карталары арасында Card2Card аударымдары*:
• Банкт агенттің картасынан Банктің/агент Банктің картасына - 150 теңге
• Банк картасынан агент Банктің картасына - 150 теңге

* агент Банктердің және серіктес Банктердің тізімімен Банк сайтында "Тарифтер" бөлімінде танысыңыз (процессінгтік қызметтермен пайдаланатын Банктер тізімі)
Банк бөлімшесінде ақша шешу үшін қандай комиссия бар?
Банк желісіндегі карточка бойынша қолма-қол ақша беру:
* Шартқа сәйкес Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, басқа да төлемдерді төлеу жөнінде жасалған шарт бойынша карт-шотқа түскендер;
* Банк пен заңды тұлға арасында жасалған шартсыз карт-шотқа түскендер (өзге есепке жатқызулар) - 1%
Басқа банктің банкоматынан шешу үшін комиссия қандай?
Дебеттік карталар бойынша комиссия 0,9% + 50 теңгені құрайды, кредиттік карталар бойынша - 3% (мин. 550 теңге).
Картаны банкоматта ұмытып кеткенде не істеу керек?
Егер Сізге жедел карта керек болса, Сіз Halyk Bank картасын банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта, бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып қайта шығара аласыз және бірден пайдалана бере аласыз, картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
PIN-кодты Сіз Halyk Homebank қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз ® «Сервистерге» өтіңіз және «PIN код орнату/ауыстыру» батырмасын таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.


Сондай-ақ, Сіз ұсталған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Сіздің қалаңыздағы ұсталған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk Homebank қосымшасында уақытша бұғатты алдын ала алып тастай отырып, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта қалдырған картаны таңдаңыз ® «Баптаулар» бөлімінде "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды, сондай-ақ Байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Homebank Pay (тек Visa карталары үшін), Apple Pay, Samsung Pay карталарына байлаңыз және смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk Homebank қосымшасында мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз және бонустар алыңыз.
- Halyk Homebank-те кез келген картаға және телефон нөмірі бой??нша ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз

Егер сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып қалсаңыз: картаны ұмытып кеткен банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Карта отделений
Картаны Halyk Homebank-ке байланыстыруға болады ма??
Иә, смартфонда Halyk Homebank қосымшасымен, немесе Halyk Homebank-тің веб-нұсқасымен қолданыңыз. Сізге төлемдер мен аударымдар ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операциялар қолжетімді болады: шоттардан/карталардан/депозиттерден алу, толықтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

Halyk Homebank мобильдік қосымшасына тіркелу:
1. Halyk Homebank қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS үшін App Store-дан (iPhone) жүктеп алыңыз
2. Бағдарламаны ашып,"Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Телефон нөмірін теріңіз
• Ұялы нөмірге жолданған SMS-тегі кодты теріңіз
• Сіздің ЖСН-ді еңгізіп, Құпиялылық саясатыныңталаптарымен танысыңыз
• Тұлғаны бейне-растаудан өтіңіз
• Сұратқан жағдайда, жеке куәлікті сканерлеңіз*
• Ары қарай қосымшаға кір үшін қосымшаға кіруге арналған 4-таңбалы код орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebankтің барлық артықшылықтарын 24/7 бүкіл әлем бойынша пайдаланыңыз.

*Жеке куәлігі, немесе тұруға ықтиярхаты жоқ клиенттерге Halyk Homebank-те тіркелу уақытша қолжетімсіз.
Смотреть видео-инструкцию
Halyk Homebank қосымшасындағы "Бұғаттаудағы сома" деген не?
Қызметтерді онлайн төлеген кезде, сома 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге "бұғатталған" мәртебесіне жетуі мүмкін. Төлем басқа ұйымдардың пайдасына болғандықтан, банк растайтын қаржылық төлем құжатын күтеді. Растауды 15 күнтізбелік күн ішінде алған кезде сома есептен шығарылады және аударылады. Егер растау 15 күн ішінде алынбаған жағдайда, 16-шы күні бұғатталған сома толық көлемде осы төлем жүргізілген картаға қайтарылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Halyk Bank картасы бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?
Карта бойынша үзінді көшірмені сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:
* Halyk Homebank веб-нұсқасында
- Қажетті картаны таңдап,"үзінді көшірмені" басыңыз.
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "PD форматындағы үзінді көшірмені жүктеу" батырмасын басыңыз.

* Halyk Homebank мобильді қосымшасында
- Шығару кезеңін таңдап, PDF белгісін басыңыз
Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
IBAN-шотты (20-таңбалы шот), 20-таңбалы шот ашу туралы хабарламаны қалай алады?
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk Homebank қосымшасында білуге болады:
• "Шоттар" бөлімінде шотты таңдаңыз
• "Баптаулар"-ды басыңыз да, IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз

Егер сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен шотты таңдап, «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз
Басқа валютамен төлеген кезде айырбастау қалай жүргізіледі?
Банк қаражатты есептен шығару сәтіндегі төлемнің ағымдағы бағамы бойынша соманы айырбастауды жүзеге асырады.
Halyk Bank картасына қосымша карта аша аламын ба?
Иә, банк бөлімшесінде өтінім беріп, Halyk Bank карталарына қосымша карталар аша аласыз.
Қосымша карта - бұл карт-шот иесіне (Карт-шот иесінің отбасы мүшелеріне және т.б.) немесе карт-шот иесіне қызметтер топтамасы шеңберіндегі негізгі картаға карт-шот иесіне қосымша шығарылған карта.
Картаны неше жастан бастап ашуға болады?
Негізгі картаны 14 жастан бастап ашуға болады.
Негізгі картаға қосымша картаны кез келген жаста ашуға болады.
Кәмелетке толмаған тұлғаға карта ашу үшін қандай құжаттар қажет?
Картаны ашу үшін 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған резидентке:
* мәміле жасау үшін екі ата-ананың/заңды өкілдің келісімін беру, туу туралы ??уәлік/төлқұжат + кәмелетке толмаған баланың ЖСН және ата-ананың/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну қажет. Бұл жағдайда өтінішке кәмелетке толмаған адамның өзі қол қояды.
* * ата-аналардың/заңды өкілдердің бірінің өтініші, кәмелетке толмаған баланың туу туралы куәлігі/төлқұжаты + және ЖСН ұсыну және ата-ананың/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну қажет. Бұл жағдайда картаны ашып, құжаттарға ата-ананың / заңды өкілдің өзі қол қояды.
14 жастан асқан кәмелетке толмаған резидентке паспорт немесе жеке куәлігі болған жағдайда карта ашу үшін ата-анасының болуы талап етілмейді.
Төлем валютасы - KZT таңдағанда, шетелде картамен төлемдер жүргізгенде немесе картадан қолма-қол ақша алғанда, қосымша комиссия өндірілуі мүмкін бе?
Иә, комиссия алынуы мүмкін, өйткені операция DCC ("валютаны динамикалық айырбастау", Dynamic Currency Conversion) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметтің мәні клиентке оның таңдауы бойынша эмитент Банкі елінің валютасы - қазақстандық теңгемен төлем/Қолма-қол ақша жасауды ұсыну болып табылады. Бұл жағдайда қосымша айырбастау өтеді, комиссияны эквайер Банкі алады.
Төлем валютасы - болу елі валютасын таңдағанда, шетелде картамен төлемдер жүргізгенде немесе картадан қолма-қол ақша алғанда, қосымша комиссия өндірілуі мүмкін бе?
Жоқ, бұл жағдайда қосымша комиссиялар алынбайды. Карталық шотты жүргізу валютасы мен төлем валютасы сәйкес келмеген кезде валютаны сатып алу үшін стандартты комиссиялар және Банктің бағамы мен тарифтеріне сәйкес шетелде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялар алынады. Моновалюталық карталар бойынша ақшаны есептен шығару эквайер Банкінен операция жүргізілгенін растайтын қаржылық құжат түскен сәтте қолданылатын бағам бойынша өтеді. Мультивалюталық карталар бойынша - картадағы шоттар арасында қаражат жинау сәтіндегі бағам қолданылады.
Мен картаны on-line (онлайн) режимінде жаба аламын ба?
Картаны жабу үшін банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.