Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
1. Ағымдағы шоттың валютасы - теңге, АҚШ доллары, еуро, ресей рублі, швейцария франкі, ағылшын фунт стерлингі
2. Комиссиялар:
• шот ашу үшін - 0 теңге
• шотты жабу үшін - 0 теңге
• ақшаның клиент шотына есептелуі - 0 теңге
• қозғалмайтын шотты жүргізу (клинет немесе оның өкілі соңғы 12 ай ішінде шот бойынша кіріс/шығыс операцияларын орындамаған шоттар) - шотта қалған сома, бірақ ай сайын 200 теңгеден артық емес.
• қолма-қол ақша беру:
- Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, және басқа да төлемақыларды төлеу жөнінде жасалған шарт бойынша шотқа түсетін - 0 теңге
- Банк пен заңды тұлға арасында жалақы, зейнетақы, және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі шартсыз шотқа түсетін (басқа да есептеулер) - теңгемен - 1%, шетел валютасымен - соманың 1%
Клиенттердің шоттарына ресей рублінде қолма-қол ақшаны қабылдау тарифі белгіленді (ағымдағы шоттар үшін 17 маусымнан бастап, карталар үшін 2022 жылдың 01 шілдесінен).

Halyk Bank-інде ресей рублімен қолма-қол ақша операцияларының (қолма-қол ақшаны қабылдау, жөнелтушінің немесе Банк бөлімшелеріндегі басқа жеке тұлғаның ағымдағы шотына аудару) комиссиясы - операция сомасының 15% мөлшерінде, бірақ кемінде 10 000 теңге. Теңгемен, доллармен және еуродағы операциялар бойынша комиссия бұрынғы деңгейде қалды – 0 теңге.
Ағымдағы шот жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы негізінде ашылады.
Шетел мемлекеттерінің азаматтары шот ашу кезінде мыналарды ұсынады:
1. Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт)
2. Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған тіркеу куәлігі.
Сенімхат бойынша шот ашу үшін мына құжаттарды ұсыну керек:
1. Сенімхаттың түпнұсқасы;
2. Сенім білдірушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Сенімгер тұлғаның жеке куәлігінің түпнұсқасы.
Аударымдар үшін ұсталатын комиссия тарифтерімен Сіз төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Сізге мерзімі өтіп кеткен сенімхат бойынша қызмет көрсетілмейді. Сенімхатты жаңа мерзімге қайта ресімдеуіңіз керек.
• Клиент, сол сияқты үшінші тұлғалар Банк кассасына қолма-қол ақшаны Шотқа есептеу, сондай-ақ Шоттан Клиентке қолма-қол ақша беру;
• Клиенттің Банктегі және басқа да банктердегі өзге банк шоттарынан аударылатын, сондай-ақ үшінші тұлғалар Клиент пайдасына аударатын ақшаны Шотқа есептеу;
• Клиенттің төлем тапсырмасы бойынша Шоттан Клиенттің Банкте және басқа да банктерде ашылған өзге банк шоттарына, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдасына аудару;
• Банктік салым шарты бойынша Клиенттің Банктегі мерзімді салымдарына Шоттан ақша аудару;
• Клиенттің белгіленген үлгідегі өтініші бойынша валюта айырбастауды жүзеге асыру;
• Клиенттің талабы бойынша Шот бойынша үзінді көшірме беру.
Сіздің шотыңызға негізгі үш себеп бойынша тыйым салу қойыла алады:
1. Мемлекеттік органдар алдында міндеттемелерді орындамау (мысалы, салық бойынша берешек);
2. Банктер алдында кредиттің мерзімін өткізіп алу немесе басқа да міндеттемелерді орындамау;
3. Сот қаулысы.
Шотқа тыйым салу қойылғандығы туралы нақты ақпаратты мемлекеттік органдардың сайтынан алуға болады (салық берешегі туралы мәлімет, атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі).
Сіз ағымдағы шотыңызды толықтыра аласыз, алайда шығыс операциялар тек тыйым салу алынғаннан кейін ғана мүмкін болады.   
Банк тыйым салу қойылған ағымдағы шотты жаба алмайды.
Шотты жабу тек қана тыйым салу алынғаннан кейін мүмкін болады.
Ағымдағы шот бойынша 20 таңбалы шот ашылғандығы туралы хабарламаны Сіз онлайн режимінде PDF форматында ала аласыз:
• Halyk қосымшасын ашыңыз
• Картаңызды таңдаңыз
• «Баптаулар» опциясын басыңыз
• Көрсетілген экранда "Шот туралы хабарлама"-ны таңдаңыз

Ағымдағы шот туралы хабарландыру қажет болса, ағымдағы шотты таңдау арқылы «Шот туралы хабарлама» опциясын таңдаңыз. Сондай-ақ, Хабарламаны PDF пішімінде осы жерде бөлісуге болады.
Сіз Банк бөлімшесіне келмей-ақ, кез келген уақытта Halyk қосымшасында үзінді көшірмені көре аласыз.
PDF форматында онлайн үзінді көшірмені алыңыз:
• Шотты таңдаңыз
• Үзінді көшірме кезеңін таңдаңыз да, PDF белгішесін басыңыз
Ағымдағы шоттан картаға/картадан ағымдағы шотқа аударым жасауға шектеулер:
Аударым сомасының максималды сомасы:
• Бір клиенттің шоттары арасында (картадан/шоттан) жүргізілетін аударымдар: тәулігіне - 30 000 USD дейін, айына - 1 000 000 USD.
• Ағымдағы шоттан үшінші тұлғаның ЕДБ-тегі 20- таңбалы шотына аударым: 1 операцияға - 3 500 USD,
тәулігіне - 7 000 USD
• Ағымдағы шоттан үшінші тұлғаның Банктегі 20 таңбалы шотына аударым: 1 операцияға - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD.

Маңызды! Аударым карта мен шоттардың кейбір түрлеріне қолжетімсіз (олар Halyk қосымшасында тізімде сұр түспен белгіленеді).
100 000 АҚШ доллары немесе одан да көп соманы немесе басқа валютадағы баламасын алған кезде үлкен соманы алуға тапсырыс беру керек. Заңсыз қаржылық операцияларды болдырмау үшін клиенттің шотындағы ақшаның пайда болу/жиналу көзі және мақсатты пайдаланылуы туралы қосымша ақпарат қажет. Қажет болған жағдайда қосымша растайтын құжаттар сұралуы мүмкін. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз, өйткені бұл талап мемлекеттік реттеуші белгілеген Қазақстан Республикасының барлық банктері үшін жалпы қабылданған.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде