Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
1. Halyk-тегі бөлімшелерге бармай-ақ Western Union аударымдарын жөнелту және алу мүмкіндігі бар.
2.Жіберу географиясы - әлемдегі 200 мемлекеттен астам
3. Қызмет көрсету бекеттері - 515 000-нан астам
4. Аударым валютасы - KZT, USD
5. Аударымның максималды сомасы - 7499 USD/теңгедегң эквивалент
Алу уақыты - бірнеше минут ішінде*
6. Тарифтер - клиентке арналған комиссияны Western Union компаниясы белгілейді, тарифтер Банк сайтында орналасқан. Halyk тарифі - аударым сомасынан 0,5% (min 1USD/ 380 KZT)
*Бірнеше минут ішінде ақша аударымын алу мүмкіндігі агенттердің алу жағындағы жұмыс сағаттарына және жергілікті заңнамаға да байланысты.
Артықшылықтар:
- бөлімшеге қатынаспай
- жоғары жылдамдық
- төмен тарифтер
Аударымды жіберу үшін Сізге Halyk Bank бөлімшесіне барып, жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну қажет*.
Жіберу үшін қажетті мәліметтер:
• Алушының ТАӘ
• аударым сомасы
• аударым валютасы және аударымды алатын ел

*Бейрезиденттер үшін - Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелгенін куәландыратын құжат, бейрезидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және болу құқықтары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда басқсы көзделмесе (көші-қон картасы,ол болмаған жағдайда Клиентте тіркеуді куәландыратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа құжат) **.

** 2 000 000 теңгеден асатын сомаға немесе 2 000 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға аударымдарды жіберу/алу кезінде ғана талап етіледі , оның ішінде бір күнтізбелік күн ішінде Клиенттің шот ашпай аударымды жүзеге асыруы түріндегі бірнеше операциялар (мәмілелер) жасау жолымен.

***Western Union 2022 жылдың 24 наурызынан бастап Ресейге/Ресейден аударымдарды жіберуді/алуды тоқтатты. Ресейдегі ақшаны алушы Қазақстаннан 2022 жылдың 24 наурызына дейін (қоса алғанда) жіберген ақшаны ала алмаған жағдайда, ақша жөнелтушіге орындаусыз қайтарылады.
Ақша аударымын алу үшін сізге Halyk Bank бөлімшесіне барып, жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну қажет, сонымен қатар мыналарды білу керек:
• Ақша аударымының бақылау нөмірі (10-таңбалы код)
• Аударымды жіберушінің ТАӘ
• Аударым сомасы
• Аударым валютасы және аударым жіберілген ел

Есіңізде болсын: Алушы аударымды алғаны үшін комиссия төлемейді.

Western Union 2022 жылдың 24 наурызынан бастап Ресейге/Ресейден аударымдарды жіберуді/алуды тоқтатты. Ресейдегі ақшаны алушы Қазақстаннан 2022 жылдың 24 наурызына дейін (қоса алғанда) жіберген ақшаны ала алмаған жағдайда, ақша жөнелтушіге орындаусыз қайтарылады.
Halyk арқылы Western Union Online ақша аударымына қойылатын шектеулер:
• бір аударымның максималды сомасы 2 500 USD (немесе теңгедегі эквивалент)
• тәулігіне аударымдардың максималды сомасы 10 000 USD (немесе теңгедегі эквивалент)
• айына аударымдардың максималды сомасы 25 000 USD (немесе теңгедегі эквивалент)
• айына 10 аударымдардан аспайды (жіберу/алу)
• 18 жастан асқан жеке тұлғалар (резиденттер/бейрезиденттер) жіберуші/алушы бола алады
Банк бөлімшесінде Western Union жүйесі арқылы аударым жіберу үшін Сіз мына құжаттары ұсынуыңыз керек:
• жеке басын куәландыратын куәлік
• Алушының деректемелері (ТАӘ, ел, қала)
Бейрезиденттерге -2 млн. теңге/эквивалент жоғары операциялар бойынша - ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжат.
Банк бөлімшесінде Western Union жүйесі арқылы аударым алу үшін Сіз мына құжаттары ұсынуыңыз керек:
• жеке басын куәландыратын куәлік
• ақша жіберушінің сомасы, аударым валютасы, ТАӘ
Бейрезиденттерге -2 млн. теңге/эквивалент жоғары операциялар бойынша - ҚР Көші-қон қызметі органы берген құжат.
Аударымды болдырмау Астана қаласының уақыты бойынша күнбе күн жүргізілуі керек, бұл ретте Western Union төленбеген аударымдары ғана қайтарылуы/болдырылмауы мүмкін.

Western Union аударымын қайтару/болдырмау үшін:
1. Halyk-тегі жеке кабинетіңізде "Аударымдар архиві"-нен аударымды табу керек
2. "Аударымды қайтару" немесе "Аударымды болдырмау" опциясын және есептеу үшін шотты таңдау керек
3. SMS арқылы келген кодпен операцияны растау қажет.
Егер аударым сәтті қайтарылса/болдырылмаса сома клиент көрсеткен шот нөміріне есепетеледі.

Аударымды қайтару кезінде Western Union комиссиясы қайтарылмайды.
1. Қызмет көрсету шарттарына сәйкес аударымдарды төлеу кешіктірілуі мүмкін немесе қызметтер көрсету ерекшеліктеріне байланысты қызметтер қол жетімді болмауы мүмкін, атап айтқанда аударымның нақты сомасы, межелі ел, валютаның бар-жоғы, қолданылатын заңнама, сәйкестендіру жөніндегі талаптар, төлем бекетінің жұмыс сағаттары, сағат белдеулері арасындағы уақыт айырмасы, аударымды төлеуді кейінге қалдыра отырып тарифтер шарттары немесе өзге де қолданылатын шектеулерге байлнысты. Толығырақ Ақшаны Жіберушіге арналған Өтіініште көрес аласыз.
2. Аударымды жөнелту үшін төлемге қосымша Western Union аударымды жөнелту валютасынан төлем валютасы өзгеше болған жағдайда бағамдық айырмадан кіріс ала алады. Аударымдар жүйесін таңдаған кезде тарифке ғана емес, операцияның айырбас бағамына да назар аударыңыз. Аударым ақысы мен айырбастау бағамы аударымдар жүйесіне, арнаға және қызмет көрсетілетін бөлімге байланысты бірқатар факторларға қатысты әр түрлі болуы мүмкін.Тарифтер мен бағам алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Құрметті "Қазақстан Халық Банкі" АҚ клиенттері, ақша аудармыдары бойынша алаяқтық операциялардың алдын алу үшін Сізден бірнеше қарапайфм қауіпсіздік шараларын ұстануыңызды сұраймыз:
1. Аударымдарды жүзеге асырған кезде аударым жөніндегі деректерді үшінші тұлғаларға (аударым нөмірін қоса алғанда, ішінара да, толық да деректерді)жария етпеңіз.
2. Ақша аударымын ресімдеген кезде аударым туралы ақпаратты ешкім естіп/көріп қоймауын мұқият қадағалаңыз, себебі алаяқтар осы ақпаратты пайдалана отырып, ақша аударымын алу үшін құжаттарды қолдан жасап алуы мүмкін. Аударым туралы деректерді үшінші тұлғалар үшін қолжетімсіз жерде сақтаңыз.
3. Аударымдарды бейтаныс тұлғаларға жіберуден сақ болыңыз. Есіңізде болсы, мұндай жағдайда Сіз алаяқтық құрбаны болып қалуыңыз мүмкін. Ақшалай қаражатты өзіңіз танитын және сенімді тұлғаларға аударыңыз.
4. Егер сіз бейтаныс адамнан ақша аударымын жіберу туралы өтініштің көшірмесін немесе операция туралы басқа ақпаратты беру туралы өтініш алсаңыз – бұл адаммен сөйлесуді дереу тоқтатыңыз, себебі бұл алаяқтық әрекеті болуы мүмкін.Ақша аударымдары ешқандай жағдайда төлем қабілеттілігін растау ретінде пайдаланылмайды.
5. Ақша аударымдарын алғанға дейін көп уақыт болса, әзірше жібермеңіз, мысалы, шетелге сапарды жоспарлау кезінде. Ақша аударымдары қызметтері аударымды 10-15 минут ішінде алуға мүмкіндік береді.
6. Аударымды жіберу/алу қажеттілігі туралы Сізге Банк атынан келіп түскен қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс-ке жауап бермеңіз. Банк аударымды жіберу/алу туралы клиенттерге қоңырау шалмайды және хабарлама/смс жібермейді.
7. Сіз лотереяда жеңгеніңіз/жүлде ұтып алғаныңыз туралы қоңырауларға/электрондық хабарламаларға/смс хабарламаларға жауап бермеңіз, оны алу үшін рәсімдеу, салықтарды, кедендік алымдарды және т. б. төлеу үшін белгілі бір ақша сомасын жіберуіңіз қажет деген жалған ақпарат.
Halyk арқылы Western Union Online ақша аударымына қойылатын шектеулер:
• бір аударымның максималды сомасы 2 500 USD (немесе теңгедегі эквивалент)
• тәулігіне аударымдардың максималды сомасы 10 000 USD (немесе теңгедегі эквивалент)
• айына аударымдардың максималды сомасы 25 000 USD (немесе теңгедегі эквивалент)
• айына 10 аударымдардан аспайды (жіберу/алу)
• 18 жастан асқан жеке тұлғалар (резиденттер/бейрезиденттер) жіберуші/алушы бола алады

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде