Картаны бұғаттау

Менің картам ұрланғанда, не істеу керек?
Картаны уақытша бұғаттау қажет:

* Halyk Homebank-Те:
Картаны таңдап, "Баптаулар" тармағына өтіп, "Уақытша бұғаттауды" қосыңыз.

* Байланыс орталығы арқылы:
Ұялы телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаны уақытша бұғаттаңыз.
Картаны жолғалтсаңыз, не істеу керек?
Карта жоғалғанда, картаны уақытша бұғаттау қажет:

* Halyk Homebank-Те:
Картаны таңдап, "Баптаулар" тармағына өтіп, "Уақытша бұғаттауды" қосыңыз.

* Байланыс орталығы арқылы:
Ұялы телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаны уақытша бұғаттаңыз.
Картаны қалай бұғаттайды?
Карта жоғалған жағдайда, картаны уақытша бұғаттау қажет:

* Halyk Homebank-Те:
Картаны таңдап, "Баптаулар" тармағына өтіп, "Уақытша бұғаттауды" қосыңыз.

* Байланыс орталығы арқылы:
Ұялы телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаны уақытша бұғаттаңыз. Карта тұрақты бұғатталған жағдайда, картаны қайта шығару үшін банк бөлімшесіне хабарласыңыз.
Halyk Homebank мобильді қосымшасы орнатылған телефон жоғалған жағдайда не істеу керек?
Halyk Homebank қосымшасын пайдалану қауіпсіз. Аккаунтқа кіру үшін сіз телефон нөмірін және бірегей құпиясөзді білуіңіз керек. Halyk Homebank-ке құпиясөз енгізудің 3 дұрыс емес әрекеті жағдайында, аккаунт автоматты түрде бұғатталады.
Егер карта бұғатталған болса, аударым картаға түседі ме?
Бұғатталған картаға аударым, егер толықтыру банк кассасы арқылы жасалған болса, түседі.
Мен картаны қайта тауып алсам/алсам, оның бұғаттауын қалай алып тастайды?
Егер карта Halyk Homebank арқылы бұғатталған болса, сіз оны Halyk Homebank қосымшасында өзіңіз бұғаттан шығара аласыз. Бұл үшін:
* Halyk Homebank ашыңыз
* картаны таңдаңыз
* "Баптаулар" бөліміне өтіңіз
* "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз

Егер сіз бұрын картаны тұрақты бұғаттау қызметін сұратқан жағдайда, картаны бұғаттан шығару үшін банк бөлімшесіне жүгіну талап етіледі.
Менен ақша есептен шығарылды, бірақ мен ондай операция жүргізбеген болсам, не істеу керек?
Бөтен адамдар ақшаны есептен шығарған жағдайда, Halyk Homebank немесе 7111 нөмірі бойынша байланыс орталығы арқылы картаны уақытша бұғаттау қажет.

Halyk Homebank арқылы келесі жолмен картаны уақытша бұғаттай аласыз:

* Halyk Homebank-Те:
Картаны таңдап, "Баптауларға" өтіп, "Уақытша бұғаттауды" қосыңыз.

* Байланыс орталығы арқылы:
Ұялы телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалып, картаны уақытша бұғаттаңыз.

Ақшаны алу себептерін анықтау үшін банктің жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну қажет.
Шығыс операцияларға арналған карта бойынша шектеу қалай қойылады?
Карта бойынша шектеулерді Halyk Homebank-те орнатуға болады:
* қажетті картаны басыңыз
* "Баптаулар" батырмасын басыңыз
* "Карта бойынша лимиттер"/"Жұмсау лимиттері" бөлімінде "Лимиттерді белгілеуді" таңдаңыз
Картаны банкоматта ұмытып кеткенде не істеу керек?
Егер Сізге жедел карта керек болса, Сіз Halyk Bank картасын банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта, бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып қайта шығара аласыз және бірден пайдалана бере аласыз, картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
PIN-кодты Сіз Halyk Homebank қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз ® «Сервистерге» өтіңіз және «PIN код орнату/ауыстыру» батырмасын таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.


Сондай-ақ, Сіз ұсталған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Сіздің қалаңыздағы ұсталған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk Homebank қосымшасында уақытша бұғатты алдын ала алып тастай отырып, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта қалдырған картаны таңдаңыз ® «Баптаулар» бөлімінде "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды, сондай-ақ Байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Homebank Pay (тек Visa карталары үшін), Apple Pay, Samsung Pay карталарына байлаңыз және смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk Homebank қосымшасында мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз және бонустар алыңыз.
- Halyk Homebank-те кез келген картаға және телефон нөмірі бойынша ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз

Егер сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып қалсаңыз: картаны ұмытып кеткен банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.