Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
"Halyk Bank-тің жаңа клиенттері үшін:
• Halyk қосымшасын Android үшін Google Pay немесе iOS үшін App Store (iPhone) жүктеп алыңыз
• Halyk-ты ашып, "Тіркелу" батырмасын басып, нұсқауларды орындаңыз.
• Басты экранда "Мемлекеттік қызмет" бөлімінде "БЖЗҚ төлемдерін" таңдаңыз
• Өтінімді толтырыңыз:
- мақсатты таңдаңыз
- БЗТ алудың қолжетімді сомасын көрсетіңіз
- төлемдерді жақын туыстарына берген жағдайда - төлемдерді алушының ЖСН, телефон нөмірін көрсетіңіз. Маңызды! Төлемдерді алушы Halyk қосымшасына тіркелуі тиіс
- ашылатын анықтамалықтан өтініш жасау филиалын таңдаңыз және өтініш жасалған қаланы/ елді мекенді көрсетіңіз (егер өтініш жасалған филиалдан өзгеше болса);
• ЭЦҚ арқылы өтінім мен құжаттарға қол қойыңыз
• БЗТ-ға арналған арнайы шот ол болмаған жағдайда автоматты түрде ашылады
• Өтінімді Банк өңдеуге қабылдады
Halyk қосымшасында тіркелген клиенттер үшін:
• Halyk қосымшасын Android үшін Google Play немесе iOS үшін App Store (iPhone) жаңартыңыз
• Halyk қосымшасына кіріңіз
• Басты экранда "Мемлекеттік қызмет" бөлімінде "Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақы" бөлімін таңдаңыз және жоғарыда сипатталған нұсқаулықты пайдаланыңыз
• Өтінімді толтырыңыз:
- мақсатты таңдаңыз
- БЗТ алудың қолжетімді сомасын көрсетіңіз
- төлемдерді жақын туыстарына берген жағдайда - төлемдерді алушының ЖСН, телефон нөмірін көрсетіңіз. Маңызды! Төлемдерді алушы Halyk қосымшасына тіркелуі тиіс
- ашылған анықтамалықтан өтініш жасау филиалын таңдаңыз және өтініш жасалған қаланы/ елді мекенді көрсетіңіз (егер өтініш жасалған филиалдан өзгеше болса);
• ЭЦҚ арқылы өтінім мен құжаттарға қол қойыңыз
• БЗТ-ға арналған арнайы шот ол болмаған жағдайда автоматты түрде ашылады
• Өтінімді Банк өңдеуге қабылдады

Ескертпе:
ЭЦҚ болмаса не қолданылу мерзімі аяқталған кезде немесе клиент бойынша "диджитал" белгісі болмаған кезде - БЗТ алуға өтінім беру үшін клиент тіркеу рәсімінен өтуі қажет. Ол үшін қосымшадан шығыңыз ("Мәзір" бөліміндегі шығу белгішесін басу немесе қосымшаны толығымен жабу), кіру экранында "Тіркелу" түймесін басып, нұсқауларды орындаңыз. Тіркелу кезінде Сізге жеке куәлік қажет болуы мүмкін, оның бар екеніне көз жеткізіңіз.
1. Өз зейнетақыңыздың жинақтарын ішінара алу үшін қолжетімді соманы біліңіз.
2. БЗТ пайдалану мақсатын анықтау (Halyk Bank-те БЗТ пайдалану мақсаттары шеңберінде)
3. БЖЗҚ-дан Halyk қосымшасында БЗТ алуға өтінімді ресімдеу. БЗТ-ға арналған арнайы шот ол болмаған жағдайда автоматты түрде ашылады.
4. Банк менеджерінен қоңырауды 2 жұмыс күні ішінде күту керек.
5. Менеджер сізге келесі әрекеттер туралы хабарлайды.
6. БЗТ алу мақсатына байланысты нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
7. Клиент ұсынған құжаттарды тексергеннен кейін Банк БЖЗҚ-ға өтініш жібереді, БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді Банкке жібереді.
8. Банк БЗТ сомаларын алушының арнайы шотына аударған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде БЗТ-ны мақсатты пайдалануға жібереді.
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, Halyk қосымшасымен бөлімшеге бармай-ақ, Банктің 100% онлайн клиенті бола аласыз. Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн қызметтеріне қол жеткізу үшін Halyk-та толық тіркеуден өту қажет.
Halyk мобильді қосымшасында тіркелу:
1. Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан Halyk қосымшасын жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін оған 4 таңбалы саннан тұратын кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тың барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруына ықтиярхат, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-та тіркелу уақытша қолжетімсіз.
Паспорт деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелуге болады.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін алудың міндетті шарты біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызу үшін арнайы шот ашу болып табылады.
Егер сіз БЗТ есепке жатқызу үшін алдын ала арнайы шот ашпаған болсаңыз, Банк оны БЗТ алуға өтінім беру процесінде автоматты түрде ашады.

БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шоттың ерекшеліктері:
• үшінші тараптардың талаптарынан қорғау;
• арнайы шот ашқаны және жүргізгені, сондай-ақ БЗТ алуға байланысты ақша аударғаны үшін Банк комиссия алмайды;
• осы бағдарламада көзделген мақсаттарға нысаналы пайдаланылуын растағаннан кейін операцияны қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана, сондай-ақ пайдаланылмаған төлемдерді қайтаруға байланысты операцияларды жасау көзделген;
• БЗТ алу мақсатында аударымдарды, төлемдерді, қолма-қол ақшаны алуды, сондай-ақ өзге де операцияларды жасауға тыйым салынады
БЖЗҚ-да Halyk қосымшасында өтінім ресімдеген кезде, Сіз ЭЦҚ кілтімен электрондық форматта келесі құжаттарға қол қоясыз:
• БЗТ-ға өтініш;
• ЖТС ұстап қалу туралы өтініш;
• Арнайы шот ашу туралы өтініш;
• БЗТ-ны басқаға беру туралы келісім (егер өтініш беруші, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары тұлғасында, алушыға БЗТ-ны басқаға берген жағдайда талап етіледі);
• Клиенттің ЭЦҚ.
"БЗТ алуға өтінім жібергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде:
- не себебін көрсете отырып, БЖЗҚ-дан бас тарту келеді. БЗТ төлеуден бас тартылған жағдайда, Банк Сізге хабарлама және бас тарту себебін жібереді.
- немесе егер БЗТ төлемі БЖЗҚ-да мақұлданса, сома арнайы шотқа түседі, ол туралы Сізге соманы есепке жатқызу туралы Банктен хабарлама келіп түседі."
1. БЗТ-ны нысаналы мақсатқа пайдалану клиенттің арнайы шотына түскеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылуы тиіс (БЗТ-ның клиенттің арнайы шотына түскен күні есепке алынбайды);
2. Егер БЗТ 10 жұмыс күні ішінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаса, онда сома уәкілетті оператор белгілеген және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мерзімдерде БЖЗҚ-ға қайтаруға жатады.
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын алу туралы өтініштерін қабылдамаудың бес негізгі себебі және оларды жою бойынша ұсыныстар.
Уәкілетті операторлардан келіп түсетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінімдерді талдау нәтижесінде мынадай негізгі себептерді бөліп көрсетуге және оларды жою мен алдағы уақытта болдырмау жөнінде кеңестер беруге болады.
1. Клиенттің өтінімінде алу үшін, оның ішінде бар зейнетақы жинақтарынан асатын қате сома көрсетілген.
Ұсыным: қолжетімді сома туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты тексеру (enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте, БЖЗҚ мобильді қосымшасында, egov.kz порталында) тікелей БЗТ алуға өтінім беру алдында жүзеге асырылады. Клиент БЗТ алуға арналған өтінімде соманы үтірсіз көрсетуі, сондай-ақ инвестициялық табыстың өзгеруін ескеруі қажет (БЖЗҚ бас тартпауы үшін 5-10 мың теңге соманы БЖЗҚ-да қалдыру қажет).
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдаған кезде алу сомасы дұрыс көрсетілмеген.
Ұсыным: жинақтарды мақсатты алу кезінде салымшы ЖТС төлеудің екі тәсілінің бірін таңдауға құқылы. Бірінші тәсіл - ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды пайдалану және зейнеткерлікке шыққаннан кейін 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен ЖТС төлеу (БЖЗҚ-дан белгіленген зейнетақы төлемдерінің кестесі бойынша). Екінші тәсіл - салықты бірден БЗТ кезінде төлеу. БЗТ төлеу тәсілі өтінімді Halyk қосымшасында берген кезде көрсетіледі.
Егер клиент ЖТС төлеу мерзімін кейінге қалдыруды пайдаланғысы келсе, онда ЖТС шегерусіз алу үшін соманы көрсету қажет.
Егер клиент ЖТС төлемін толық көлемде бірден төлеуді ұйғарса, онда ол 10% мөлшеріндегі ЖТС шегере отырып, алу үшін соманы көрсетуі тиіс.
Екі сома да ыңғайлы болуы және өз бетінше таңдауы үшін БЖЗҚ ұсынған үзінді көшірмеде көрсетілген. Клиент көрсеткен алу сомасы БЖЗҚ-дан Halyk Bank-те ашылған оның арнайы шотына аударылады.
3. Өтінімде ең аз жеткіліктілік шегін есепке алмай, алуға сұратылатын сома көрсетілген (мысалы, жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы көрсетілген).
Ұсыным: өтініште алу үшін қолжетімді және салымшы БЖЗҚ-дан алған үзінді көшірмеде көрсетілген сома шегіндегі соманы көрсету керек.
4. Өтінімде валюта бағамдарының өзгеруі немесе зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының құны нәтижесінде инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермейтін өзекті емес сома көрсетілген.
Ұсыным: біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтінім берер алдында тікелей өзінің зейнетақы жинақтары туралы өзекті ақпаратты, оның ішінде қолжетімді сома туралы мәліметтерді тексеру.
5. Салымшы қайталама, қайталанатын өтінімдер берді.
Ұсыным: күте тұрыңыз. Заңнамаға сәйкес БЖЗҚ-ға БЗТ алу туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ БЗТ сомасын кейіннен салымшының (алушының) арнайы шотына есепке жатқызу үшін аударады.

Егер клиентке бас тарту себебін көрсете отырып, төлемді аударудан бас тарту туралы электрондық хабарлама келмесе, онда салымшы жинақ сомасын оның арнайы шотына аудару күні басталғанға дейін 5 жұмыс күнін күтуі және қайтадан өтініш бермеуі тиіс.
Кезең сіз БЗТ мақсатты пайдаланылуын қаншалықты тез растай алатындығыңызға байланысты болады.
БЖЗҚ-да жеткіліктілік шегінен асатын сома болған кезде оны пайдалануға өтініш шексіз рет берілуі мүмкін. Егер қандай да бір себептермен БЗТ алу өтінішін қанағаттандырудан бас тартылса, онда бас тарту себебін жойып, Halyk Bank-ке қайтадан өтініш беруге болады. Егер салымшы өз жинақтарын әртүрлі мақсатқа пайдаланғысы келсе, онда осы мақсаттарға жекелеген өтініштерді алуға болатын сома шегінде беруге болады.

Мысалы, Сіздің 2 ипотекалық тұрғын үй қарызыңыз бар және сіз оларды ішінара және/немесе толық мерзімінен бұрын өтегіңіз келсе, сізге БЗТ алуға 2 өтінім жіберу қажет.
Иә, төлемдерді алуға өтінім жіберген кезде, Сізге автоматты түрде БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шот ашылады (егер Сіз БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз). Арнайы шот үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалған және БЖЗҚ-дан БЗТ-ны есепке жатқызу үшін ғана қарастырылған.
Арнайы шотқа есепке жатқызғаны үшін, төлемдерді арнайы шоттан көзделген мақсаттарға аударумен байланысты ақша аударғаны үшін арнайы шот бойынша комиссия және өзге де комиссиялар көзделмеген.
Сонымен қатар, арнайы шот бойынша операциялар осы бағдарламада көзделген мақсаттарға мақсатты пайдаланылғаны расталғаннан кейін, сондай-ақ пайдаланылмаған төлемдерді қайтаруға байланысты операциялар қолма-қол ақшасыз тәртіппен ғана жүзеге асырылатынына назар аударуыңызды сұраймыз. Осылайша, қолма-қол ақшаны алу мүмкін емес.
Иә, ресімдей аласыз. Halyk Bank-те төлемдерді алуға өтінім жіберген кезде, Сізге автоматты түрде БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шот ашылады (егер Сіз БЗТ есепке жатқызу үшін арнайы шотты алдын ала ашпаған болсаңыз). Қаражат Halyk Bank-тегі арнайы шотқа түседі.
Сізге Halyk қосымшасын Android үшін Google Play-де немесе iOS үшін (iPhone) App Store-да соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет.
БЖЗҚ БЗТ төлеу туралы шешімді Банк менеджері өтінімді БЖЗҚ-ға қарауға жібергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылдайды. БЖЗҚ тарапынан жауап алған жағдайда, Сізге сенім білдірілген нөміріңізге SMS-хабарлама жіберіледі.
Төлемдерді алушы бір шарт шеңберінде тұрғын үйді және (немесе) жөндеу жүргізе отырып, тұрғын үйді сатып алуға ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны енгізу арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарына пайдалана алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер Сіз ипотекалық тұрғын үй қарызын алуды жоспарламасаңыз, онда жөндеу жүргізу үшін БЗТ ала алмайсыз.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларында БЗТ-ны алу кезеңі бойынша шектеулер белгіленбеген. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасын Сіз кез келген уақытта БЗТ пайдалану бағдарламасында көзделген мақсаттарға толық немесе ішінара ала аласыз.
Жоқ, осы шот бойынша ақша аударымдарын, төлемдерді жасауға, қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ БЗТ алу мақсатымен байланысы жоқ өзге де операцияларды жасауға тыйым салынады.
Жоғарыда көрсетілген операцияларды жасау кезінде осы шот Halyk қосымшасында көрсетілмейтінін қосымша атап өтеміз.
Арнайы шотты ашу/жабу шарттарын әрбір уәкілетті оператор дербес айқындайды. Halyk Bank-те арнайы шот ашқан кезде, Сіз келесі жағдайларда арнайы шотты жабуға рұқсат бересіз:
• БЗТ нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғаннан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мерзімде БЗТ қалдығы БЖЗҚ-ға қайтарылғаннан кейін 3 (үш) ай ішінде ақша болмаған кезде;
• БЗТ сомасы осы шотқа 3 (үш) ай ішінде түспеген жағдайда.
БЗТ-ны есепке алуға арналған арнайы шот тек БЗТ төлемдерін пайдалануға арналған. Басқа мақсаттар үшін Сіз бұл шотты пайдалана алмайсыз.
ЖТС бойынша жеңілдіктері бар өтініш берушілер, барлық басқа өтініш берушілер сияқты ЖТС ұстап қалу тәсілін таңдау қажет.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде