Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Қалай ресімдеуге болады?

Билеттерді бөліп төлеуге қалай рәсімдеуге болады?
1. Halyk-ті * ашыңыз, басты бетте "Travel-ді" таңдаңыз
2. Әрі қарай "Әуе билеттері" блогындағы "Өту-ді" басыңыз
3. HalykTravel қосымшасын орнатыңыз (App Store-де және Google Play-де қол жетімді)
4. HalykTravel қосымшасында әуе немесе т/ж билетін брондаңыз
5. "Төлем тәсілі" блогында бөліп төлеу арқылы төлеуді таңдаңыз және бөліп төлеудің немесе кредиттің қалаулы мерзімін көрсетіңіз
6. Сауалнаманы толтырыңыз
7. Төлем сомасын, мерзімін, күнін тексеріңіз
8. Кредиттік құжаттамамен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қойыңыз
9. Өз келісіміңізді SMS-тен келген кодпен растаңыз
Дайын! Экранда рейске тіркелу үшін қажет брондау нөмірі көрсетіледі. Сіздің электрондық мекенжайыңызға билеттер түседі.

* бөліп төлеуді немесе кредитті рәсімдеу үшін, бөлімшеге бармай-ақ жеке басты бейне растау арқылы Halyk-те онлайн тіркеуден өту қажет
Halyk қосымшасында қалай тіркелуге болады?
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, қазір Банктің клиенті болу оңай! Halyk қосымшасын жүктеп алыңыз және Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн қызметтеріне қол жеткізіңіз.
1. Halyk қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS (iPhone) үшін App Store-дан жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашып, "Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Телефон нөмірін енгізіңіз
• Мобильді нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өз ЖСН енгізіп, Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сай жеке бастың бейне-растауынан өтіңіз
• Қосымшаға ары қарай кіру үшін оған 4-таңбалы санды кіру кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk-тің барлық артықшылығын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.

Төлқұжат деректері бар Halyk жүйесінде Android платформасында 5.16.0 нұсқасынан бастап тіркелу және кіру мүмкіндігін қалпына келтіру мүмкін.
Шешім қаншалықты тез қабылданады?
Бөліп төлеуді/ кредитті мақұлдау туралы шешімді жүйе санаулы минут ішінде автоматты түрде қабылдайды, бірақ бұл ретте әрбір өтінім жеке қаралатынын ескеруді сұраймыз.
Шартқа қол қою қажет пе?
Шартқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Сіз ЭЦҚ шығару туралы келісімді Halyk қосымшасында тіркеуден өткен сәтте, бөліп төлеуді/ кредитті ресімдеу кезінде бересіз.
Шартты/өтеу кестесін қалай ала аламын?
"Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпарат Halyk қосымшасында қолжетімді:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: бөліп төлеуді/кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады