"7-20-25" ипотекасы

Кредит бойынша қойылатын талаптар
1. Сыйақы мөлшерлемесі - 7% (СЖТМ 7,2%)
2. Кредит мерзімі - 6 айдан 300 айға дейін
3. Кредиттің ең жоғары сомасы - сатып алынатын тұрғын үйдің нарықтық құнының 80%-дан аспайды
4. Ең төменгі бастапқы жарна - сатып алынатын тұрғын үйдің нарықтық құнының кемінде 20%
5. Комиссиялар жоқ
Кредит бойынша артықшылықтары
Кредит алып, ай сайын пәтер ұтыс ойынына қатысыңыз. Толық ақпарат halykbank.kz сайтында

7-20-25" ипотекасы - тиімді талаптармен жаңа тұрғын үй сатып алудың бірегей мүмкіндігі.
• мөлшерлемесі - 7%
• қарыз мерзімі 25 жылға дейін
• бастапқы жарна 20% бастап
• комиссиялардың болмауы
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
Кредит алуға арналған өтінімді Halyk Bank бөлімшесінде беруге болады.
Карта отделений
Кредиттің нысаналы мақсаты қандай?
Қарыздар бастапқы тұрғын үйді - құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден), құрылыс инвесторынан, жергілікті атқарушы органнан немесе құрылыс салушының, тапсырыс берушінің, құрылыс инвесторының, жергілікті атқарушы органның атынан тұрғын үйді сататын өзге де заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы алғаш рет тіркелетін тұрғын жылжымайтын мүлік объектісін сатып алуға беріледі.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
Сатып алынатын тұрғын үй.
Кепілмен қамтамасыз етудің нарықтық құны қалай анықталады?
Кепілмен қамтамасыз ету құны мына шамалардың ең азы бойынша анықталады:
• тәуелсіз бағалаушы анықтаған құн
• банк анықтаған құнды
• тұрғын үйді сатып алу бойынша мәміле бағасы
Сатып алынатын тұрғын үй құны бойынша шектеулер бар ма?
Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны:
• Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 000 000 теңге
• Қарағанды қаласы үшін 20 000 000 теңге
• Басқа өңірлер үшін 15 000 000 теңге
Кредит алуға өтініш беру үшін қойылатын ең төменгі талаптар қандай?
Қарыз алушыға қойылатын ең төменгі талаптар:
• Қазақстан азаматтығы
• меншікте жылжымайтын мүліктің болмауы
• ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің болмауы
• тек бастапқы тұрғын үйді сатып алу* (Тұрғын үй кешенін таңдау бойынша шектеусіз)
• кепіл беруші тек қарыз алушының өзі бола алады
• Құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) немесе құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін сататын басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы алғаш рет тіркелетін тұрғын жылжымайтын мүлік объектісі

Неғұрлым толық ақпарат Банк бөлімшелерінде қолжетімді.
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредитті өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 60 жасқа дейін болуы керек.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
кемінде 6 ай.
Өтініш берушіге кредит бойынша кіріс бойынша қойылатын талаптар бар ма?
Ия, ең төменгі жиынтық орташа айлық табыс мынадай болуы керек:
• Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін - 150 000 теңге
• барлық қалған қалалар үшін - 100 000 теңге
Кредиттік өтінімді қарау мерзімі қандай?
7 жұмыс күні
7-20-25 ипотекалық бағдарламасы бойынша қандай комиссиялар бар?
Бұл бағдарлама бойынша комиссиялар жоқ.
Кредитті төлемнің жоспарлы күні немесе төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін қалай өтеуге болады?

Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk Homebank мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk Homebank-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Halyk Homebank-те кредитті өтеу сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қолжетімді. Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір қарыз бөлінісінде ғана жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk Homebank-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.