Halyk Info
Шарттарға өзгерістер бекітілгенге және енгізілгенге дейін бүгінгі күні қосарлы заемшы БЗТ есебінен қарызды өшіре алмайды.
Halyk Bank ипотекалық қарызын ішінара немесе мерзімінен бұрын өтеу мақсатында қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Halyk қосымшасында БЗТ алуға онлайн өтінім жібергеннен кейін сізге 2 жұмыс күні ішінде Банк менеджері хабарласады. Банк менеджері рәсім бойынша толық кеңес береді.
Halyk қосымшасында БЗТ алуға онлайн өтінім жібергеннен кейін сізге 2 жұмыс күні ішінде Банк менеджері хабарласады. Банк менеджері рәсім бойынша толық кеңес береді.
Halyk қосымшасында БЗТ алуға онлайн өтінім жібергеннен кейін Сізге 2 жұмыс күні ішінде Банк менеджері хабарласады. Банк менеджері екінші деңгейдегі банктен ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша несие берешегінің қалдығы туралы анықтаманы Банк менеджеріне ұсыну рәсімі және қажеттілігі туралы толық кеңес береді, онда мынадай ақпарат қамтылады:
1) қарыз түрі (ипотекалық тұрғын үй қарызы)
2) несие берешегінің қалдығы
1) қарыз түрі (ипотекалық тұрғын үй қарызы)
2) несие берешегінің қалдығы
Алынған БЗТ сомасы ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті өтеу есебіне жіберілген жағдайда, Halyk Bank қарыздары бойынша комиссиялар алынбайды. Басқа банктің қарызын ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу талаптарымен қарыз алынған Банкке өтініш білдіру қажет.
Арнайы шоттан қаражатты аударуды Банк менеджері клиент растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізеді (басқа Банктің қарызын ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде).
Жеке өтініш жазудың қажеті жоқ. Halyk Bank қарызын өтеу есебіне БЗТ жіберу процесі клиенттің қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Ағымдағы / мерзімі өткен төлемді өтеп, содан кейін ғана БЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінім жіберу қажет.
Halyk Bank ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі сақтала отырып, ай сайынғы төлем мөлшері қысқартылады.
Егер клиент қарызды өз қаражаты есебінен өтегісі келсе, келесі күні Банк бөлімшесінде мерзімінен бұрын өтеу рәсімін стандартты талаптарда немесе қарыз мерзімін қысқартуға қатысты шарттарды өзгерту бойынша іске қоса алады.
Егер клиент қолданыстағы ипотекалық қарызды БЗТ қаражатының есебінен ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу арқылы жүзеге асыратын болса, бұл ретте ипотека БЗТ қаражатын енгізусіз ресімделген болса, онда жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға 5 жыл бойы шектеу қолданылмайды.
1. Нысаналы мақсатқа БЗТ пайдалану клиенттің арнайы шотына түскеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс (БЗТ клиенттің арнайы шотына түскен күні есепке алынбайды);
2. Егер БЗТ 10 жұмыс күні ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда сома уәкілетті оператор белгілеген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мерзімдерде БЖЗҚ-ға қайтаруға жатады.
2. Егер БЗТ 10 жұмыс күні ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда сома уәкілетті оператор белгілеген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мерзімдерде БЖЗҚ-ға қайтаруға жатады.




