Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Сіз кредитті Halyk мобильді қосымшасы арқылы тез әрі ыңғайлы төлей аласыз.
Кредит мерзімін өткізіп алмау және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз.
Ай сайынғы төлемді өтеу үшін:
• Halyk-ті ашыңыз
• Басты бетте "Төлемді өтеу"-ді басыңыз
• Төлемін өтегелі жатқан кредитті таңдаңыз
• "Төлемді өтеу"-ді басыңыз
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдап, төлем сомасын енгізіңіз
• Төлеуді растаңыз
Назар аударыңыз! Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді бір шарт бойынша да, бір үлгідегі бірнеше шарт бойынша да жасауға болады.
2) Егер Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарланған төлемдегі белгіленген сомадан артық ақша салсаңыз, онда қалған ақша Сізге кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін Шарттың алдын ала төленген шотында қалады.
3) Шартты толық өтеген жағдайда, автоматта Шарттың алдын ала төлеу шотындағы артық төленген сома Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
4) Шарт бойынша төлемдер Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы тиіс. Егер Шарт бойынша төлем Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Halyk қосымшасында кепілсіз кредит, онлайн-кредит және тауарлық кредит/бөліп төлеу бойынша комиссиясыз және мораторийсіз мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеуді жүзеге асыруға болады.
1) Halyk-ті ашыңыз
2) Басты мәзірден "Төлемді өтеу" опциясын таңдаңыз
3) Кредит түрін таңдаңыз, содан кейін мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін кредитті таңдаңыз
4) "Мерзімінен бұрын өтеу" опциясын басыңыз
5) Әрі қарай, кредитті мерзімінен бұрын өтеу үшін «Толық» немесе «Ішінара» операция түрін таңдаңыз
6) Ішінара мерзімінен бұрын өтеуді таңдағанда, сіз мерзімді қысқартумен немесе төлем мөлшерін азайту арқылы өтеуді таңдай аласыз.
7) Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
8) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
9) Өз келісіміңізді SMS кодымен растаңыз
10) Тарихқа көшу кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады

Halyk қосымшасында мерзімінен бұрын ішінара өтеу келесі жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алған күні;
• егер кредит бойынша төлемді кейінге қалдыру әрекеті болса;
• жоспарлы төлем демалыс/мереке күндеріне түскен кезде кредит бойынша демалыс және мереке күндері
Жаңартылған төлем кестесі электрондық форматта Halyk мобильді қосымшасының "Кредиттер" бөлімінде қолжетімді.

Мерзімінен бұрын толық өтеу келесі жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алынған күні;
• жоспарлы төлем демалыс/мереке күндеріне түскен кезде кредит бойынша демалыс және мереке күндері
• 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін қолжетімді
• мерзімінен бұрын ішінара өтеудің минималды сомасы – кемінде бір айлық төлем
Ия, депозитті толықтыру үшін Сізге:
• Halyk-ті ашу және "Аударымдар" бөліміне өту керек
• "Өз шоттарыңыз арасынданы" таңдау керек.
• есептен шығару шотын (карталық/ағымдағы шот) және ақша аудару қажет депозитті таңдау керек
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Бұдан әріні" басу керек
Дайын!

Операция жасалған кезде операция жүргізілген сәтте қолданыстағы қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамы қолданылатын болады.
Ия, депозиттен ішінара шешіп алу үшін Сізге:
• Halyk-ті ашу және "Аударымдар" бөліміне өту керек
• "Өз шоттарыңыз арасынданы" таңдау керек.
• ақша аудару қажет депозит пен шотты таңдау керек
• әрі қарай аударым валютасын көрсету керек, бұл ретте Сізге ыңғайлы болу үшін айырбастау бағамы автоматты түрде көрсетіледі
• "Бұдан әріні" басу керек
Дайын!

Операция жасалған кезде операция жүргізілген сәтте қолданыстағы қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамы қолданылатын болады.
Push-хабарлама – Halyk қосымшасы арқылы Банк іске қосқан акциялар мен жаңа сервистер туралы хабар беретін, Банкте ашылған Сіздің шоттарыңыз бойынша барлық операцияларды көрсететін мобильді телефоныңыздағы қалқымалы терезелер.
Хабарландырулар көбінесе экранның жоғарғы жағындағы "перде" тартпасында, сондай-ақ құлыптау экранында пайда болады.
Push-хабарламаларды қосыңыз:
1. Halyk-ті ашып, «Мәзір» бөліміне өтіңіз
2. "Профиль және баптаулар", содан кейін «Хабарландырулар»/«Менің құрылғымды» таңдаңыз
3. Сіздің сенімді нөміріңізге коды бар SMS келеді
4. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
5. «Сенімді құрылғы» өрісінде жаңа қосылған құрылғы көрсетіледі
6. Әрі қарай, артқа оралып, «Хабарламаларды» таңдаңыз
7. «Хабарламалар алу» опциясын таңдап, төменде қажетті опцияларды таңдаңыз

2022 жылғы 1 маусымнан Halyk Bank барлық карталық операциялар жөнінде клиенттерді хабарландыру тәсілін өзгертті. Енді клиент олар туралы Halyk қосымшасынан Push-хабарламалар түрінде білетін болады. Мобильді қосымшада PUSH-хабарландыру қызметі тегін.
Шот/карта/депозит бойынша үзінді көшірмені Сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:
Halyk мобильді қосымшасында
• Шотты/картаны/депозитті таңдаңыз
• Шығару кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз

Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• «Шоттар» бөлімінде шотты таңдаңыз
• «Деректемелер»-ды басыңыз да, IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз
Сондай -ақ, бұл бөлімде сіз аударуға арналған карта деректемелерімен бөлісе аласыз.

Егер сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен шотты таңдап, «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• Картаны таңдаңыз
• «Баптаулар» опциясын басыңыз және IBAN өрісінде шот нөмірін көшіріңіз
Сондай-ақ осы бөлімде сіз карта деректемелерін сұрай аласыз

Егер сіз 20 таңбалы есептік жазбаны ашу туралы хабарлама алғыңыз келсе, «Шоттар» бөлімінде картаны таңдап, оны басыңыз, «Баптаулар» опциясын таңдаңыз, содан кейін «Шот туралы хабарлама» түймесін басыңыз.
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• "Шоттар" бөлімінде шотты таңдаңыз
• "Баптаулар"-ды басыңыз да, IBAN шот нөмірін көшіріп алыңыз

Егер сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен шотты таңдап, «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз.
Ағымдағы шот бойынша 20 таңбалы шот ашылғандығы туралы хабарламаны Сіз онлайн режимінде PDF форматында ала аласыз:
• Halyk қосымшасын ашыңыз
• Картаңызды таңдаңыз
• «Баптаулар» опциясын басыңыз
• Көрсетілген экранда "Шот туралы хабарлама"-ны таңдаңыз

Ағымдағы шот туралы хабарландыру қажет болса, ағымдағы шотты таңдау арқылы «Шот туралы хабарлама» опциясын таңдаңыз. Сондай-ақ, Хабарламаны PDF пішімінде осы жерде бөлісуге болады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде