Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Сондай-ақ Сіз жеке куәлігіңізді ұмытып кетсеңіз, жеке куәлік түпнұсқасын ұсынбай-ақ, жеке басын куәландыратын цифрлық құжат негізінде шотты ашуға мүмкіндігіңіз бар. Цифрлық құжатты қалай алуға болады:
1. eGov mobile қосымшасын ашыңыз
2. «Сервистер» бөлімінде "Цифрлық құжаттар"-ды басыңыз
3. 2 жолмен авторизация өтуге болады: • ЭЦҚ паролін теру арқылы немесе
• SMS арқылы (Клиенттің ЖСН-ін тергеннен және телефон нөмірін енгізгеннен кейін телефон нөміріне 5 таңбалық код келеді)
4.Құжаттар бөлімінен "Жеке куәлік"-ті таңдау және "Құжатқа қол жеткізуді ашу" батырмасын басыңыз
5. Менеджерге экранда көрсетілетін қысқаша кодты хабарлаңыз

Сенімхат бойынша шот аша аласыз,тек ол үшін сенімхатта осы мүмкіндікке қатысты барлық тиісті өкілеттіктер жазулы болуы керек.
Жаңа клиент – ҚР-да тұруға ықтиярхаты жоқ шетел азаматы* Банкте шот/депозит ашу үшін алғашқы өтініш жасаған кезде мұндай клиентке қызмет көрсету тек жеке өтінішпен және тек Банк бөлімшесінде ғана жүзеге асырылады*. Шетел азаматтары болып табылатын клиенттердің сенімхаты бойынша шоттар ашылмайды!
* Назар аударыңыз! Шет мемлекеттердің азаматтарына шетелдік паспорт бойынша Halyk қосымшасында онлайн шот ашуға болмайды. Шот ашу үшін Банк бөлімшесіне бару қажет.
ҚР заңнамасында болған өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының резиденті емес бір клиентке шығарылатын карталардың саны шектеулі – қолданылу мерзімі 12 ай болатын 1 (бір) картадан артық емес.

Шетел азаматтарына ағымдағы шот ашу* мынадай түрде жүзеге асырылады:
1. Егер сізде ҚР тұруға ықтиярхаты болса – ҚР-да тұруға ықтиярхаты және ҚР ЖСН**, Қазақстан Республикасында тіркеу/тұру мекенжайын растайтын құжат (жалдау шарты, Қазақстан Республикасында бейрезидентке (немесе) жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарына меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы растау, рұқсаттың басталу және аяқталу күндерін, ҚР-ға келу мақсатын, ЖСН және шетелдік тұлғаның*** ҚР-да тұру мекенжайын қамтитын уақытша тұру рұқсаты, басқасы).
2. Егер сізде ҚР-да тұруға ықтиярхаты болмаса және шетел азаматының шетелдік паспортын ұсынсаңыз шот ашу тек Банктің бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады:
- шетелдік азамат бөлімшеге өзі келуге тиіс;
- келесі құжаттар пакетін ұсынуға тиіс:
1) шетел азаматының шетелдік паспорты
2) ҚР ЖСН
3) Өтініш-Сауалнама
4) Қазақстан Республикасында болуының негізділігін растайтын құжаттар: жұмыс орнынан анықтама/жұмысқа қабылдау туралы бұйрық/қызметкердің қызметтік куәлігі/Қазақстан Республикасында жұмыс орнын растайтын еңбек шарты/туу туралы куәлікті қоса бере отырып балабақшадан немесе мектептен анықтама/Қазақстан Республикасында оқу фактісін растайтын оқу орны берген құжат (оқыту шарты, өзгесі), Қазақстан Республикасында тіркеу/тұру мекенжайын растайтын құжат (жалдау шарты, Қазақстан Республикасында бейрезидентке (немесе) жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарына меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүліктің бар екендігі туралы растау, рұқсаттың басталу және аяқталу күндерін, ҚР-ға келу мақсатын, ЖСН және шетелдік тұлғаның ҚР-да тұру мекенжайын қамтитын уақытша тұру рұқсаты, басқасы).


** Шетел азаматы ЖСН-ні тек ХҚКО-дан ала алады.
*** Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығымен бекітілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес қабылдаушы Тарапқа берілген

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде