Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
1. Halyk қосымшасы арқылы:
• Halyk қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "PIN-код" бөліміне өтіңіз
• "PIN-код орнату/ауыстыру" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодты ауыстыратыныңызды растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны салып, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
• EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
• Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы жарамды болатын ePIN коды бар SMS келеді*
• Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
• Банкоматта "PIN-код орнату/ауыстыру" бөлімін таңдап, өз PIN-кодыңызды орнатыңыз
Дайын! PIN коды орнатылды.

• Егер Сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодқа өзгертіп үлгермесеңіз, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
• SMS арқылы: EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
• Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау соғыңыз және «Карта бойынша қызмет көрсету» - «Карта бойынша уақытша PIN код алу»-ды таңдаңыз
Сіз PIN-кодты келесі тәсілдердің бірімен ауыстыра аласыз:

1. Halyk-та PIN-кодты өзгерту:
Егер PIN-код есіңізде болмаса немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk қосымшасын пайдаланыңыз:
• Halyk-ты ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "PIN-код" бөліміне өтіңіз
• "PIN-код орнату/ауыстыру" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодты ауыстыратыныңызды растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны салып, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматында PIN-кодты өзгерту:
• Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
• "PIN-код орнату/ауыстыру" опциясын таңдаңыз
• Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
• Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодтың сәтті орнатылғаны туралы чек береді.
Сенімді нөмір - бұл Сіздің тіркелген мобильді нөміріңіз, ол Halyk-тағы логин болып табылады, SMS хабарламалар мен байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде қызметтерді алу үшін пайдаланылады.
Ұялы телефон нөміріңіз Halyk Bank-те тіркелмеген болса немесе өзгерген болса, оны орнату қажет.
Сенімді нөмірді орнату және ауыстыру:
1) Halyk қосымшасында (жеке басын куәландыратын бейне растау арқылы толық тіркелгеннен кейін);
2) банк бөлімшесінде;
3) Банк бөлімшесінен тыс орналасқан Halyk Bank банкоматтарында:
• картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз
• "Қосымша қызметтер", содан кейін "Сенімді нөмір" опциясын таңдаңыз
• телефон нөміріңізді енгізіп, "Жалғастыру" батырмасын басыңыз
• сіздің сенімді нөміріңізге SMS келеді
• SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
Halyk карталарын мыналар арқылы толтыруға болады:
• Cash-In функциясы бар банкоматтар
• Halyk арқылы картадан картаға аудару
• Halyk Bank төлем терминалдары арқылы комиссиясыз
• картадан картаға ақша аударуды қолдайтын басқа банктер
• банк бөлімшелеріндегі кассалар арқылы
Банкоматтар, терминалдар немесе аударым арқылы картаны толтыру үшін комиссия - 0 теңге.
Сіз картамен:
• кез келген жерде сатып алу ақысын төлей аласыз
• Halyk қосымшасында төлемдерді жүзеге асыра аласыз
• сатып алуларды картасыз Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-кодымен смартфон арқылы төлей аласыз
Картадағы бонустардың қолжетімді сомасы мен санын былайша білуге болады:
* Halyk мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдаңыз
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша "Картадағы қолжетімді сома/Бонустар саны" қызметін сұраңыз және картаның соңғы 4 санын енгізіңіз
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін Сізге Halyk қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет (Сash by code қызметі):
• Halyk қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алу сомасын және мобильді нөміріңізді енгізіңіз
• SMS арқылы аударымды растаңыз
• Сіз банкоматтан алу үшін қажетті екі SMS-кодты аласыз
• Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алу үшін кез келген батырманы басыңыз
• "Код бойынша қолма-қол ақша алуды" таңдаңыз
• Банкоматқа жіберілген соманы және SMS-тен кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозит қаражаты - 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық - транзакция сомасының 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең көп ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең көп сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1 200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Алуға болатын ең аз сома - 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамды
NFC функциясын қолдайтын Halyk Bank банкоматтары арқылы қолма-қол ақшаны бір рет басып алуға болады.

Артықшылықтары:
• Сенімділік - картаның банкоматтарда қалып қалу қаупі жоқ
• Ыңғайлылық - смартфонды немесе картаны оқитын құрылғыға жақындату жеткілікті

NFC технологиясын қалай пайдалануға болады:
• NFC функциясын қолдайтын смартфонды алып, осы опцияны қосыңыз немесе пластик картаны алыңыз
• Банкомат NFC функциясын қолдайтынын тексеріңіз
• Смартфонды немесе картаны жақындатып, PIN-код енгізіңіз

NFC функциясын қолдайтын Halyk Bank-тің банкоматтарында қандай операцияларды жүргізуге болады:
• VISA, Mastercard карталары - PIN кодты ауыстырудан басқа барлық операциялар
• VISA картасымен байланыстырылған смартфондар - қолма-қол ақшаны алу және балансты тексеру

Егер Сіздің картаңыздың PIN коды болмаса немесе оны ұмытып қалсаңыз, картаға PIN-кодты орнатыңыз:
• Halyk қосымшасында PIN-кодты орнатыңыз
• Halyk-ты ашып, негізгі экранда қажетті картаны таңдаңыз
• "PIN-код" бөліміне өтіңіз
• "PIN-код орнату/ауыстыру" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодты ауыстыратыныңызды растаңыз
Иә, Сіз сауда ақысын Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және QR-төлем арқылы картасыз, смартфонмен төлей аласыз.
Арнайы бөлімдерде толығырақ танысыңыз.
• 0 теңге - Halyk арқылы Halyk Bank карталары арасында
• Halyk Bank картасынан Halyk арқылы ҚР басқа банкінің картасына 200 теңге*
• Halyk арқылы ҚР басқа банктерінің карталары арасында 200 теңге*
• Halyk Bank картасынан халықаралық карталарға 2 USD (аударым валютасындағы баламасы)
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" қызметі
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат - 0%;
- өзге түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден жоғары – транзакция сомасының 1%
• Halyk Bank банкоматтарында ҚР кез келген банкінің картасынан халықаралық карталарға (аударым валютасындағы баламасы) минимум - 1% (мин. 2 USD)
• VISA және Master Card карталарын пайдалана отырып, ҚР басқа банктерінің қосымшалары арқылы Halyk Bank карталарынан аударымдар – 0,95% (мин 150 теңге)

* Halyk-та тіркелмеген пайдаланушылар үшін (немесе басқа банктердің карталары үшін) - 0,85%, мин. 250 теңге, макс. 700 теңге
Карталар арасындағы аударымдар (Visa немесе MasterCard бір төлем жүйесі шеңберінде):
• ҚР кез келген басқа банкінің картасынан Halyk Bank картасына - 0 теңге
• Банк картасынан ҚР кез келген басқа банк картасына - 1% + 200 теңге
• ҚР басқа банкінің карталары арасында - 1% + 200 теңге
• шетелдік банк картасының қатысуымен аударымдар - 1% + 2 USD

Halyk Bank/Агент банк/Серіктес банк карталары арасында Card2Card аударымдары*:
• Агент банктің картасынан Банктің/Агент банктің картасына - 150 теңге
• Банк картасынан Агент банктің картасына - 150 теңге

* Агент банктердің және Серіктес банктердің тізімімен Банк сайтының "Тарифтер" бөлімінде (процессингтік қызметтерді пайдаланатын банктердің тізімі) танысыңыз.
1. Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, басқа да төлемдерді төлеу жөнінде жасалған шарт бойынша карт-шотқа түскен ақша - шартқа сәйкес;

2. Банк пен заңды тұлға арасында жасалған шартсыз карт-шотқа түскен қолма-қол ақшаны (басқа да түсімдер) бергені үшін келесі мөлшерде комиссия ұсталады:
• теңгемен – 1% комиссия ұсталады, айына 300 000 теңгеге дейінгі лимит шеңберінде – 0 теңге;
• валютамен – 1% комиссия ұсталады, айына 300 000 теңгеге дейінгі лимит шеңберінде – 0 теңге;
Дебеттік карталар бойынша комиссия 0,9% + 50 теңгені, кредиттік карталар бойынша - 3% (мин. 550 теңге) құрайды.
Егер Сізге карта жедел керек болса, Сіз Halyk картасын онлайн режимінде банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта, бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып қайта шығара аласыз және бірден пайдалана бере аласыз, картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
PIN-кодты Сіз Halyk қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз, әрі қарай «PIN-код» батырмасын және «PIN-код орнату/ауыстыру» батырмасын таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk-тың кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

Сондай-ақ, Сіз банкоматта ұмытылған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Өз қалаңыздағы банкоматта ұмытылған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk қосымшасында уақытша бұғатты алдын ала алып тастай отырып, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта қалдырған картаны таңдаңыз, «Баптаулар» бөлімінде "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды, сондай-ақ Байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay-ге байланыстырыңыз және смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk қосымшасында мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз.
- Halyk-та кез келген картаға және телефон нөмірі бойынша ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз

Егер сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып кетсеңіз: картаны ұмытып кеткен банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Бөлімшелер картасы
Иә, смартфонда Halyk қосымшасын пайдаланыңыз. Сізге төлемдер мен аударымдар ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операция қолжетімді болады: ақша алу, шоттарды/карталарды/депозиттерді толтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

Halyk мобильді қосымшасында тіркелу:
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін оған 4 таңбалы саннан тұратын кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тың барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.
Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-та тіркелу уақытша қолжетімсіз.

Төлқұжат деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелу қолжетімді.
Қызметтерді онлайн төлеген кезде, сома 15 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге "бұғатталған" күйінде болуы мүмкін. Төлем басқа ұйымдардың пайдасына болғандықтан, Банк растайтын қаржылық төлем құжатын күтеді. Растауды 15 күнтізбелік күн ішінде алған кезде сома есептен шығарылады және аударылады. Егер растау 15 күн ішінде алынбаған жағдайда, 16-шы күні бұғатталған сома толық көлемде осы төлем жүргізілген картаға қайтарылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда бірыңғай байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Карта бойынша үзінді көшірмені сіз PDF форматында онлайн ала аласыз:
* Halyk веб-нұсқасында
- Қажетті картаны таңдап, "Үзінді көшірмені" басыңыз.
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, "Үзінді көшірмені PDF форматында жүктеу" батырмасын басыңыз.

* Halyk мобильді қосымшасында
- Үзінді көшірме кезеңін таңдап, PDF белгішесін басыңыз
Мөр басылған үзінді көшірмені алу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Өз шотыңыздың нөмірін/IBAN-ды Halyk қосымшасында білуге болады:
• Өз картаңызды таңдаңыз
• «Деректемелер» опциясын басыңыз да, IBAN жолындағы шот нөмірін көшіріп алыңыз
Сондай -ақ, бұл бөлімде Сіз аударуға арналған карта деректемелерін бөлісе аласыз.

Егер Сізге 20 таңбалы шотты ашу туралы хабарлама қажет болса, «Шоттар» бөлімінен картаны таңдап, басыңыз, әрі қарай «Шот туралы хабарлама» батырмасын басыңыз
Ресейден басқа, шетелде жүзеге асырылатын карта операциялары бойынша айырбастау (сатып алу, төлемдер, қолма-қол ақша алу):
Егер карта операциясы шетелде АҚШ доллары, еуро, Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі валюталарынан басқа валютада жүзеге асырылса, онда карта операциясының сомасын халықаралық төлем жүйелері, мысалы, Visa және MasterCard (бұдан әрі - ХТЖ), осы карта операциясын жүзеге асыру күні тиісті ХТЖ белгілеген бағам бойынша АҚШ долларына айырбастайды. Содан кейін карта операциясы бойынша төлем құжатын алғаннан кейін, егер карта шоты теңгеде болса, Банк белгіленген соманы қолма-қол ақшасыз валютаны сатып алу/сату бойынша Банк төлем құжатын алған кезде белгілеген ағымдағы бағам бойынша АҚШ долларына айырбастайды.
Ресейден басқа, шетелде жүзеге асырылатын карта операциялары бойынша айырбастау (сатып алу, төлемдер, қолма-қол ақша алу):
Клиенттің картасы теңгемен болып, клиент түрік лирасымен төлем жасауды/қолма-қол ақша алуды жүзеге асырса:
1) ХТЖ өзінің ішкі бағамы бойынша соманы түрік лирасынан АҚШ долларына айырбастайды;
2) ХТЖ Банкке АҚШ долларына айырбасталған сома түрінде сұрау жібереді;
3) Банк АҚШ долларын қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша АҚШ долларын теңгеге айырбастайды және клиенттің картасы бойынша транзакция сомасын бұғаттайды;
4) Карта операциясын жасау фактісі бойынша ХТЖ Банкке өзара есеп айырысуға төлем құжатын жібереді;
5) Банк есептен шығару кезіндегі АҚШ долларын қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша теңгелік картадан операция сомасын есептен шығарады. Назар аударыңыз, бұғаттау сомасы мен шоттан ақшаны есептен шығару сомасы, егер ХТЖ-дан төлем құжаты соманы сұраған және Банктегі айырбастау бағамы өзгерген күннен кеш келсе, әртүрлі болуы мүмкін.

*ХТЖ - халықаралық төлем жүйесі (мысалы, Visa, MasterCard)
Ресейден басқа, шетелде жүзеге асырылатын карта операциялары бойынша айырбастау (сатып алу, төлемдер, қолма-қол ақша алу):
Клиенттің картасы теңгемен болып, клиент Еуропада еуромен төлем жасап/қолма-қол ақша алуды жүзеге асырса:
1) ХТЖ Банкке еурода сұрау жібереді;
2) Банк еуроны қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша еуроны теңгеге айырбастайды және клиенттің картасы бойынша транзакция сомасын бұғаттайды;
3) ХТЖ карта операциясының жасалу фактісі бойынша Банкке өзара есеп айырысуға төлем құжатын жібереді;
4) Банк есептен шығару кезіндегі еуроны қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша теңгелік картадан транзакция сомасын есептен шығарады. Назар аударыңыз, егер ХТЖ-дан төлем құжаты сұрау салу және Банктегі айырбас бағамы өзгерген күннен кеш келсе, бұғаттау сомасы мен шоттан есептен шығару сомасы әртүрлі болуы мүмкін.

*ХТЖ - халықаралық төлем жүйесі (мысалы, Visa, MasterCard)
Егер клиент шетелдік сайтта төлем жасаса және сатып алу сомасы теңгемен көрсетілсе:
Төлем жасау кезінде Банк ХТЖ-дан* шетел валютасын есептен шығару үшін төлем құжаттарын алады. Карта операциясы бойынша төлем құжаты түскен кезде, егер карта шоты теңгемен жүргізілсе, Банк төлем құжаты түскен сәтте белгілеген қолма-қол ақшасыз валюта сатып алу/сату бағамы бойынша алынатын соманы АҚШ долларына айырбастайды. Осыған байланысты, теңгелік карталардан жасалған сатып алу төлемдері қолма-қол ақшасыз валюта сатудың ағымдағы бағамы бойынша айырбастауды ескере отырып жүзеге асырылады.

Егер клиент шетелдік сайтта төлем жасаса (РФ қоспағанда) және сатып алу сомасы рубльмен көрсетілсе. Төлемді жүзеге асыру кезінде Банк АҚШ долларымен есептен шығару үшін ХТЖ-дан төлем құжаттарын алады (жоғарыда толығырақ айырбастау тәртібін қараңыз). Осыған байланысты сатып алуды төлеу үшін теңге немесе рубль карталарынан ақшаны есептен шығару АҚШ долларын қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша айырбастауды ескере отырып жүзеге асырылады.

*ХТЖ - халықаралық төлем жүйесі (мысалы, Visa, MasterCard)
Назар аударыңыз! 09.03.2022 бастап Visa және MasterCard ХТЖ-лары Ресейде карта операцияларын жүргізуді тоқтатты. Осыған байланысты Ресейде Visa және MasterCard карталарымен операциялар жүргізілмейді.
Қазіргі уақытта Банк құрылғыларында (POS-терминалдар, АТМ) "МИР" карталарына қызмет көрсету мүмкін емес.
UnionPay карталарымен карта операциялары әдеттегідей жүзеге асырылады. Ресейлік банктердің банкоматтарында қолма-қол ақша алу және санкцияланған банктерде Банк карталарымен басқа да карта операциялары мүмкін емес.
Клиентте теңгелік карта болып, клиент РФ аумағында рубльмен төлем жасап/қолма-қол ақша алса:
1) ХТЖ (тек UnionPay үшін қолжетімді) өзінің ішкі бағамы бойынша соманы рубльден АҚШ долларына айырбастайды;
2) ХТЖ Банкке АҚШ долларымен айырбасталған сома түрінде сұрау жібереді;
3) Банк АҚШ долларын қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша АҚШ долларын теңгеге айырбастайды және клиенттің картасы бойынша операция сомасын бұғаттайды;
4) ХТЖ карта операциясын жасау фактісі бойынша Банкке өзара есеп айырысуға төлем құжатын жібереді;
5) Банк есептен шығару кезіндегі АҚШ долларын қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша теңгелік картадан операция сомасын есептен шығарады. Назар аударыңыз, бұғаттау сомасы мен шоттан ақшаны есептен шығару сомасы, егер ХТЖ төлем құжаты соманы сұраған және Банктегі айырбастау бағамы өзгерген күннен кеш келсе, әртүрлі болуы мүмкін.

Егер клиент ресейлік сайтта төлем жасаса және сатып алу сомасы теңгемен көрсетілсе:
Төлем жасау кезінде Банк шетел валютасын есептен шығару үшін ХТЖ-дан төлем құжаттарын алады (жоғарыда сұрақ-жауаптарда толығырақ айырбастау тәртібін қараңыз). Осыған байланысты теңгелік карталардан сатып алу төлеміне ақшаны есептен шығару валютаны қолма-қол ақшасыз сатудың ағымдағы бағамы бойынша айырбастауды ескере отырып жүзеге асырылады.
Карта операциялары бойынша валютаны қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бағамын Банк күн сайын белгілейді және Банктің www.halykbank.kz электрондық мекенжайы бойынша веб-сайтында орналастырылады.
Сондай-ақ аударым жасау кезінде Halyk қосымшасының Аударымдар бөлімінде айырбастау бағамын көруге болады.
Назар аударыңыз! Клиенттердің шоттарына ресей рублінде қолма-қол ақшаны қабылдау тарифі белгіленді (ағымдағы шоттар үшін 08 мамырдан бастап, карталар үшін 21 мамырдан бастап).

2022 жылғы 8 мамырдан бастап Halyk Bank-тің ресей рублімен касса операциялары (қолма-қол ақша қабылдау, Банк бөлімшелерінде жөнелтушінің немесе басқа жеке тұлғаның ағымдағы шотына аудару) комиссиясы операция сомасының 15% мөлшерінде, бірақ кемінде 10 000 теңге болып белгіленді. Теңгемен, доллармен және еуродағы операциялар бойынша комиссия бұрынғы деңгейде қалды – 0 теңге.
Тарифтердің қайта қаралуына Қазақстан Республикасының валютаны шығаруға қатысты заңнамасының шектеулері себеп болды.
Иә, Halyk Bonus карталары үшін қосымша карталарды ашуға болады, Halyk қосымшасы арқылы өтініш беріңіз.
Қосымша карта - Карта шотына Карта шотының иесіне емес (Карт-шот иесінің отбасы мүшелеріне және т.б.) немесе Карта шотының иесіне қызметтер топтамасының аясында шығарылатын карта.
Негізгі картаны 14 жастан бастап ашуға болады.
Негізгі картаға қосымша картаны кез келген жаста ашуға болады.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған резидентке карта ашу үшін:
* мәміле жасау үшін екі ата-ананың/заңды өкілдің келісімін беруі, туу туралы куәлік/төлқұжат + кәмелетке толмаған баланың ЖСН және ата-ананың/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынуы қажет. Бұл жағдайда өтінішке кәмелетке толмаған адамның өзі қол қояды.
* ата-аналардың/заңды өкілдердің бірінің өтініші, туу туралы куәлік/төлқұжат + кәмелетке толмаған баланың ЖСН және ата-ананың/заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну қажет. Бұл жағдайда картаны ашып, құжаттарға ата-ананың / заңды өкілдің өзі қол қояды.
14 жастан асқан кәмелетке толмаған резидентке төлқұжат немесе жеке куәлігі болған жағдайда карта ашу үшін ата-анасының болуы талап етілмейді.
Иә, комиссия алынуы мүмкін, өйткені операция DCC ("Валютаны динамикалық айырбастау", Dynamic Currency Conversion) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметтің мәні клиентке оның таңдауы бойынша эмитент Банкі елінің валютасы - қазақстандық теңгемен төлем жүргізу/қолма-қол ақша алуды ұсыну болып табылады. Бұл жағдайда қосымша айырбастау өтеді, комиссияны эквайер Банк алады.
Жоқ, бұл жағдайда қосымша комиссиялар алынбайды. Карта шотын жүргізу валютасы мен төлем валютасы сәйкес келмеген кезде валютаны сатып алу үшін стандартты комиссиялар және Банктің бағамы мен тарифтеріне сәйкес шетелде қолма-қол ақша алғаны үшін комиссиялар алынады. Моновалюталық карталар бойынша ақшаны есептен шығару эквайер Банктен операция жүргізілгенін растайтын қаржылық құжат түскен сәтте қолданылатын бағам бойынша өтеді. Мультивалюталық карталар бойынша - картадағы шоттар арасында қаражат жинау сәтіндегі бағам қолданылады.
Картаны жабу үшін Банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Жаныңызда жеке басты куәландыратын құжат болуы қажет.
Қазақстан Республикасынан шыққан кезде төмендегі сілтеме бойынша фродо-қауіпті мемлекеттер тізімімен (карта бойынша алаяқтық қаупі жоғары елдер) танысу қажет.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде