Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Google Pay — Android смартфондары арқылы Google арқылы сатып алулар үшін жылдам және ыңғайлы төлеуге мүмкіндік беретін қызмет.
• Halyk POS-терминалдарындағы смартфондар және QR арқылы сатып алу үшін бонустар
• интернетсіз жұмыс істейді
• комиссиясыз
• бір рет түрту
• қауіпсіз
• бүкіл әлем бойынша
• Android* OЖ нұсқасындағы құрылғылар Lollipop 5.0-ден ескі емес
• NFC-модулі бар құрылғылар
• Halyk Bank-тен Visa, Mastercard карталарын пайдаланыңыз

* Ерекшелік: Google қызметтерін қолдамайтын Huawei смартфондары
Google Pay қосымшасы арқылы картаңызды тіркеңіз:
Құрылғыңызда Android 5.0 (Lollipop) немесе одан жоғары нұсқасы жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
1. Google Pay қосымшасын жүктеңіз және ашыңыз
2. "Төлем" батырмасын, одан әрі "төлем тәсілдері" бөлімін таңдаңыз
3. Карта деректерін енгізіп, қолдану шарттарыымен танысыңыз
4. Деректерді растаңыз
Дайын! Енді Google Pay арқылы жасаған саудыңыз үшін төлей аласыз

* цифрлық карта бойынша деректемелерді Halyk қосымшасында білуге болады: цифрлық картаны таңдаңыз > «Деректемелер» > Картаның деректемелері > Сіздің сенімді нөміріңізге жіберілген SMS-тың кодын енгізіңіз

МАҢЫЗДЫ! Картаны Gpay қызметіне қосу Halyk жаңа нұсқасында қолжетімді болады.
1. Телефонды ұйқы режимінен шығарып, бұғатта тұрған экранды ашыңыз. Google Pay қосымшасын ашу міндетті емес.
2. Құрылғыны артқы жағымен байланыссыз төлем терминалына жақындатыңыз.
3. Егер төлем сәтті өтсе, телефон экранында көк белгі пайда болады.
4. Кейбір дүкендерде картаның PIN-кодын енгізу қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Маңызды! Құрылғы емес, картаның PIN кодын енгізу керек.
1. “Баптаулар”* мәзіріне өтіп, “Құрылғы туралы” бөлімде Android нұсқасын тексеріңіз (Lollipop 5.0 нұсқасынан ескі болмауы керек).
2. Смартфонның баптауларында “Қосылу” бөлімінде NFC модулінің болуын тексеріңіз. Егер бар болса, смартфон NFC-мен жұмыс істейді.

* Android смартфондарының баптауларында бөлімдер әртүрлі аталуы мүмкін, бастысы: смартфонның баптауында NFC беруді қосыңыз және телефон баптауында Жанасусыз төлем бөлімінде Google Pay-дың таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Google Pay арқылы сатып алуларды қауіпсіз төлеу үшін экран құлпын қосу және орнату қажет.
Android телефонын немесе планшетін қорғау үшін экран құлпын орнатуға болады. Құрылғыны қосқанда немесе ұйқы режимінен оянған кезде, мысалы, PIN кодын, құпия сөзді немесе үлгіні енгізу арқылы экран құлпын ашу қажет болады. Кейбір құрылғылар саусақ ізі құлпын ашуды қолдайды.
Маңызды! Кейбір қадамдарды тек Android 10 және одан кейінгі нұсқалары бар құрылғыларда орындауға болады.
Маңызды! Картаны тек Gpay қолданбасында жоюға болады.

1. GPay қолданбасын ашыңыз
2. Шешетін картаны таңдаңыз
3. Карта мәзірі ашылады, үш нүкте бар түймені басыңыз
4. «Төлем әдісін жою» түймесін басыңыз.
5. Картаны алып тастауды растаңыз

Карта сәтті жойылды.
1. Google Pay негізгі мәзірінде негізгі жасағыңыз келетін картаны таңдап, оны басыңыз.
2. Карта мәзіріне өтіңіз. «Байланыссыз төлем үшін негізгі карта ретінде орнату» түймесін басыңыз.
3. Төлем жасау үшін карта негізгі болып таңдалады.
• Құрылғының орнын өзгертіп көріңіз. NFC антеннасы оның жоғарғы жағында немесе астында орналасуы мүмкін.
• Телефонды терминалға жақындатыңыз.
• Телефонды терминалда әдеттегіден ұзағырақ ұстаңыз.
• Егер құсбелгі пайда болса, бірақ кассирдің айтуы бойынша сатып алу төленбеген болса, дүкен Google Pay арқылы төлемдерді қабылдайтынына көз жеткізіңіз (кассирден сұраңыз).
Клиент бұрын Google Play дүкенінде картамен сатып алған болса, карта деректерін көрсетуге болады.
1. Google Pay қолданбасын ашыңыз
2. Сіз картаны көресіз
3. Қаласаңыз, оны төлемге байланыстыра аласыз
4. Ол үшін қажетті картаны таңдап, «Конфигурациялау» түймесін басыңыз
5. Карта деректерін енгізіп, Қызмет көрсету шарттарын қабылдаңыз
4. Деректерді растаңыз
Дайын! Енді Google Pay арқылы сатып алулар үшін төлей аласыз