PIN-кодтар

PIN-кодты қалай орнатуға және картаны қалай қосуға болады?
1. Halyk Homebank қосымшасы арқылы:
* Halyk Homebank бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту "тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
* EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 саны) мәтінімен 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы әрекет ететін ePIN коды бар SMS келеді*
* Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
* Банкоматта "PIN-кодты орнату / өзгерту" бөлімін таңдап, жеке PIN-кодты орнатыңыз
Дайын! PIN-коды орнатылды.

* Егер Сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодты өзгертуге уақытыңыз болмаса, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
* EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 саны) мәтінімен 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып, "Карта бойынша сервис алу" → "Карта бойынша уақытша PIN-код алуды" таңдаңыз.

Картаны іске қосу - күні бойы.
PIN-кодты ұмытып қалсам, не істеуім керек?
1. Егер Сіз қолданыстағы карта бойынша PIN-кодты ұмытып қалсаңыз, Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
* Halyk Homebank бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. PIN-кодты ауыстыру үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматын пайдалануға болады:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
* "PIN кодын орнату/өзгерту"опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Банкомат PIN-кодты сәтті орнатылғаны туралы чек береді.
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
PIN-кодты келесі әдістердің бірімен өзгертуге болады:

1. Halyk Homebank-тегі PIN-кодты өзгерту:
Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk Homebank қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk Homebank бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматындағы PIN-кодты өзгерту:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
* "PIN кодын орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодты сәтті орнатылғаны туралы чек береді.
PIN-кодты енгізуге неше мүмкіндік беріледі?
Қате PIN-кодты енгізу әрекеті - 5 рет, 6-шы рет карта автоматты түрде бұғатталады.
PIN-кодт дұрыс емес енгізгенде не істеу керек?
Қате енгізудің 6 әрекетінен кейін карта автоматты түрде бұғатталады. PIN-кодты енгізу әрекеттерін қалпына келтіруге болады:

Halyk Homebank Арқылы:
Картаны таңдап, Баптаулар тармағына өтіп, PIN енгізу әрекеттерін қалпына келтіру пәрменін таңдаңыз

Байланыс орталығы арқылы:
Ұялы телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаның соңғы 4 санын атаңыз.