Halyk Info
Иесіне акционерлік қоғамды басқаруға қатысу құқығын және дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алу құқығын беретін құнды қағаз.
Инвестордың иелігіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы.
Бұл бағалы қағаздарды сатып алуға және сатуға арналған лимиттік өтінімдердің кестесі, әр өтінімде акциялардың бағасы (баға белгіленімі) мен саны бар.
Шетелдік компанияның акцияларына (базалық активке) меншік құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Жарнапұлдық инвестициялық қор (ЖИҚ) әртүрлі инвесторлардың ақшасын ұжымдық түрде қандай да бір қаржы құралдарына: акцияларға, облигацияларға, жылжымайтын мүлікке және т.б. салу үшін біріктіреді. Сіз осы портфельдегі үлесті – жарнапұлды сатып ала аласыз. Немесе бірнеше жарнапұлды сатып ала аласы - олардың саны жарнапұлдың бағасына және сіз енгізген сомаға байланысты. Жарнапұлды сатуға, сатып алуға немесе кепілге салуға болады. Бәрі дұрыс болған жағдайда оның бағасы күн сайын өседі. Біраз уақыттан кейін сіз жарнапұлды сатып алғаннан гөрі қымбатқа сатып оны өтейсіз де, кіріс аласыз.
Брокерлік шот - бұл брокерде ашылған инвестордың шоты. Заң бойынша қарапайым адам биржада тікелей сауда жасай алмайды. Ол үшін делдал (яғни брокер) қажет. Банк клиентке инвестициялық қызмет үшін әдеттегі мультивалюталық картаны ашады.





