Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Дебеттік карталар
Дебеттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
Halyk Bonus
Black
Diamond
Виртуалды карта
Жәрдемақыға арналған арнайы карта
Halyk Bonus Digital цифрлық картасы
Sinooil Digital цифрлық картасы
Жаппай сегмент үшін карталардың әрекет ету мерзімін ұзарту
Halyk Easy балалар мен жасөспірімдерге арналған карта
Кредиттік карталар
Кредиттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
My Card
American Express Blue
American Express Gold
American Express Platinum
American Express White
MC/VISA Infinite
MasterCard Black Premium
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Technodom-да
Sulpak-та
Alser-де
Evrika-да
Mechta.kz-те
FlyArystan-да
Шарттар
В AirAstana
В Viled
В Halyk Travel
В Airba
Депозиттер мен шоттар
Депозиттер мен шоттар
Негізгі 10 сұрақ
ҚДКҚ|KDIF-нің салымдарға кепілдігі
"Әмбебап" депозиті
"Барынша жоғары" депозиті
"AQYL" білім беру салымы
Ағымдағы шоттар
Металл шоттар
Жәрдемақыға арналған арнайы шоттар
Тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шот
Мемлекеттік өтемақы бағдарламасы / депозитке 10% сыйлықақы
Halyk-те қандай сервситер қолжетімді?
Halyk қосымшасымен әрбір адам бөлімшеге келмей-ақ 100 % Банк клиенті болуға мүмкіндігі бар. Банктің онлайн өнімдеріне қол жеткізу үшін Halyk-те толық тіркеуден өту қажет.

Бөлімшеге келмей-ақ банктің барлық онлайн өнімдері!
• Halyk Bonus Digital цифрлық картасын ашу
• Тегін жеткізумен пластикалық картаға тапсырыс беру
• 5 минут ішінде 7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит
• Банк серіктестерінің бөлшек және интернет-дүкендерінде онлайн бөліп төлеу
• Жоғары мөлшерлемемен депозит ашу
• Шот бойынша үзінді көшірме
• Apple Pay, Google Pay және QR жанасусыз төлемдері

Банктің онлай сервистеріне қол жеткізу
• Мемлекеттік қызметтер
• Halyk Tour - турларды онлайн брондау және сатып алу және бонустар алу
• Клуб (Halyk Club) - барлық Halyk Bank карталарын ұстаушыларға арналған артықшылықтар клубы
• Инфо (Halyk Info) - 1000-нан астам сұрақтарға жауап беретін Сіздің дербес көмекшіңіз
• Банк картада – Сіздің қалаңыздың картасында бөлімшелерді іздестіру
• Банкоматтарды іздеу - жақын орналасқан банкоматтарды жылдам іздестіру
• Travel - турларды, әуе және т/ж билеттерін сатын алу, 5 минут ішінде қонақүйді брондау
• Сақтандыру - автосақтандыру, пәтер мен жеке үйді сақтандыру, COVID-19 коронавирустан, өмірді және жұмыстан шығып қалудан сақтандру бойынша полистерді ресімдеу
• Push-хабарлама
• Картаны қайта шығарусыз және Банкке қатынаусыз PIN-кодаты орнату және ауыстыру

Halyk-те бонустармен төлемдер
• Halyk қосымшасында қызметтерді комиссиясыз өтеңіз және бонус алыңыз: коммуналдық қызметтер, мобильді байланыс, әуе билеттері, көлік, балабақша және 6000-нан астам басқа да сервистер
• Жиналған бонустармен мобильді байланысты, коммуналдық қызметтерді, көлік және басқа да қызметтерді төлеңіз

Halyk-тешапшаң аударымдар:
• Өз шоттары, карталары және допизеттері арасында комиссиясыз
• ҚР басқа банктерінің және шетел банктерінің карталарына аударымдар
• Кез келген банк клиенттерінің мобильді телефон нөмірі бойынша аударымдар
• Картасыз қолма-қол ақшасыз алу үшін Halyk Bank банкоматына аударым жасау
• Халықаралық Western Union онлайн-аударымдары
• Halyk Bank клиенттеріне QR-код бойынша аударымдар

Сіздің онлайн ассистентіңіз
• Тәулік бойы қызмет істейтін чатта дербес ассистент кез келген сұрақтарға жауап береді және өнімдер мен сервситер бойынша кеңес береді+I2207
Банктің қандай өнімдерін Halykт-те онайлан ала аламын?
Сіз Банктің келесі өнімдерін бөлімшелерге бармай-ақ онлайн ала аласыз:
• Halyk Bonus Digital цифрлық картасын ашу
• Тегін жеткізумен пластикалық картаға тапсырыс беру
• 5 минут ішінде 7 000 000 теңгеге дейін онлайн-кредит
• Заемдарды онлайн-қайта қаржыландыру
• Банк серіктестерінің бөлшек және интернет-дүкендерінде онлайн бөліп төлеу
• Жоғары мөлшерлемемен депозит ашу
• Шот бойынша үзінді көшірме алу
• Apple Pay, Google Pay және QR жанасусыз төлемдер
Halyk арқылы телефон нөмірі бойынша картаға ақша аудара аламын ба?
Мобильді телефон нөмірі арқылы аудару талаптары:
• аударым Halyk Bank клиентінің мобильді нөміріне жіберіледі, қаражат алушының Halyk негізгі картасына есепке алынады.
• негізгі карта - бас бетте өздігінен таңдалады және мобильді нөмір бойынша аударымдар алу үшін карта болып табылады. Негізгі карта болып белсенді карта есептеледі.

Halyk Bank карталары арасында аударымдар комиссиясыз жүзеге асырылады.
• Halyk-те бас экранда "Аударымдар"-ды басыңыз, "Телефон нөмірі бойынша" белгісін таңдаңыз
• Алушының мобильді нөмірін енгізіңіз немесе мекенжай кітабынан таңдаңыз
• Аударым сомасын енгізіп, "Әрі қарай" батырмасын басыңыз
• Touch ID (саусақ ізін оқу құрылғысы) немесе Face ID көмегімен аударымды растаңыз. Бұл жағдайда сіз OTP коды арқылы тасымалдаудың стандартты растауын таңдай аласыз*
Дайын! Ақша алынғандығы туралы Сізге хабарлама келеді және ақша алушының шотына түседі. Сол сияқты Сіз де жіберушінің хабарламасына жауап қайтара аласыз.

* Тек осы функцияны қолдайтын мобильді құрылғыларында қол жетімді. Сіз бұл функцияны Halyk -те орната аласыз: «Мәзір» - «Профиль және параметрлер» - «Биометриямен аударымдар»/ «Touch ID немесе Face ID арқылы аударымдар».

Кеңестер:
1) Егер Сіз бір немесе бірнеше адамға жиі аударым жасасаңыз, Сіз алушыны байланыстар арасынан телефон нөмірін іздеп жатпас үшін тізімге сақтап қоя аласыз.
Ол үшін аударымнан кейін "Алушыны сақтау" батырмасын басуды ұмытпаңыз, сонда Сізге телефон нөмірін қайта теруге тура келмейді.
2) Сондай-ақ, "Тарих" қосымша парағынан жүргізілген аударманы көре аласыз, түбіртекті экранға шығарып, аударманы қайта жүргізе аласыз немесе бөлісе аласыз.
Halyk-те жүргізілген төлемдер мен сатып алулардан бонустар түседі ме?
02.11.2023 бастап Halyk қосымшасындағы төлемдер үшін бонустарды есептеу тоқтатылды, бірақ сіз оларды Halyk-те жұмсай аласыз:

• Жинақталған бонустармен мобильді байланыс, коммуналдық қызметтер, көлік және басқа да қызметтерді төлеңіз.
Бонустарды есептеуге арналған ерекшеліктер
Halyk-ке қалай тіркелуге болады?
Halyk мобильді қосымшасында тіркелу.
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға ары қарай кіру үшін оған 4-таңбалы санды кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тің барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, тұруға ықтиярхат, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-те тіркелуге уақытша қолжетімсіз.
Паспорт деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелуге қолжетімді.

Halyk Bank банкоматтары арқылы Halyk-ке тіркелу
• Картаны банкоматқа салыңыз да, PIN-кодты енгізіңіз
• "Halyk-ке тіркелу/SMS банкинг" бөлімін таңдаңыз
• "Halyk-ке тіркелу"-ді басыңыз
• Телефон нөмірін енгізіңіз, бұл нөмір Сіздің сенімді нөміріңіз болады
• Сенімді нөмірге коды бар SMS келеді
• Банкоматқа SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Сіздің сенімді нөміріңізге Halyk-ке кіру үшін уақытша парольмен SMS келеді.
МАҢЫЗДЫ! Уақытша пароль 48 сағат ішінде жарамды
Halyk-ті қайдан жүктеуге болады?
Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан немесе төмендегі сілтеме бойынша тегін жүктеп, орната аласыз.
Жүктеп алу
Мен Halyk кіру кодын/паролін ұмытып қалсам не істеуім керек?
Halyk қосымшасы арқылы қайта тіркелу немесе «Код парольді ұмыттыңыз ба?» / «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» түймесін басу арқылы кіруді қалпына келтіру процес барысында 4 таңбалы кіру кодын орнатыңыз.
Halyk Bank банкоматында картасыз қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?
Halyk Bank банкоматтарынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз/аударыңыз:
1. Аударымды жүзеге асыру үшін:
• Halyk қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алушының сомасы мен телефон нөмірін көрсетіңіз
• SMS арқылы аударымды растаңыз
• Сіз SMS арқылы ақшаны алу үшін кодтың бірінші бөлігін аласыз, ал ақшаны алушы кодтың екінші бөлігін алады
2. Банкоматтан ақша алу үшін Сіз/Алушы:
• Halyk Bank банкоматында кез келген батырманы басу керек
• "Код бойынша қолма-қол ақша алу"-ды таңдаңыз
• Соманы және SMS арқылы жіберілген кодтың екі бөлігін енгізіңіз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат – 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық – транзакция сомасымнан 1%
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Минималды алу сомасы – 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамды

МАҢЫЗДЫ!
1. Welcome to Halyk (Visa Classic Instant) карталары және "Қазкоммерцбанк" АҚ-та шығарылған мультивалюталық карталар бойынша қолма-қол ақша бергені үшін комиссия 1% құрайды
2. Mastercard World Elite Imperial карталары бойынша банкоматтан қолма – қол ақша алу (код бойынша қолма-қол ақша алу) комиссиясы теңгемен, Банк желісінде-1%, айына 250 000 АҚШ доллары лимиті шеңберінде-0 теңге
Halyk мобильді қосымшасының мазмұн тілін қалай өзгертуге болады?
Halyk қосымшасының мазмұны клиенттерге үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде қолжетімді. Қосымшаның баптауларында клиент үшін тілді таңдау қарастырылған:
• Halyk қосымшасының авторизация экранында
• Жоғарғы оң жақта Мәзір белгішесін басыңыз
• "Баптаулар", ары қарай "Тіл" батырмасын басыңыз да қосымшаның тілін таңдаңыз
Бұл ретте кейбір Android операциялық жүйесіндегі мобильді құрылғылар үшін – Halyk қосымшасында тілдің көрінуі мобильді құрылғы тілінің баптауына байланысты болады, яғни егер мобильді құрылғының тілі мемлекеттік тілде болса, сәйкесінше Halyk қосымшасы мемлекеттік тілде қолжетімді болады. iOS операциялық жүйесінде Банк қосымшасының тілін өзгерту жеткілікті.
Apple Pay мен Google Pay-ге Halyk Bank картасын қалай қосуға болады?
Google Pay-ге Halyk Bank картасын қалай қосуға болады:
• Halyk қосымшасын ашыңыз немесе жүктеңіз
• Қосылатын картаны таңдаңыз немесе Halyk Bonus Digital картасын ашыңыз
• Әрі қарай, Google Pay бөліміне өтіңіз
• Ашылған терезеде картаны қосу үшін Add to GPay түймесін басыңыз
• Google Pay қосымшасы ашылады немесе оны Play Market дүкенінен жүктеу басталады
Дайын! Енді сіз сатып алған затыңызды Google Pay арқылы төлей аласыз

Apple Pay-ге Halyk Bank картасын қалай қосуға болады:
• Halyk және iOS қосымшаларын жаңартыңыз
• Картаны таңдап, «Apple Pay» -ды басыңыз
• Растаудан кейін карта Apple Wallet-ге қосылады