Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Карта шығарылған сәттен бастап іске қосылады. Виртуалды карта бойынша PIN-код қолданылмайды.
Halyk қосымшасында басты экранда картаны таңдап, "Деректемелер" бөлімін таңдау қажет.
Halyk карталарын мыналар арқылы толтыруға болады:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар
• Halyk арқылы картадан картаға аудару
• Halyk Bank төлем терминалдары арқылы комиссиясыз
• картадан картаға ақша аударуды қолдайтын басқа банктер
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
Банкоматтар, терминалдар немесе аударым арқылы картаны толтыру үшін комиссия - 0 теңге.
Сіз картамен:
* кез келген жерде сатып алу ақысын төлей аласыз
* * Halyk қосымшасына төлемдерді жүзеге асыра аласыз
* картасыз Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-коды бар смартфонмен сатып алу ақысын төлей аласыз
Картадағы қолжетімді сома мен бонустар саны:
* Halyk мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдаңыз
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша "Картадағы қолжетімді сома/Бонустар саны" қызметін сұраңыз және картаның соңғы 4 санын енгізіңіз
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін Сізге Halyk қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет (Сash by code қызметі):
* Halyk қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
* "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
* Алу сомасын және мобильді нөміріңізді енгізіңіз
* SMS арқылы аударымды растаңыз
* Сіз банкоматтан алу үшін қажетті екі SMS-кодты аласыз
* Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін кез келген батырманы басыңыз
* "Код бойынша қолма-қол ақша алуды" таңдаңыз
* Банкоматқа жіберілген соманы және SMS-тен кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
* Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозит қаражаты - 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық - транзакция сомасының 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
* Ең төменгі алу сомасы - 2 000 теңге
* Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
* Код 24 сағат ішінде жарамды
Ия, Сіз Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-төлем арқылы смартфонмен сатып алу үшін төлем жасай аласыз.
Толығырақ арнайы бөлінген бөлімдерден біліңіз.
• 0 теңге - Halyk арқылы Halyk Bank карталары арасында
• Halyk Bank картасынан Halyk арқылы ҚР басқа банкінің картасына 200 теңге*
• Halyk арқылы ҚР басқа банктерінің карталары арасында 200 теңге*
• Halyk Bank картасынан халықаралық карталарға 2 USD (аударым валютасындағы баламасы)
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" қызметі - жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат - 0%; өзге түсімдер – айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден жоғары – транзакция сомасының 1%
• ҚР кез келген банкінің картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы баламасы) минимум - 1% (мин. 2 USD)

* Halyk тіркелмеген пайдаланушылар үшін (немесе басқа банктердің карталары үшін) - 0,85%, мин. 250 теңге, макс. 700 теңге
Иә, смартфонда Halyk қосымшасымен, немесе Halyk-тің веб-нұсқасымен қолданыңыз. Сізге төлемдер мен аударымдар ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операциялар қолжетімді болады: шоттардан/карталардан/депозиттерден алу, толықтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

Halyk мобильдік қосымшасына тіркелу:
1. Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан Halyk қосымшасын жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға ары қарай кіру үшін оған 4-таңбалы санды кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тің барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, тұруға ықтиярхат, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-те тіркелуге уақытша қолжетімсіз.
Паспорт деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелуге қолжетімді.
Қызметтерді онлайн төлеген кезде, сома 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге "бұғатталған" мәртебесіне жетуі мүмкін. Төлем басқа ұйымдардың пайдасына болғандықтан, банк растайтын қаржылық төлем құжатын күтеді. Растауды 15 күнтізбелік күн ішінде алған кезде сома есептен шығарылады және аударылады. Егер растау 15 күн ішінде алынбаған жағдайда, 16-шы күні бұғатталған сома толық көлемде осы төлем жүргізілген картаға қайтарылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
"Карта бойынша үзінді көшірмені сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:
* Halyk веб-нұсқасында
- Қажетті картаны таңдап,"Үзінді көшірмені" басыңыз.
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "PD форматындағы үзінді көшірмені жүктеу" батырмасын басыңыз.

* Halyk мобильді қосымшасында
- Шығару кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз."
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• Картаны таңдаңыз
• «Баптаулар» опциясын басыңыз және IBAN өрісінде шот нөмірін көшіріңіз
Сондай-ақ осы бөлімде сіз карта деректемелерін сұрай аласыз

Егер сіз 20 таңбалы есептік жазбаны ашу туралы хабарлама алғыңыз келсе, «Шоттар» бөлімінде картаны таңдап, оны басыңыз, «Баптаулар» опциясын таңдаңыз, содан кейін «Шот туралы хабарлама» түймесін басыңыз.
Иә, комиссия алынуы мүмкін, өйткені операция DCC ("Валютаны динамикалық айырбастау", Dynamic Currency Conversion) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметтің мәні клиентке оның таңдауы бойынша эмитент Банкі елінің валютасы - қазақстандық теңгемен төлем жасауды ұсыну болып табылады. Бұл жағдайда қосымша айырбастау өтеді, комиссияны эквайер Банкі алады.
Жоқ, бұл жағдайда қосымша комиссиялар алынбайды. Карталық шотты жүргізу валютасы мен төлем валютасы сәйкес келмеген кезде валютаны сатып алу үшін стандартты комиссиялар Банктің бағамы мен тарифтеріне сәйкес алынады. Моновалюталық карталар бойынша ақшаны есептен шығару эквайер Банкінен операция жүргізілгенін растайтын қаржылық құжат түскен сәтте қолданылатын бағам бойынша өтеді.
Картаны жабу үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Halyk қосымшасы - > "Шоттар" бөлімі - > картаны таңдау - > «Параметрлер» / - Түзетулер (сұрау)/ Карта мәліметтері

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде