Apple Pay

Apple Pay деген не?
Apple смартфондары мен смарт сағаттарының иелері үшін контактісіз төлемдер.
Apple Pay-ді қалай қосады?
Apple Pay қызметін Halyk Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы қосуға болады.

Halyk Homebank қосымшасы арқылы
1. Halyk Homebank қосымшасын ашыңыз
2. Halyk картасын таңдап, жоғарғы оң жақ бұрыштағы" шот туралы мәліметтер" батырмасын басыңыз
3. Төмен қарай айналдырып, "Apple Wallet-ке қосу" батырмасын басыңыз

Apple Wallet қосымшасы арқылы
1. Wallet таңдаңыз және + батырмасын басыңыз
2. "Жалғастыру" батырмасын басып, карта деректерін толтырыңыз
3. Банк немесе карта эмитенті картаны тексергеннен кейін "Келесі"түймесін басыңыз.

Дайын! Енді сіз Apple Pay арқылы сатып ала аласыз.
Apple Pay-ді Halyk Bank-тің қандай карталарына байланыстыра аламын?
Apple Pay Halyk Bank-тің барлық Visa және MasterCard карталарына (корпоративтік карталарды қоспағанда), соның ішінде виртуалды карталарға қосылады.
Apple Pay арқылы қалай төлеуге болады?
Сіз контактісіз төлемдерді қабылдайтын жерде Apple Pay арқылы телефонмен және смарт-сағатпен төлей аласыз.

Телефон және Face ID арқылы төлеу үшін:
* оң жақтағы жоғарғы батырманы екі рет басыңыз. Телефон Сізді автоматты түрде анықтайды
* контактісіз төлемдерді қабылдау функциясы бар телефонды терминалға қосыңыз
* төлем сәтті болған жағдайда, телефон экранда "Дайын/Done"деген жазумен хабардар етеді

Телефон және Touch ID арқылы төлеу үшін:
* Home/Home түймесін екі рет басыңыз, телефон Сізді саусақ ізімен анықтайды
* контактісіз төлемдерді қабылдау функциясы бар телефонды терминалға қосыңыз
* төлем сәтті болған жағдайда, телефон экранда "Дайын/Done"деген жазумен хабардар етеді

Бейне нұсқауларды қараңыз: applepay.kz.
Apple Pay қызметін пайдалану қауіпсіз бе?
Apple Pay транзакцияларын қорғау құрылғының аппараттық және бағдарламалық жасақтамасына енгізілген қауіпсіздік функциялары арқылы қамтамасыз етіледі. Apple Pay жүйесі пайдаланушының жеке деректерін қорғауға арналған. Apple компаниясы Apple Pay-ге қосылған несие, дебеттік немесе алдын ала төленген карталардың бастапқы нөмірлерін сақтамайды және оларға қол жеткізе алмайды.
Apple Pay қандай құрылғыларда жұмыс істейді?
iPhone SE, iPhone 6 және жаңа модельдер немесе Apple Watch. Apple Pay жұмыс істейтін құрылғылардың толық тізімін төмендегі сілтемеден таба аласыз.
Список устройств
Apple Pay-ге қосылу қанша тұрады?
Apple Pay-ге қосылу және одан әрі пайдалану тегін.
Halyk картасын Apple Watch-қа қалай байлауға болады?
Подключить Apple Pay к часам Apple Watch можно через приложение Apple Watch на Вашем смартфоне.
Apple Pay көмегімен қайда төлеуге болады?
Apple Pay және Apple iWatch үйлесімді моделінің көмегімен төлемдер жасауға және сатып алуға болады:
* дүкендерде және төлемдерді (қызметтерді)қабылдайтын басқа да нүктелерде
* көлік жүйелерінде
* онлайн сатып алу.
Apple Pay арқылы жүргізілген операцияның күшін жоюды/қайтаруды қалай орындаймыз?
Apple Pay арқылы жүргізілген төлемнің күшін жою/қайтару үшін:
● телефонда Wallet қосымшасын ашып
● сатушы терминалды қосқан кезде смартфонды терминалға жақындату қажет.
Ақшаның түскенін Сіз Halyk Homebank қосымшасында тексере аласыз.
Apple Pay-ге қанша картаны қосуға болады?
Сіздің телефоныңыздың моделіне байланысты Apple Pay-ге 12 дейін төлем картасын байланыстыра аласыз.
Транзакция қабылданбаған жағдайда, мен бұл туралы хабарлама аламын ба?
Иә, Apple Pay транзакциядан бас тарту туралы ескерту функциясын қолдайды.
Егер өзімнің iPhone-да Apple Wallet картасын өшіріп тастасам, аталған карта Apple Watch құрылғысынан да өшіріле ме?
Жоқ, Нет, iPhone-дағы Apple Wallet картасы өшірілген жағдайда, бұл карта Apple Watch құрылғысынан өшірілмейді, өйткені әрбір құрылғыға карта тәуелсіз қорғалған элемент ретінде қосылады.
Мен Apple Wallet-ке картаны қосуға әрекеттендім, бірақ "Карта қосылған жоқ, эмитентке хабарласыңыз" хабарламасы көрсетіледі. Бұл жағдайда не істеу қажет?
Apple Wallet-ке картаны қосу кезінде қате туралы хабарлама карта жабылған немесе бұғатталған жағдайда көрсетіледі.