Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Қалай ресімдеуге болады?

Интернет-дүкенде тауарды бөліп төлеу немесе кредит арқылы қалай сатып алуға болады?
1) тауарларды таңдау және тапсырысты қалыптастыру App Store-де және Play Market-те қолжетімді Airba серіктесінің қосымшасында жүзеге асырылады
2) таңдалған тауарды себетке қосыңыз
3) байланыс деректерін толтырыңыз және тауарды алу тәсілін таңдаңыз (жеткізу немесе өзі алып кету)
4) "Төлем тәсілі" деген бағанда Halyk Bank-тің кредиті немесе бөліп төлеуі арқылы төлеу дегенді таңдаңыз және кредит берудің немесе бөліп төлеудің қалаулы мерзімін көрсетіңіз;
5) Halyk Bank-тен ұсыныс алғаннан кейін Halyk* қосымшасына өтіңіз
6) Таңдалған тауарларды, соманы, мерзімді тексеріңіз ** және "Бұдан әріні" басыңыз
7) Талаптармен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ-ны қойыңыз
8) Өз келісіміңізді SMS-тен келген кодпен растаңыз, тауарды алған кезде курьерге SMS-тен келген кодты айтыңыз

Дайын! Сіздің тапсырысыңыз құрылған сәттен бастап 24 сағат ішінде жарамды.

* бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеу үшін бөлімшеге бармай-ақ, жеке басты бейне растау арқылы Halyk-те онлайн тіркеуден өту қажет
** таңдалған мерзімге қарай кредитке немесе бөліп төлеуге ресімдеуді таңдаңыз
Halyk қосымшасында қалай тіркелуге болады?
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, қазір Банктің клиенті болу оңай! Halyk қосымшасын жүктеп алыңыз және Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн қызметтеріне қол жеткізіңіз.
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Телефон нөмірін енгізіңіз
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға ары қарай кіру үшін оған 4-таңбалы санды кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тің барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Төлқұжат деректері бар Halyk жүйесінде Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелу және кіру мүмкіндігін қалпына келтіру мүмкін.
Кредит/бөліп төлеу арқылы қанша тауар сатып ала аламын?
Тауарды кредитке/бөліп төлеу арқылы сатып алуға саны бойынша шектеулер жоқ. Бұл ретте, тапсырыс сомасы 4 000 теңгеден кем болмауы және 6 000 000 теңгеден аспауы тиіс.
Шешім қаншалықты тез қабылданады?
Бөліп төлеуді/ кредитті мақұлдау туралы шешімді жүйе санаулы минут ішінде автоматты түрде қабылдайды, бірақ бұл ретте әрбір өтінім жеке қаралатынын ескеруді сұраймыз.
Шартқа қол қою қажет пе?
Шартқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Сіз ЭЦҚ шығару туралы келісімді Halyk қосымшасында тіркеуден өткен сәтте, бөліп төлеуді/ кредитті ресімдеу кезінде бересіз.
Шартты/өтеу кестесін қалай ала аламын?
"Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпарат Halyk қосымшасында қолжетімді:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: бөліп төлеуді/кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады