Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Дебеттік карталар
Дебеттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
Halyk Bonus
Black
Diamond
Виртуалды карта
Жәрдемақыға арналған арнайы карта
Halyk Bonus Digital цифрлық картасы
Sinooil Digital цифрлық картасы
Жаппай сегмент үшін карталардың әрекет ету мерзімін ұзарту
Halyk Easy балалар мен жасөспірімдерге арналған карта
Кредиттік карталар
Кредиттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
My Card
American Express Blue
American Express Gold
American Express Platinum
American Express White
MC/VISA Infinite
MasterCard Black Premium
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Technodom-да
Sulpak-та
Alser-де
Evrika-да
Mechta.kz-те
FlyArystan-да
Шарттар
В AirAstana
В Viled
В Halyk Travel
В Airba
Депозиттер мен шоттар
Депозиттер мен шоттар
Негізгі 10 сұрақ
ҚДКҚ|KDIF-нің салымдарға кепілдігі
"Әмбебап" депозиті
"Барынша жоғары" депозиті
"AQYL" білім беру салымы
Ағымдағы шоттар
Металл шоттар
Жәрдемақыға арналған арнайы шоттар
Тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шот
Мемлекеттік өтемақы бағдарламасы / депозитке 10% сыйлықақы
Кредитті онлайн рәсімдеуге бола ма?
Halyk қосымшасы арқылы Сіз Банк бөлімшесіне бармай-ақ 7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит рәсімдей аласыз.

Halyk-те 7 000 000 теңгеге дейінгі онлайн-кредит
• Басты экранда "Кредиттерді", одан әрі "Онлайн-кредитті" таңдаңыз
• Соманы, мерзімді енгізіңіз және "Бұдан әріні" басыңыз.
• Бет әлпетін тану рәсімінен өтіп, жеке куәлігіңізді сканерлеңіз
• Шартқа Halyk ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз
• Қысқаша сауалнаманы толтырып, "Бұдан әріні" басыңыз
• Өзіңіз үшін кредит бойынша қолжетімді шешімді таңдап, "Кредитті алуды растауды" басыңыз
• Кредит алуды SMS-тен келген кодпен растаңыз
Құттықтаймыз! Мақұлданған жағдайда қаражат Сіздің картаңызға аударылады

Онлайн-кредит алуға арналған өтінім күн сайын сағат 21:00-ге дейін қабылданады.
5 минут ішінде онлайн-кредит
Halyk Bank арқылы тауарларды бөліп төлеуге рәсімдей аламын ба?
Иә, Halyk Bank серіктестерімен бірлесіп Halyk мобильді қосымшасы арқылы тауарларды бөліп төлеуге немесе кредитке лезде рәсімдеу мүмкіндігін іске қосты.
Банк серіктестерінің бөлшек сауда дүкендерінен немесе интернет-дүкендерінен тауарлар сатып алыңыз және Halyk қосымшасында онлайн бөліп төлеуді ресімдеңіз:
• Дүкеннен тауарды таңдап, тапсырыс нөмірін алыңыз
• Halyk басты бетінде "Бөліп төлеуді" басыңыз
• Дүкенді таңдап, тапсырыс нөмірін енгізіңіз
• Таңдалған тауарлар мен соманы тексеріңіз, мерзімін көрсетіп,"Жалғастыруды" басыңыз
• Талаптармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз
• Өз келісіміңізді SMS-тен келген 4 таңбалы кодпен растаңыз

Талаптармен Сіз әр өнімнің арнайы бөлінген бөлімінде немесе Банк сайтында толығырақ таныса аласыз.
Онлайн-бөліп төлеу
Кепілсіз кредит бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыруға бола ма?
Иә, Банктің кез келген бөлімшесінде де, сондай-ақ Halyk қосымшасында да.

Halyk қосымшасында бұл опция комиссияны алусыз қолжетімді:
1) Halyk-ті ашыңыз
2) Бас мәзірде "Төлемді өтеу" - "Қолма-қол ақшалай кредит"опциясын таңдаңыз
3) "Мерзімінен бұрын өтеу" опциясын басыңыз
4) Әрі қарай, кредитті мерзімінен бұрын өтеу үшін «Толық» немесе «Ішінара» операция түрін таңдаңыз
5) Ішінара мерзімінен бұрын өтеуді таңдағанда, сіз мерзімді қысқартумен немесе төлем мөлшерін азайту арқылы өтеуді таңдай аласыз.
6) Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
7) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
8) Өз келісіміңізді SMS кодымен растаңыз
9) Тарихқа көшу кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады

Halyk-те ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу, демалыс/мереке күндерін қоспағанда, мұндай күнге жоспарлы төлем түседі, күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қол жетімді.
Мерзімінен бұрын ішінара өтеудің ең төменгі сомасы - кемінде бір ай сайынғы төлем.

Банк бөлімшесінде кепілсіз кредитті ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеген кезде өтеу жасаған кезде шектеулер бар.
Кредит бойынша берешекті қалай білуге болады?
Кредит бойынша берешекті сіз мына жерден біле аласыз:
1. Сізге кредит беру кезінде берілген Банктік қарыз шартына өтеу кестесінде
2. Halyk қосымшасында:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады
Кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай енгізуге болады?
Кредит бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін төменде көрсетілген тәсілдердің бірін пайдаланыңыз: Кредитті Halyk мобильді қосымшасында төлеңіз:
• Halyk-ті ашыңыз
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басыңыз
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдаңыз
• "Төлемді өтеуді" басыңыз
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдаңыз және төлем сомасын енгізіңіз
• Төлемді растаңыз
Назар аударыңыз! Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді. Ай сайынғы төлемді төлеуді бір шарт бойынша да, сондай-ақ бір үлгідегі бірнеше шарт бойынша да жасауға болады. 2. Кредитті өтеу мақсатында шотты немесе картаны толықтырған кезде, жоспарлы төлем күні сома автоматты түрде кредитке байланған Halyk Bank шотынан немесе картасынан есептен шығарылады. Сіз шотты немесе картаны мынадай жолмен толықтыра аласыз:
1) Halyk мобильдік қосымшасында ақша аудару арқылы:
- Halyk-тегі шоттан немесе картадан комиссиясыз
- басқа банктің картасынан
3) Толықтыру арқылы:
• Cash-In функциясы бар банкомат арқылы:
- картамен: картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз - "Қолма-қол ақша енгізу" - ақша енгізіңіз
- картасыз: банкоматтың кез келген батырмасын басыңыз - "Картаға енгізу" - картаның нөмірін енгізіңіз - ақша енгізіңіз
• төлем терминалы арқылы: "Банк операциялары" - "Карталар мен шоттарды толықтыру" - "картаны толықтыру" функцияларын таңдаңыз - бұдан әрі ЖСН мен картаның соңғы 4 цифрын енгізіңіз - соманы енгізіңіз
• банк төлем терминалдары арқылы комиссиясыз
• бөлімшелердегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Астана қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Астана қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Мен жылжымайтын мүлікті Halyk Bank-тен қайталама нарықта сатып ала аламын ба?
Иә, Halyk Bank-те бастапқы және қайталама тұрғын үйді сатып алуға Банктің жеке ипотекалық кредит беру бағдарламасы.
Кепілмен қамтамасыз етуді бағалауды кім жүргізеді?
Кепілмен қамтамасыз етуді бастапқы бағалауды тәуелсіз бағалау ұйымдары жүзеге асырады.
Екінші бағалауды тәуелсіз бағалаушының бағалауының барабарлығын анықтау үшін Филиалдардың бағалау қызметі кепіл мәнінің орналасқан жеріне барып жүзеге асырады.
Ипотекалық орталық қайда орналасқан?
Алматыда мына мекенжайлар бойынша Halyk Bank-тің ипотекалық орталықтары ашылды:
• Алматы қ., Бостандық ауд., Әуезов к-сі, №175 үй, + 7 727 259 00 00 (ішкі 08473, 08478, 08471)
• Алматы қ., Алмалы ауд., Төле би к-сі, №101 үй, + 7 727 259 00 00 ( ішкі 07724, 02763, 08698)
Орталық мамандары қолайлы тұрғын үйді таңдауға көмектеседі және Сізді ең жақсы талаптармен ипотеканы рәсімдеудің барлық процесі арқылы өткізеді.
Неге шотта ақша қаражаты болған/ шотқа ақша қаражаты түскен кезде, мерзімі өткен берешек толық көлемде өтелмеген?
Заңнама талаптарына сәйкес, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк төлем талабын қоюға және оны Заң шеңберінде клиенттің шотына түскен қаражаттың 50%-дан аспайтын мөлшерде орындауға құқылы. Бұл ретте клиенттің ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауы керек.
Осыған байланысты, мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда, Банк мерзімі өткен берешек мөлшеріндегі сомаға ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша төлем талабын (ТТ) қояды.
Бұл ретте, егер клиент шотта ТТ орындау үшін жеткілікті соманы қамтамасыз етсе, Банк құжатты орындай алмайды, өйткені ол қалдықтан/түсімнен 50%-дан аспайтын сомаға есептен шығаруы, оның ішінде шотта ең төменгі күнкөріс деңгейінен кем емес соманы сақтауы тиіс.
Берешекті толық көлемде өтеу үшін клиент мерзімі өткен берешекті өтеуге тұрақты өкім ресімдеуі қажет. Өкімді Halyk-тің веб-нұсқасында, төлем терминалдары арқылы және Банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады.

Осы құжатты ресімдегеннен кейін Банктегі ағымдағы шотта берешек мөлшерінде ақшаны қамтамасыз ету жеткілікті болады (ең төменгі күнкөріс деңгейінің болуын бақылау жүргізілмейді).
Мен басқа банкте рәсімделген ипотеканы қайта қаржыландыра аламын ба?
Иә, банк кредит бойынша мерзімі өткен берешегі болмаған кезде басқа банктердегі қарыздар бойынша қайта қаржыландыруды жүзеге асырады. Бірнеше қарызды біріктіріп, аз төлеуге болады.

Қайта қаржыландыру үшін Halyk Bank-тің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет.