Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Halyk Bank-тегі инвестициялық шотты Halyk МҚ-да Инвестициялар бөлімінде қашықтан ашуға болады. Инвестициялық шотты ашу тегін жүргізіледі.
Жоқ, қосымшада Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан резиденттері үшін ғана шот ашуға болады.
Егер клиент Хоумбанкте онбордингтен өте алса, онда ол қол жетімді.
Шот ұсынылған құжаттар тізімі бойынша ескертулер болмаған жағдайда бес күнге дейінгі мерзімде ашылады. Алайда, іс жүзінде инвестициялық шот ашу 1 күннен аспайтын уақыт алады.
Инвестициялық шотты Halyk МҚ-да Инвестициялар бөлімінің басты бетінде толықтыруға болады.
Сіздің шоттарыңыздың ішіндегі аударымдар, соның ішінде Halyk МҚ арқылы инвестициялық шотты толықтыру – тегін.
ҚР валюталық заңнамасы номиналды құны шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, олар бойынша сыйақы төлеуге және (немесе) оларды өтеуге байланысты операцияларды жүргізу үшін ҚР резиденттері арасындағы валюталық операцияларға рұқсат береді. Сондай-ақ, Halyk invest-те валюта айырбастау қолжетімді. Сіз өз қаражатыңызды KZT, USD, EUR, GBP, RUB валюталарына оңай айырбастай аласыз. Айырбастау бойынша комиссиялар жоқ.
Halyk-ке аударымдар бірнеше сағат ішінде түседі, бірақ іс жүзінде бұл 5 минут ішінде болады.
KZT, USD, EUR, GBP, RUB-пен толықтыруға болады.
Шоттардың ішінде қаражатты шығару және басқа аударымдар үшін Комиссия жоқ.
Акцияларды сату Т+0, Т+2 және Т+3 талаптарымен өтетіндіктен шығаруға арналған ақша есеп айырысулар жүргізілгеннен кейін, яғни тиісінше сатылғаннан кейін 2 және 3 жұмыс күнінен кейін, есеп айырысу күні қолжетімді болады. Өз шоттары арасындағы аударым күні бойы жүргізіледі. Төленген комиссиялар есепке алынбайды.
Мұндай мүмкіндік жоқ. Ақшалай қаражатты брокерлік шоттан өзіңіздің карталық шотыңызға аударуға болады, бұдан әрі карталық шоттан барлық аударым операциялары қолжетімді болады.
Аударымдарға арналған лимиттер әдеттегі карталарға арналған лимиттермен бірдей. БҚ сату лимиті айына шектеусіз, тәулігіне 50 мың АҚШ долларынан аспауы тиіс. БҚ сатып алуға лимит жоқ.
Меншік құқығының ауысқанын растайтын құжатты (сыйға тарту, сатып алу-сату шарты немесе мұрагерлік туралы куәлік) ұсынған кезде бағалы қағаздарды үшінші тұлғалардың шоттарына аударуға болады.
Иә
Аударымдарға арналған лимиттер әдеттегі карталарға арналған лимиттермен бірдей.
Банк клиентке инвестициялық қызмет үшін әдеттегі мультивалюталық картаны ашады. Аударымдар әдеттегі карталардың аударымдары сияқты штаттық режимде жүргізіледі.
Деректемелерді банк бөлімшесі арқылы білуге болады, бірақ олар клиенттерге қажет емес, клиенттер Halyk қосымшасында ақшалай қаражатты өз шоттарынан инвест шотқа ақша аударады.