Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Дебеттік карталар
Дебеттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
Halyk Bonus
Black
Diamond
Виртуалды карта
Жәрдемақыға арналған арнайы карта
Halyk Bonus Digital цифрлық картасы
Sinooil Digital цифрлық картасы
Жаппай сегмент үшін карталардың әрекет ету мерзімін ұзарту
Halyk Easy балалар мен жасөспірімдерге арналған карта
Кредиттік карталар
Кредиттік карталар
Негізгі 10 сұрақ
My Card
American Express Blue
American Express Gold
American Express Platinum
American Express White
MC/VISA Infinite
MasterCard Black Premium
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Тауарларды бөліп төлеп/кредитке сатып алу
Technodom-да
Sulpak-та
Alser-де
Evrika-да
Mechta.kz-те
FlyArystan-да
Шарттар
В AirAstana
В Viled
В Halyk Travel
В Airba
Депозиттер мен шоттар
Депозиттер мен шоттар
Негізгі 10 сұрақ
ҚДКҚ|KDIF-нің салымдарға кепілдігі
"Әмбебап" депозиті
"Барынша жоғары" депозиті
"AQYL" білім беру салымы
Ағымдағы шоттар
Металл шоттар
Жәрдемақыға арналған арнайы шоттар
Тұрғын үй төлемдеріне арналған арнайы шот
Мемлекеттік өтемақы бағдарламасы / депозитке 10% сыйлықақы
Банкомат дегеніміз не және ол қандай функцияларды атқарады?
Банкомат - бұл құрылғы. оның көмегімен Сіз картадан ақша ала аласыз және оны толықтыра аласазы. Сонымен қатар банкомат келесі функцияларды да атқарады:

• Мобильді және стационарлық байланыс қызметін төлеу
• Кредитті өтеу/депоизитті толықтыру
• Бюджетке төлем жүргізу (салық төлемдері, көлік, жер және мүлік, әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік баж салықтары және т.б.)
• Halyk Bank төлем карталарына аударымдар жүргізу (Сash-In қабылдау)
• Halyk Bank картасынан Halyk Bank-тегі кез келген ағымдағы шотқа аударым жасау
• Мобильді телефон нөмірі, картасыз код бойынша жіберілген қолма-қол ақшаны алу
• PIN-кодты орнату/ауыстыру
• «SMS-Банкинг» қызметін өшіру және тағы басқа қызметтер.
Halyk Bank банкоматтары қайда орналасқан?
Қазақстандағы әрбір екінші банкомат Halyk Bank банкомат жүйесінің банкоматы болып табылады. Банкоматтардың нақты орналасқан орындарын:
• Halyk қосымшасында
- Halyk-ті ашыңыз
- басты бетте "Мәзір" бөлімін таңдаңыз
- «Банк» бөліміне өтіңіз
- «Банкоматтар»-ды басыңыз
(қажет болған жағдайда өзіңізге іздеуге ыңғайлы параметрлерді таңдап фильтрді қолданыңыз)
• Банк сайтында, төмендегі сілтеме бойынша біле аласыз.
Банкоматтар картасы
Банкоматтардыі мекенжайларын және функцияларын қайдан көруге болады?
Банкоматтардың орналасқан орындары мен функциялары туралы :
• Halyk қосымшасында
- Halyk-ті ашыңыз
- басты бетте "Мәзір" бөлімін таңдаңыз
- «Банк» бөліміне өтіңіз
- «Банкоматтар»-ды басыңыз
(қажет болған жағдайда өзіңізге іздеуге ыңғайлы параметрлерді таңдап фильтрді қолданыңыз)
• Банк сайтында, төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
Банкоматтар картасы
Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақша алудың максималды сомасы?
Банкомат арқылы ақша алудың тәуліктік лимиті 700 000 (жеті жүз мың) теңгені немесе басқа валютадағы баламасын құрайды, сома Halyk қосымшасында 3 000 000 теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Сіз 3 000 000 теңгеден жоғары соманы Банк бөлімшесінен ала аласыз.
Картадан ақшалай қаражатты қолма-қолға айналдыру барысында комиссяи алынады ма?
Halyk Bank банкоматтар желісінде картадан қолма-қол ақша алу үшін:
• жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және депозит қаражаты үшін - 0 теңге
• айын 300 000 теңгеге дейін басқа да түсімдер - 0 теңге
• айына 300 000 теңгеден жоғары басқа да түсімдер - 1%

ҚР басқа банктерінің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу - 0,9% + 50 теңге

ҚР тыс банктерде банкоматтардан қолма-қол ақша алу - 1,5%, мин 1 000 теңге (лимит шеңберіндегі мультивалюталық карталар бойынша - 0 теңге)

«Халық Банк Грузия» АҚ, «Халық Банк Қырғызстан» ААҚ, «Москоммерцбанк» КБ (АБҚ), «Казкоммерцбанк Таджикистан» ЖАҚ , АКБ «Tenge Bank» (Узбекистан) желісінде - 0,6%, мин 400 теңге

Halyk Bank банкоматтарында картасыз Halyk қосымшасы арқылы қолма-қол ақша алу үшін:
•жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және депозит қаражаты үшін - 0 теңге
• айын 300 000 теңгеге дейін басқа да түсімдер - 0 теңге
• айына 300 000 теңгеден жоғары басқа да түсімдер - 1%

МАҢЫЗДЫ!
1. Welcome to Halyk (Visa Classic Instant) карталары бойынша және "Казкоммерцбанк" АҚ шығарған мультивалюталық карталар үшін қолма-қол ақша шығару комиссиясы 1% құрайды.
2. Mastercard World Elite Imperial карталары бойынша теңгемен банкоматтан қолма-қол ақша алу (код бойынша ақша алу) - Банк желісінде – 1%, айына 250 000 АҚШ доллары лимиті шеңберінде - 0 теңге.
Картаға қызмет көрсету тарифтері
Мен өз картама банкомат арқылы ақшалай қаражатты сала аламын ба?
Иә, егер банкоматта Cash-In функциясы бар болса, Сіз өз картаңызға ақша енгізе аласыз.
Егер өзіңізбен бірге картаңыз болмаса, Сіз өз картаңызға ақшалай қаражатты енгізу үшін Halyk Bank төлем терминалын қолдана аласыз. Толығырақ Нalyk bank терминалдары бөлімінде таныса аласыз.
Банкомат арқылы аударымдар жүзеге асыру кезінде қандай комиссия бар?
Карталар арасындағы аударымдар ( Visa немесе MasterCard бір төлем жүйесінің ішінде):
• ҚР кез келген банк картасынан Halyk Bank картасына - 0 тенге
• Банк картасынан ҚР басқа кез келген банк картасына - 1% + 200 теңге
• ҚР басқа банк карталары арасында - 1% + 200 теңге
• шетел банк картасының қатысуымен жүргізілетін аударымдар - 1% + 2 USD

Halyk Bank/Агент-банкі/Серіктес-банкі карталарының арасында Card2Card аударымдары*:
• Агент-банкі картасынан Банк/Агент-банкі картасына - 150 теңге
• Банк картасынан Агент-банкі картасына - 150 теңге

*Агент-банктері мен серіктес-банктер тізімімен Банк сайтында "Тарифтер" бөлімінде таныса аласыз (процестік қызметтерді пайдаланатын Банк тізімдері)
Неліктен Halyk Bank банкоматы қағаз ақшаны қабылдамайды?
Банкомат мынадай қағаз ақшаларды қабылдамайды:
• бұрыштары қайырылған болса;
• скотчпен жапсырылған;
• жыртылған;
• айналымнан шыққан.
Картаға PIN-кодты қалай алуға болады?
1. Мәтіні бар SMS жіберіңіз: 7111 нөміріне EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 цифры). Мысалы: EPIN1234
2. Сіздің нөміріңізге ePIN коды SMS бар келеді, ол 2 сағатқа ғана жарамды*
3. Картаңызды Нalyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және келген еPIN-ді енгізіңіз
4. Банкоматта "PIN-кодты орнату/ауыстыру" бөлімін таңдаңыз және өз PIN-кодыңызды орнатыңыз
Готово! PIN-код установлен.

* Егер банкоматта ePIN-ді PIN-кодқа 2 сағат ішінде ауыстырып үлгермесеңіз, келесі тәсілдердің біріміен қайтадан ePIN алыңыз:
1. SMS арқылы: мына мәтінмен SMS жіберіңіз: EPIN**** (**** – картаның соңғы 4 цифры) 7111 нөміріне. Мысалы: EPIN1234
2.Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып "Карта бойынша сервис алу" - «Карта бойынша уақытша PIN-код алу» таңдаңыз.
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
Егер Сіз PIN-кодты ұмытып қалсаңыз немесе оны ауыстырғыңыз келсе, онда Halyk қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN - кодты орнатыңыз:
• Halyk бағдарламасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• «PIN-код» - «PIN кодты орнату/ауыстыру»-ды басыңыз және нұсқауды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін банкоматта кез келген транзакция жүргізіңіз

PIN-кодты ауыстыру үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматын да пайдалануға болады, картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз:
• PIN-кодты ауыстыру
• Жаңа PIN-кодты енгізу
• Жаңа PIN-кодты растау
Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді.
Егер мен банкоматта картаны ұмытып кетсем не істеуім керек?
Егер Сізге карта шұғыл қажет болса, Сіз Halyk картасын 5 минут ішінде банктің кез келген бөлімшесінде бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып, қайта шығарып, оны бірден пайдалана бастай аласыз, Сіздің картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.
Сіз Halyk қосымшасында PIN-кодты оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз, "PIN-код" - "PIN-кодты орнату/өзгерту" тармағына өтіңіз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

Сондай-ақ, Сіз ұсталып қалған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Сіздің қалаңыздағы ұсталып қалған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk қосымшасындағы уақытша бұғаттауды алдын ала алып тастап, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта ұмытып кеткен картаны таңдаңыз, "Баптаулар" бөлімінде "Уақытша бұғаттау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды 7111 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы да алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay-ге байланыстырып, смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk қосымшасында ұялы байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000-нан астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз.
- Halyk-тегі кез келген картаға және телефон нөміріне ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша шешіп алыңыз.

Егер Сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып кетсеңіз: картаны ұмытып кеткен банкомат банкінің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Бөлімшелердің картасы
Бөлімшелер картасы
Halyk қосымшасымен аудару арқылы Halyk Bank банкоматынан қолма-қол ақшаны қалай алуға болады?
Қолма-қол ақшаны картасыз алу үшін сізге Halyk қосымшасында "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank кез келген банкоматында)" қызметін пайдалану қажет(cash by code қызметі):
• Halyk қосымшасында "Аударымдар" бөлімін ашыңыз
• "Ақшаны картасыз алу (Halyk Bank-тің кез келген банкоматында)" таңдаңыз
• Алынатын соманы және мобильді телефон нөміріңізді енгізіңіз
• Аударымды SMS арқылы растаңыз
• Банкоматтан ақша алу үшін Сізге екі SMS-код келеді
• Қолма-қол ақша алу үшін Halyk Bank банкоматында кез келген батырманы басыңыз
• "Код бойынша қолма-қол ақша алу"-ды таңдаңыз
• Банкоматқа жіберілген соманы және SMS арқылы келген кодтың екі бөлігін енгізіңіз
Дайын! Сіз қолма-қол ақшаны картасыз алдыңыз

Halyk Bank банкоматтарынан қолма-қол ақшаны картасыз алу шарттары:
• Комиссия:
- жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, депозиттік қаражат – 0%;
- басқа да түсімдер: айына 300 000 теңгеге дейін - 0 теңге, 300 000 теңгеден артық – транзакция сомасынан 1%
• Сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• Сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• Минималды алу сомасы – 2 000 теңге
• Алу сомасы 1 000 теңгеге еселік болуы тиіс (3 000 теңге алу үшін қолжетімсіз)
• Код 24 сағат ішінде жарамды
NFC қолдауы бар Halyk Bank банкоматтары арқылы қолма - қол ақшаны қалай алуға болады?
NFC төсбелгісі бар Halyk Bank банкоматтарында контактісіз операциялар жасауға болады.
Артықшылықтары:
• Сенімділік - картаны банкоматта ұстау қаупі жоқ
• Ыңғайлылық - оқырманға смартфонды немесе картаны алып келу жеткілікті

NFC технологиясын қалай қолданамын?
1) NFC қолдайтын смартфонды немесе картаны алыңыз
2) Банкомат NFC қолдайтынына көз жеткізіңіз
3) Смартфонды немесе картаны тіркеп, PIN кодын енгізіңіз

Контактісіз технология келесі жолдармен қол жетімді:
• VISA, Mastercard - PIN кодты ауыстырудан басқа барлық операциялар
• VISA картасымен байланысқан смартфондар - қолма-қол ақшаны алу және балансты тексеру

Егер сіздің картаңыздың PIN коды болмаса немесе оны ұмытып қалсаңыз, PIN кодты картаға орнатыңыз:
• Halyk-ты ашып, қажетті картаны таңдаңыз
• "PIN код" бөліміне өтіңіз
• "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
• SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Егер банкомат ақша бермесе, бірақ оны шоттан есептен шығарса, қанша уақыт ішінде өтініш жазуға болады?
Қайтару туралы өтінішті кез келген күні жазуға болады. Сіздің өтінішіңізді Банк қарастырады.
Банкомат арқылы операция жүргізу кезінде қателік туындаса, қайда хабарласу керек?
Егер сізде қолма-қол ақшаны толықтыру процесінде қателік туындаса және қаражат есептелмесе немесе алынбаса, Сіз бөлімшелерге қатынаспастан сайтта өтініш бере аласыз.
Біздің мамандар өтінішті қысқа мерзімде қарап, өтінішті қарастыру нәтижелерімен жауап береді.

Өтінімді жіберу үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз, бұл деректер бізге өтінішті жан-жақты қарастыруға көмектеседі.

Сонымен қатар сіз Halyk Bank-тің кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді және енгізілген сома туралы чекті (болған жағдайда) алуыңыз қажет.
Арызды қарауға өтінім
АҚШ долларымен картадан ақшаны қайдан алуға болады?
Halyk Bank-інің банкоматтарында қолма-қол ақша теңгемен, АҚШ долларымен беріледі. Байқоңырда банкомат арқылы рубльмен де шығаруға болады.
Картадан АҚШ долларындағы ақшаны алу Банк бөлімшесі және банкоматтар арқылы жүзеге асырылады (егер бұл функция бар болса).
100 000 АҚШ доллары немесе одан да көп соманы немесе басқа валютадағы баламасын алған кезде үлкен соманы алуға тапсырыс беру керек. Заңсыз қаржылық операцияларды болдырмау үшін клиенттің шотындағы ақшаның пайда болу/жиналу көзі және мақсатты пайдаланылуы туралы қосымша ақпарат қажет. Қажет болған жағдайда қосымша растайтын құжаттар сұралуы мүмкін. Түсіністікпен қарауыңызды өтінеміз, өйткені бұл талап мемлекеттік реттеуші белгілеген Қазақстан Республикасының барлық банктері үшін жалпы қабылданған.
Ресей Федерациясында Halyk Bank карталарынан ақшаны қалай алуға болады?
Назар аударыңыз! 09.03.2022 бастап Visa және MasterCard MPS Ресейде карточкалық операцияларды жүргізуді тоқтатты. Осыған байланысты Ресейде Halyk Bank-тің Visa және MasterCard карталарымен операциялар жүргізілмейді.
UnionPay карталарымен карточкалық операциялар әдеттегідей жүзеге асырылады. Ресейлік банктердің банкоматтарында қолма-қол ақша алу және санкцияланған банктерде Банк карталарымен басқа да карточкалық операциялар мүмкін емес.
Қазіргі уақытта Банк құрылғыларында (POS-терминалдар, банкоматтар) МИР карталарына қызмет көрсету мүмкін емес.
Сонымен қатар, сіз Halyk қосымшасында SWIFT жүйесі арқылы Ресей банкінде ашылған шотқа онлайн аударым жасай аласыз.

Назар аударыңыз! Western Union 2022 жылдың 24 наурызынан бастап Ресейге/Ресейден аударымдарды жіберуді/алуды тоқтатты.