Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Halyk Club деген не?
Halyk Club-бұл серіктестердің ең ірі желісі, онда банк клиенттері бонустар ала алады, тауарларды бөліп-бөліп сатып алады және бонустарды Банктің кез келген POS терминалында, сондай-ақ Halyk-те жұмсай алады.

Сатып алыңыз және бонустар алыңыз!
• 30% - Halyk Club серіктестер желісіндегі ең жоғары бонус;
• 10% – Банктің арнайы бағдарламалары мен акциялары бойынша ең жоғары бонус;
• Halyk POS-терминалдары арқылы сауда төлемақысын төлеп, 1%*-ға дейін бонустар алыңыз (QR, Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin Pay арқылы)

Сатып алуларыңызды бонустармен төлеңіз!
• Сатып алу және қызмет көрсету бонустарын Halyk Club серіктестер желісінде бөліктерге немесе толығымен төлеңіз
• Halyk қосымшасында Коммуналдық қызметтерге, ұялы байланысқа, Интернетке және 6000-нан астам қызметке ақы төлеңіз

Бөліп сатып алыңыз!
• Halyk Light серіктестерінің 18000-нан астам нүктелерінде 4 айға пайызсыз бөліп төлеу және артық төлеу
• Halyk light серіктестер желісінен тыс кез келген басқа POS-терминалда немесе онлайн-дүкенде сатып алу сомасының 1% ай сайынғы комиссиясымен 4 айға бөліп төлеу

*Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер бар
Cеріктестер тізімі
Бонустарды есептеуге арналған ерекшеліктер
Halyk мобильді қосымшасының тілін қалай ауыстыруға болады?
Halyk қосымшасының мазмұны клиенттерге үш тілде: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде қолжетімді. Қосымшаның баптауларында клиент үшін тілді таңдау қарастырылған:
• Halyk қосымшасының авторизация экранында
• Жоғарғы оң жақта Мәзір белгішесін басыңыз
• "Баптаулар", ары қарай "Тіл" батырмасын басыңыз да қосымшаның тілін таңдаңыз
Бұл ретте кейбір Android операциялық жүйесіндегі мобильді құрылғылар үшін – Halyk қосымшасында тілдің көрінуі мобильді құрылғы тілінің баптауына байланысты болады, яғни егер мобильді құрылғының тілі мемлекеттік тілде болса, сәйкесінше Halyk қосымшасы мемлекеттік тілде қолжетімді болады. iOS операциялық жүйесінде Банк қосымшасының тілін өзгерту жеткілікті.
Halyk арқылы картаға телефон нөмірі бойынша қалай ақша аударуға болады?
Мобильді телефон нөмірі бойынша аударым жасау талаптары:
• аударым Halyk Bank клиентінің мобильді нөміріне жіберіледі, қаражат алушының негізгі Halyk картасына аударылады.
• негізгі карта - басты бетте өз бетінше таңдалады және мобильді нөмір бойынша аударымдарды алуға арналған карта болып табылады. Әдепкіде ең белсенді карта негізгі карта болып табылады.

Halyk Bank карталары арасында аударымдар комиссиясыз жүргізіледі.
• Halyk-те басты экранда "Аударымдар" батырмасын басып, "Телефон нөмірі бойынша" батырмасын таңдаңыз
• Алушының мобильді нөмірін енгізіңіз не мекенжай кітабынан таңдаңыз
• Аударым сомасын енгізіп, аударым жасаңыз
Дайын! Сізге ақшаның есептен шығарылғаны туралы хабарлама келеді және ақша алушының шотына түседі. Сіз, сондай-ақ жіберушіден алған хабарламаға жауап бере аласыз.

Кеңес:
1) Егер сіз бір адамға жиі ақша аударатын болсаңыз, алушының телефон нөмірін мекенжай кітабынан іздемеу үшін оны тізімде сақтап қоя аласыз.
Ол үшін аударым жасағаннан кейін "Алушыны сақтау керек пе?" белгісін басуды ұмытпаңыз, содан кейін телефон нөмірін енгізудің қажеті болмайды.
2) Сондай-ақ, "Тарих" қосымша бетінде сіз жасаған аударымды көре аласыз, түбіртекті экранға шығарып, аударымды қайталай аласыз немесе бөлісе аласыз.
Halyk Bank-те аударымдар бойынша қандай лимиттер бар?
Halyk қосымшасындағы аударымдар/ операциялар бойынша лимиттердің жоғары мөлшерлері Halyk-те толық тіркеуден өткен клиенттер үшін сенімді құрылғыны орнату және жеке басын бейне-растау арқылы қолжетімді.

Halyk-тегі өз шоттары арасында аударуға шектеулер (депозиттен алуды қоспағанда, өнім бойынша шектеулерге байланысты):
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT/1 USD/1 EUR
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 50 000 USD, айына - 1 млн USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 30 000 USD, айына - 1 млн USD

Halyk Bank клиентіне мобильді нөмір бойынша картаға аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан Halyk Bank картасына аудару лимиті:

Halyk Bank картасынан басқа банктің картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 10 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Картадан/шоттан 20-таңбалы шотқа аударуға лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы ЕДБ-дағы үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 3 500 USD, тәулігіне - 7 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)
• сенімді құрылғы арқылы Halyk Bank-тегі үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)

Картадан Halyk (Cash by Code) желісінің кез келген банкоматына аудару лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• ең төменгі ақша шешіп алу сомасы: тәулігіне 2 000 теңге/ валютадағы баламасы.
• сома 1 000 теңгеге тең болуы тиіс (тек 3000 сомасын шешіп алуға болмайды)

Картадан шетелдік картаға аударуға лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

QR-кодқа аударымдарына лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Western Union аударымы лимиті:
• аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2500 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 25 000 USD.
• аударымдардың ең көп саны - айына 10 аударым.
Halyk-тегі аударым операцияларына арналған лимиттер
Halyk-те қалай тіркелуге болады?
Halyk мобильді қосымшасында тіркелу.
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Кіру/Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға ары қарай кіру үшін оған 4-таңбалы санды кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тің барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Жеке басын куәландыратын құжаты (жеке куәлігі, тұруға ықтиярхат, ҚР төлқұжаты) жоқ клиенттерге Halyk-те тіркелуге уақытша қолжетімсіз.
Паспорт деректерімен Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелуге қолжетімді.

Halyk Bank банкоматтары арқылы Halyk-ке тіркелу
• Картаны банкоматқа салыңыз да, PIN-кодты енгізіңіз
• "Halyk-ке тіркелу/SMS банкинг" бөлімін таңдаңыз
• "Halyk-ке тіркелу"-ді басыңыз
• Телефон нөмірін енгізіңіз, бұл нөмір Сіздің сенімді нөміріңіз болады
• Сенімді нөмірге коды бар SMS келеді
• Банкоматқа SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Сіздің сенімді нөміріңізге Halyk-ке кіру үшін уақытша парольмен SMS келеді.
МАҢЫЗДЫ! Уақытша пароль 48 сағат ішінде жарамды
Айырбастау операцияларына шектеулер
1. Бөлімшедегі қолма-қол шетел валютасын сатып алу/сату бойынша айырбастау операциялары бар*
*Назар аударыңыз! Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының азаматтарына шетел валютасын (USD, EUR, CHF, GBP) сату шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болған жағдайда мүмкін болады.

2. Валюта айырбастауы бар аударымдар қол жетімді және әдеттегідей жұмыс істейді, оның ішінде бір мезгілде түрлендірумен (егер аударым түрінде осындай шарттар болса).
Halyk қосымшасы арқылы теңгедегі аударымдар, соның ішінде айырбастау арқылы аударымдар тұрақты режимде (ресейлік банктердің карталарын қоспағанда және де 08.04.2022 жылдан бастап Қазақстан ВТБ-ға аударымдарды жіберу тоқтатылды.).

3. Конверсиямен депозиттік операциялар қол жетімді.
Операция жасалған кезде операция жүргізілген сәтте қолданыстағы қолма-қол ақшасыз айырбастау бағамы қолданылатын болады.
Карточкалық операциялар бойынша валютаны қолма-қол ақшасыз сатып алу/сату бағамын Банк күн сайын белгілейді және Банктің www.halykbank.kz сайтында орналастырылады.
Кепілсіз кредитті қалай алуға болады?
Кредит алуға өтінімді Сіз Банк сайтында, Halyk-те онлайн немесе банктің жақын бөлімшесіне өтініш білдіру арқылы бере аласыз.
Кредит алу үшін Сізге жеке басты куәландыратын құжат керек.

Онлайн-кредит алу үшін Halyk Bank картасы болу және 3 қадаммен кредит алу қажет:
1. Halyk мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз
2. Halyk-те тіркеліңіз
3. Әлемнің кез келген елінде аптасына 7 күн 5 минутта онлайн-кредит алыңыз

Егер карта жоқ болса, оған Halyk қосымшасында тегін жеткізіп берумен тапсырыс беруге немесе бөлімшеде жедел алуға болады.
Halyk Bank клиенттеріне арналған Halyk тегін мобильді қосымшасын Apple Store-да және Play Market-те жүктеп алуға болады.
Өтінім беру
Жеке куәлігіңді ұмытып кеткен жағдайда Halyk Bank бөлімшесінде қызмет көрсетіле ме?
Иә, рады сообщить, что в Halyk Bank-те "Цифрлық құжаттар" жаңа сервисі ендіріліп жатқанын қуана хабарлаймыз. Бұл сервис жеке куәліктің түпнұсқасын талап етпей, жеке басты куәландыратын цифрлық құжат негізінде клиенттерге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Цифрлық құжатты қалай алуға болады:
1. eGov mobile қосымшасын ашу
2. «Сервистер» бөлімінде "Цифрлық құжаттарға" басу
3. 2 жолмен авторизациядан өтуге болады:
• ЭЦҚ парольді теру арқылы немесе
• SMS арқылы (клиенттің ЖСН теріп, телефон нөмірін енгізгеннен кейін телефон нөміріне 5-таңбалы код жіберіледі)
4. Құжаттар бөлімінен "Жеке куәлікті" таңдау және "Құжатқа рұқсатты ашу" батырмасын басу
5. Экранға шығатын қысқа кодты менеджерге айту

Цифрлық құжаттарды келесі жағдайларда пайдалануға болады:
1) Картаны шығару, қайта шығару;
2) Шотты және депозиттерді ашу;
3) Шоттың болуы туралы анықтама, 20-таңбалы шоттар туралы хабарламалар;
4) Деректерді өзгерту

Цифрлық құжаттарды қолдана отырып, келесі операцияларды жүргізуге қатаң тыйым салынады:
1) Кредиттерді, кредит карталарын ресімдеу;
2) Банктің қосымшасында тіркелу;
3) 3 тұлғаның шоттарына аударымдарды/ұзақ мерзімді тапсырмаларды ресімдеу;
4) Клиенттердің шоттарынан шығыс операцияларының барлық түрлері.
Егер мен банкоматта картаны ұмытып қалсам не істеуім керек?
Егер Сізге жедел карта керек болса:
1) Өзіңізге қосымша картаны Halyk қосымшасында онлайн режимінде шығаруға болады: «Шоттар» бөлімінде картаңызды таңдаңыз - «Картаға тапсырыс беру» түймесін басыңыз - Қосымша картаны ашыңыз.
Сізге жеткізуі бар әрекеттегі шотыңызға қосымша карта шығарылатын болады.
2) Сіз Halyk Bank картасын банктің кез келген бөлімшесінде 5 минутта, бұрынғы қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып қайта шығара аласыз және бірден пайдалана бере аласыз, картаңыздағы қаражат қолжетімді болады.

PIN-кодты Сіз Halyk қосымшасында оңай орната аласыз: қажетті картаны таңдаңыз, «PIN-код» батырмасын таңдап және «PIN кодты орнату/ауыстыру» батырмасын таңдаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

Сондай-ақ, Сіз ұсталған картаңыздың банк бөлімшесіне жеткізілуін күте аласыз:
• 5 жұмыс күні ішінде Сізге бөлімшенің мекенжайы көрсетілген SMS жіберіледі, онда Сіз өз картаңызды ала аласыз. Сіздің қалаңыздағы ұсталған карталарды беру бөлімшелерінің тізімімен төмендегі сілтеме бойынша таныса аласыз.
• Картаны алғанға дейін Сіз Halyk қосымшасында уақытша бұғатты алдын ала алып тастай отырып, өз картаңызды пайдалануды жалғастыра аласыз: банкоматта қалдырған картаны таңдаңыз, «Оқшаулар» бөлімінде "Уақытша оқшаулау" опциясын өшіріңіз.
Бұғаттауды, сондай-ақ Байланыс орталығына 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы алып тастауға болады.
Картаны бұғаттан шығарғаннан кейін және оны алғанға дейін Сізге барлық операцияларды жасауға болады:
- Картаны Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay карталарына байлаңыз және смартфонмен төлеңіз.
Жанасусыз төлемдерді орнату нұсқаулығымен арнайы бөлінген бөлімдерде танысыңыз.
- Halyk қосымшасында мобильді байланыс, интернет, кабельді теледидар, коммуналдық және 6000 астам басқа қызметтерді комиссиясыз төлеңіз және бонустар алыңыз.
- Halyk-те кез келген картаға және телефон нөмірі бойынша ақша аударыңыз
- Halyk Bank банкоматынан картасыз қолма-қол ақша алыңыз

Егер сіз картаны басқа банктің банкоматында ұмытып қалсаңыз: картаны ұмытып кеткен банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Бөлімшелер картасы
Жеке куәлікті ұмытып кетсем, Halyk Bank бөлімшесінде қызмет ала аламын ба?
Иә, Halyk Bank-ке "Цифрлық құжаттар" жаңа сервисінің енгізіліп жатқанын хабарлауға қуаныштымыз. Бұл сервис клиенттерге жеке куәліктің түпнұсқасын талап етпей, жеке басты куәландыратын цифрлық құжат негізінде қызмет көрсету мүмкіндігін береді.

Цифрлық құжатты қалай алуға болады:
1. eGov mobile қосымшасын ашыңыз
2. "Сервистер" бөлімінде "Цифрлық құжаттар"-ды басыңыз
3. Авторизациядан 2 жолмен өте аласыз:
• ЭЦҚ паролін теру арқылы немесе
• SMS арқылы (ЖСН тергеннен соң және клиенттің телефон нөмірін енгізгеннен кейін телефон нөміріне 5 таңбалы код жіберіледі)
4. Құжаттар бөлімінен "Жеке куәлік"-ті таңдаңыз және "Құжатқа қол жеткізуді ашу" батырмасын басыңыз
5. Менеджерге экранда көрінген қысқа кодты хабарлаңыз

Цифрлық құжаттарды келесі жағдайларда пайдалануға болады:
1) Картаны шығару, қайта шығару;
2) Шот пен депозит ашу;
3) Шоттың бар екендігі туралы анықтама, 20 таңбалы шот туралы хабарлама;
4) Деректерді өзгерту

Цифрлық құжаттарды қолдана отырып, келесі операцияларды жүргізуге қатаң тыйым салынады:
1) Кредиттерді, крдеит карталарын ресімдеу;
2) Банк қосымшасында тіркелу;
3) 3-ші тұлғалардың шоттарына аударымдар/ұзақ мерзімді тапсырмалар ресімдеу;
4) Клиент шоттарынан шығыс операциялардың барлық түрлері.
Halyk Bank-те аударымдар бойынша қандай лимиттер мен шектеулер бар?
Сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау мақсатында Halyk Bank-тің барлық картасына белгілі бір операцияларды жүргізудің ең жоғары/ең төменгі сомасына әдепкі лимиттер белгіленген, оларды сіз Halyk-тен уақытша алып тастай/орната аласыз.

Halyk қосымшасындағы аударымдар/ операциялар бойынша лимиттердің жоғары мөлшерлері Halyk-те толық тіркеуден өткен клиенттер үшін сенімді құрылғыны орнату және жеке басын бейне-растау арқылы қолжетімді.

Halyk-тегі өз шоттары арасында аударуға шектеулер (депозиттен алуды қоспағанда, өнім бойынша шектеулерге байланысты):
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT/1 USD/1 EUR
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 50 000 USD, айына - 1 млн USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 30 000 USD, айына - 1 млн USD

Halyk Bank клиентіне мобильді нөмір бойынша картаға аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан Halyk Bank картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан басқа банктің картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 10 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Картадан/шоттан 20-таңбалы шотқа аударуға шектеу:
• сенімді құрылғы арқылы ЕДБ-дағы үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 3 500 USD, тәулігіне - 7 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)
• сенімді құрылғы арқылы Halyk Bank-тегі үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)

Картадан Halyk (Cash by Code) желісінің кез келген банкоматына аудару лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• ең төменгі ақша шешіп алу сомасы: тәулігіне 2 000 теңге/ валютадағы баламасы.
• сома 1 000 теңгеге тең болуы тиіс (тек 3000 сомасын шешіп алуға болмайды)

Картадан шетелдік картаға аударуға лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

QR-кодқа аударымдар: