Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Дебеттік карталар
Дебеттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
Halyk Bonus
Black
Diamond
Виртуалды карта
Жәрдемақыға арналған арнайы карта
Halyk Bonus Digital цифрлық картасы
Sinooil Digital цифрлық картасы
Жаппай сегмент үшін карталардың әрекет ету мерзімін ұзарту
Halyk Easy балалар мен жасөспірімдерге арналған карта
Кредиттік карталар
Кредиттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
My Card
American Express Blue
American Express Gold
American Express Platinum
American Express White
MC/VISA Infinite
MasterCard Black Premium
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Technodom-да
Sulpak-та
Alser-де
Evrika-да
Mechta.kz-те
FlyArystan-да
Шарттар
В AirAstana
В Viled
В Halyk Travel
В Airba
Депозиттер мен шоттар
Депозиттер мен шоттар
Негізгі 10 сұрақ
ҚДКҚ|KDIF-нің салымдарға кепілдігі
"Әмбебап" депозиті
"Барынша жоғары" депозиті
"AQYL" білім беру салымы
Ағымдағы шоттар
Металл шоттар
Жәрдемақыға арналған арнайы шоттар
Тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шот
Мемлекеттік өтемақы бағдарламасы / депозитке 10% сыйлықақы
Кредит бойынша қойылатын талаптар
Кредит беру кірісті растаумен ғана мүмкін болады.
1. Сыйақы мөлшерлемесі:
- кредитті ұйымдастырғаны үшін комиссиямен шарттарды таңдаған кезде - 17,5%-дан бастап 20,5% дейін (ЖТСМ 19,2%-дан бастап 25% дейін)
- шарт таңдау кезінде комиссиясыз - 18,5-дан бастап 21,5% дейін (ЖТСМ 19,5%-дан бастап 25% дейін)
2. Кредит валютасы - теңге
3. Кредит мерзімі - 6 айдан 240 айға дейін
4. Кредиттің ең жоғары сомасы - Өтініш берушінің төлем қабілеттілігіне байланысты
5. Бастапқы жарна - сатып алынатын мүлік құнының 20%-дан бастап
6. Комиссиялар:
• өтінімді қарағаны үшін - 0%
• кредитті ұйымдастырғаны үшін - қарыз сомасының 1%
• кредитті шотқа аударғаны үшін - 0%
Кредиттің артықшылықтары
Жеңілдікті талаптармен кредит беру бағдарламасы!
• Құрылысы жүріп жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін ипотека
• қарыз мерзімі 20 жылға дейін
• жеделдетілген тәртіппен қарау
• өтінімді Halyk қосымшасында беру мүмкіндігі
Кредитті қалай рәсімдеуге болады?
1. Halyk мобильді қосымшасы арқылы:
• Halyk мобильді қосымшасына кіріңіз.
• Кредиттер - Салынып жатқан ипотекалық тұрғын үй бөліміне өтіңіз
• «Ашу» батырмасын басқан кезде нұсқаулық көрсетіледі, «Толығырақ білу» батырмасын басқанда ипотека шарттарын көрсетеді
• тізімнен тұрғын үй кешенін таңдап, ұсынылған сауалнаманы толтырыңыз
Клиент санатын таңдаған кезде:
- жеке кәсіпкер – кірісті толтыру қажет
- құқық қорғау органдарының қызметкері - «ай сайынғы тұрғын үй төлемін» көрсету қажет
• филиалды таңдаңыз
• «Келесі» батырмасын басқаннан кейін SMS-кодпен құжаттарға қол қою қажет
• Банктен алдын ала шешім аласыз
• егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыз туралы ақпаратты толтырыңыз, содан кейін жұбайыңызға келісімге қол қою үшін Halyk-те хабарлама келеді
• Сіз соңғы шешімді қосымша экранында аласыз
• содан кейін кепілдік хатты телефоныңызға сақтаңыз, Үлестік қатысу шартын жасаңыз және әзірлеушіге бастапқы жарнаны төлеңіз.
• Банктен қоңырау күту

2. Банк бөлімшесі арқылы да өтініш беруге болады.
Тұрғын үй кешендерінің толық тізімі
Төмендегі сілтемені басу арқылы СКД тізімін қараңыз.
Тұрғын үй кешендерінің тізімі
Кредитті рәсімдеу үшін қандай жас мөлшеріне қандай талаптар қойылады?
Кредитті өтеу кезінде Өтініш берушінің жасы 21-ден 63 жасқа дейін болуы керек.
Кредит бойынша қамтамасыз ету ретінде не болуы керек?
Кепілмен қамтамасыз ету ретінде тұрғын үй кешенінен сатып алынатын жылжымайтын мүлік болуы керек.
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
Соңғы жұмыс орнында кемінде 6 ай.
Сақтандыру міндетті болып табыла ма?
Кепіл мәнін сақтандыру Банк қаражаты есебінен жүзеге асырылады (нысан пайдалануға енгізілгеннен кейін).
Жеке (өмірді/жазатайым оқиғадан) сақтандыру қарыз алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Кредиттік өтінімді қарау мерзімі қандай?
Halyk мобильді қосымшасы арқылы өтініш жасаған кезде өтініш 1 жұмыс күн ішінде қаралады.
Банк бөлімшесінде өтініш берген кезде, өтініш 7 жұмыс күн ішінде қаралады.
Кредитті төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін / күні қалай өтеуге болады? Кредитті төлемнің жоспарлы күні басталғанға дейін/төлемнің жоспарлы күні қалай өтеуге болады?
Мерзімін кешіктірмеу және кредит тарихын бұзбау үшін кредитті Halyk мобильді қосымшасында уақтылы немесе жоспарлы күн басталғанға дейін төлеңіз. Ай сайынғы төлемді өтеу үшін Сізге:
• Halyk-ті ашу керек
• Басты бетте "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлемді өтегіңіз келетін кредитті таңдау керек
• "Төлемді өтеуді" басу керек
• Төлем жасау үшін картаны немесе шотты таңдау және төлем сомасын енгізу керек
• Төлемді растау керек
Назар аударыңыз! Ай сайынғы төлемді өтеу Android (нұсқасы 5.4.2-ден төмен емес) және IOS (нұсқасы 5.5.2-ден төмен емес) смартфондарында қолжетімді.

Қосымша:
1) Ай сайынғы төлемді төлеуді бір шарт бойынша да, сондай-ақ бір үлгідегі бірнеше шарт бойынша да жасауға болады.
2) Сіз ай сайынғы төлемді төлеуге жоспарлы төлеммен салыстырғанда белгіленген сомадан көп ақша салсаңыз, онда ақшаның қалған бөлігі Сізде кесте бойынша келесі ай сайынғы төлемді өтеу үшін шарттың алдын ала төлем шотында қалады.
3) шартты толық өтеген жағдайда, шарттың алдын ала төлем шотындағы артық төленген сома автоматты түрде Сіздің өзекті шотыңызға аударылады.
Кредит үшін ай сайынғы төлемді басқа жолмен қалай өтеуге болады?
Сіз кредитті мынадай жолмен төлей аласыз:

• Halyk-те. Картадан ағымдағы шотқа ақша қаражатын аударыңыз, одан кесте бойынша төлем жасалатын күні кредитке арналған сома автоматты түрде есептен шығарылады
• Төлем терминалы арқылы
• Cash-In функциясы бар банкоматтар арқылы
• Банктің жақын жердегі бөлімшесіндегі касса арқылы

Шарт бойынша төлемдер Астана қ. уақыты бойынша сағат 18.00-ге дейін жүзеге асырылуы керек. Егер шарт бойынша төлем Астана қ. уақыты бойынша сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылса, мұндай төлем келесі жұмыс күні жасалды деп танылады.
Банк бөлімшесінде кредиттің ішінара (толық) мерзімінен бұрын өтелгені үшін қандай комиссия алынады?
Банк бөлімшелері арқылы өтеу кезінде Банктің белгіленген тарифтеріне сәйкес стандартты комиссия алынады:

1) 12 айға дейінгі мерзімге берілген қарыздар бойынша талаптар:
• кредитті алған күннен бастап 6 айға дейін өтелген жағдайда - қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл (бірақ 30 000 теңгеден кем емес) алынады
• кредитті алған күннен бастап 6 айдан кейін өтеу жағдайда - 0 теңге

2) 12 айдан астам мерзімге берілген қарыздар бойынша талаптар:
• кредитті алған күннен бастап 12 айға дейін өтелген жағдайда - қарыз сомасының 0,1% мөлшерінде айыппұл алынады (бірақ 30 000 теңгеден кем емес)
• кредитті алған күннен бастап 12 айдан кейін өтеу жағдайда - 0 теңге
Halyk қосымшасында ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу қалай жүзеге асырылады?
Halyk қосымшасында мерзімінен бұрын ішінара және толық өтеу комиссиясыз және мораторийсіз жүзеге асырылады.
1) Halyk-ті ашыңыз
2) Бас мәзірде "Төлемді өтеу" - "Ипотека" таңдаңыз
3) "Мерзімінен бұрын өтеу" опциясын басыңыз
4) Әрі қарай, кредитті мерзімінен бұрын өтеу үшін «Толық» немесе «Ішінара» операция түрін таңдаңыз
5) Экрандағы нұсқауларды орындаңыз
6) Төлемді тексеріңіз және растаңыз
7) Өз келісіміңізді SMS кодымен растаңыз
8) Тарихқа өту кезінде өтінімнің мәртебесін бақылауға болады

Жаңартылған төлем кестесі электрондық форматта Halyk мобильдік қосымшасында "Кредиттер" бөлімінде қолжетімді.

Halyk қосымшасында мерзімінен бұрын ішінара өтеу мынадай жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алған күні;
• егер кредит бойынша төлемнің мерзімін ұзарту қолданылса;
• жоспарлы төлемі демалыс/мереке күніне түскен кредит бойынша демалыс және мереке күндері

Толық мерзімінен бұрын өтеу мынадай жағдайларда қолжетімсіз:
• кредит алған күні;
• жоспарлы төлемі демалыс/мереке күніне түскен кредит бойынша демалыс және мереке күндері

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• мерзімінен бұрын өтеу кезінде сіз кредиттің барлық түрлері бойынша ішінара мерзімінен бұрын өтеу әдісін таңдай аласыз - ай сайынғы төлем мөлшері азайған немесе кредит мерзімі қысқарған жағдайда
• кепілге салынған ипотека бойынша қарызды толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде, кепіл затына қатысты құжаттарды алу үшін сіз банк бөлімшесіне хабарласуыңыз керек
• егер кредит бойынша тең қарыз алушы болса, кепілдік берілген қарыздарды ішінара мерзімінен бұрын өтеу мүмкін емес, бұл жағдайда клиенттер Банк бөлімшесіне хабарласуы керек
• ішінара мерзімінен бұрын өтеу ағымдағы айда жоспарлы төлемді алып тастамайды
• мерзімінен бұрын өтеу сәтінде жоспарлы төлем басталғанға дейін алдын ала төлем шотына енгізілген сома "Толтырылды" деген жолда көрсетіледі және мерзімінен бұрын өтеуге бағытталатын болады. Ішінара мерзімінен бұрын өтегеннен кейін ағымдағы ай үшін кредитті өтеуге арналған жоспарлы төлем сомасын қайтадан қамтамасыз ету қажет
• сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қол жетімді
• мерзімінен бұрын ішінара өтеудің ең төменгі сомасы - кемінде бір ай сайынғы төлем.