Алматы қ. бойынша газды бөліп төлеу арқылы тарту
Артықшылықтары
Жеңілдетілген кредиттің шарттары
Тұрғындарға 0% мөлшерінде кредит беру бағдарламасы* бойынша келесі шарттар ұсынылады:
Сыйақы мөлшерлемесі | 0% |
Займды ресімдегені үшін комиссия | 0,1% |
Кредиттеу мерзімі | 18 айға дейін |
Бір жеке тұлға үшін займның сомасы | 309 000 ₸ мөлшерінде |
* Бұл жоба тек Алматы қаласында орналасқан тұрғын үйлерге газ қосуды қарастырады (әкімдік тізіміне сәйкес жеке аулаға немесе үйге газ қосылады)
Заемшы - жеке тұлға банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Заемшы банктік заем шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Банк сондай-ақ:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеуге;
- заемшының банктік шоттарындағы ақшадан ақы өндіріп алуға;
- берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуға және коллекторлық агенттікке реттеуге беруге;
- сотқа талап арыз беруге құқылы
Қалай ресімдеу қажет
Жеңілдетілген шарттар бойынша кредитті ресімдеу үшін бар болғаны бірнеше қадам жасау қажет.
Назар аударыңыздар! Газды қосуға арналған пайызсыз кредит тек Алматы қаласында орналасқан тұрғын үйлерге ғана беріледі.
1 қадам. Неден бастау керек?
Абонент алғашқы кеңес алу үшін аудан әкімдіктеріне (тұрғын үй орналасқан жерде) жүгінуі қажет.
2 қадам. Кеңес алу
Абонентке «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Алматы филиалына хабарласу қажет:
- Мекенжайы: Алматы қ., Байзаков көшесі 125/185, «NOMAD» БО, 1-ші қабат, 411 каб.
- Анықтама үшін телефондары: +7 (727) 331-70-10, ішкі 5071, 5072, 5073, 5125
- Жұмыс уақыты: 09:00-ден 18:30-ға дейін
- Үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі, жексенбі: демалыс
Ол үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттардың түпнұсқасы болуы керек:
- Үй иесінің жеке куәлігі
- Құқық белгілеуші құжаттар (иесі туралы ақпарат, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты және т.б.)
- Техникалық паспорт/жобаның бекітілген эскизі
- Жер телімінің мемлекеттік актісі
- Газ жабдығының паспорты (бар болған жағдайда)
- Топографиялық түсірім
- Картада нысанның орналасу сызбасы (сол жерде дайындалады)
3 қадам. Газ қосылатын жерге бару
Абоненттің құжаттарын тексергеннен кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкері 1-2 күн ішінде газ қосылатын жерге барады.
4 қадам. Құжаттардың берілуі
Газ желісіне қосылу үшін қорытынды құжаттарды беру:
- Қызметті алу үшін абонентте техникалық шарттардың болуы («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкері нысанға барған күннен 5 күн ішінде беріледі)
- Техникалық шарттарды алған соң «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен газға қосылу шартын бекіту
5 қадам. Halyk Bank-пен шартты бекіту
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен Шарт жасасқаннан кейін абонент 0% кредитті ресімдеу үшін Halyk Bank-тің 2 бөлімшесінің біріне келуі қажет.
Абоненттің өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс:
- Жеке куәлігі
- Алматы қаласында орналасқан тұрғын үйге газ қызметтерін ұсыну туралы шарты («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен бекітілген)
Кредитті банктің екі бөлімшесінің бірінде ресімдей аласыз, олардың мекенжайлары:
- Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;
- Әуезов ауданы, «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО