Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

PIN-кодтар

PIN-кодты қалай орнатуға және картаны қалай қосуға болады?
1. Halyk қосымшасы арқылы:
• Halyk қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "PIN-код" бөліміне өтіңіз
• "PIN код орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
• EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
• Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы әрекет ететін ePIN коды бар SMS келеді*
• Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
• Банкоматта "PIN-кодты орнату / өзгерту" бөлімін таңдап, жеке PIN-кодты орнатыңыз
Дайын! PIN коды орнатылды.

• Егер сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодқа өзгертуге уақытыңыз болмаса, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
• SMS арқылы: EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
• Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау соғыңыз және «Карта бойынша сервис көрсету» - «Карта бойынша уақытша PIN код алу»-ды таңдаңыз
PIN-кодты ұмытып қалсаңыз немесе өзгерткіңіз келсе не істеу керек?
Егер Сіз PIN-кодты ұмытып қалсаңыз және/немесе оны ауыстырғыңыз келсе, онда Halyk қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
• Halyk-ті ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• «PIN-код» батырмасын таңдап және «PIN кодты орнату/ауыстыру» батырмасын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін банкоматта кез келген транзакция жүргізіңіз

PIN-кодты ауыстыру үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматын да пайдалануға болады, картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз:
• PIN-кодты өзгерту
• Жаңа PIN-кодты енгізу
• Жаңа PIN-кодты растау
Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді
PIN-кодты қалай ауыстырады?
"Сіз PIN-кодты келесі тәсілдердің бірімен өзгерте аласыз:

1. Halyk-те PIN-кодты өзгерту:
Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk-ты ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "PIN код" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматында PIN-кодты өзгерту:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді."
PIN-кодты енгізуге неше мүмкіндік беріледі?
Қате PIN-кодты енгізу әрекеті - 5 рет, 6-шы рет карта автоматты түрде бұғатталады.

Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk-ты ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "PIN код" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
PIN-кодт дұрыс емес енгізгенде не істеу керек?
Қате енгізудің 6 әрекетінен кейін карта автоматты түрде бұғатталады. PIN-кодты енгізу әрекеттерін алып тастауға болады:

Halyk арқылы:
Картаны таңдап, "PIN-код" тармағына өтіп, "PIN енгізу әрекеттерін алып тастау" пәрменін таңдаңыз

Байланыс орталығы арқылы:
Мобильді телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаның соңғы 4 санын атаңыз.