Картаны қалай пайдалануға болады?

PIN-кодты қалай орнатуға және картаны іске қосуға болады?
"1. Halyk Homebank қосымшасы арқылы:
* Halyk Homebank қосымшасын ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту "тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген операцияны жүргізіңіз.

2. Банкомат арқылы:
* EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Сіздің нөміріңізге 2 сағат бойы әрекет ететін ePIN коды бар SMS келеді*
* Картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және алынған ePIN енгізіңіз
* Банкоматта "PIN-кодты орнату / өзгерту" бөлімін таңдап, жеке PIN-кодты орнатыңыз
Дайын! PIN коды орнатылған.

* Егер сіз банкоматта 2 сағат ішінде ePIN-ді PIN-кодқа өзгертуге уақытыңыз болмаса, келесі әдістердің бірімен ePIN-ді қайта алыңыз:
* SMS арқылы: EPIN**** мәтінімен (**** – картаның соңғы 4 саны) 7111 нөміріне SMS жіберіңіз. Мысалы, EPIN1234
* Байланыс орталығы арқылы: 7111 нөміріне қоңырау шалып, "Карта бойынша сервис алу" → "Карта бойынша уақытша PIN-код алу" таңдаңыз.

Картаны күн ағымында іске қосуға болады."
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
"Сіз PIN-кодты келесі тәсілдердің бірімен өзгерте аласыз:

1. Halyk Homebank-те PIN-кодты өзгерту:
Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk Homebank қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk Homebank-ты ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматында PIN-кодты өзгерту:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN кодын енгізіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді."
Сенімді нөмірді қалай орнатуға немесе өзгертуге болады?
"Сенімді нөмір - бұл сіздің тіркелген мобильді нөміріңіз, ол Halyk Homebank-тегі логин болып табылады, SMS хабарламалар мен байланыс орталығына 7111 нөмірі бойынша қоңырау шалған кезде қызметтерді алу үшін пайдаланылады.
Егер сіздің мобильді нөміріңіз Halyk Bank-те тіркелмеген немесе өзгерген болса, оны орнату қажет.
Сенімді Нөмірді орнату және ауыстыру Halyk Bank-тің кез келген банкоматында қолжетімді:
1. Картаны банкоматқа салыңыз және PIN-кодты енгізіңіз
2. "Қосымша қызметтер", содан кейін "Сенімді нөмір" опциясын таңдаңыз
3. Телефон нөміріңізді енгізіп,"Жалғастыру" батырмасын басыңыз
4. Сіздің сенімді нөміріңізге SMS келеді
5. SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз"
Halyk Light картасымен қай жерде бөліп төлеу арқылы сауда жасай аламын?
Сіз 4 айға бөліп төлеу арқылы сатып алсаңыз болады:
* Halyk Light серіктестерінің 10 000-нан астам нүктесінің желісінде артық төлемсіз 4 айға бөліп төлеу арқылы сатып алу. Сатып алудан бұрын серіктестен/дүкеннен Halyk Light-пен серіктестіктің қазіргі мәртебесін нақтылау қажет.
Мысал:
Сіз light бөліп төлеу картасымен 10 000 теңге сомасына төлем жасадыңыз. Ай сайынғы төлем 2 500 теңгені құрайды.

* Halyk Light серіктестерінің желісінен тыс кез келген POS-терминалда немесе онлайн-дүкенде кез келген сатып алу сомасынан 1% ай сайынғы комиссиямен 4 айға бөліп төлеу арқылы сатып алу
Мысал:
Сіз сатып алуды Halyk Light картасымен 10 000 теңге сомаға төледіңіз. Ай сайынғы төлем 2 600 теңгені құрайды, 4 айдағы артық төлемнің жалпы сомасы – 400 теңге.
Мен картасыз төлей аламын ба?
Иә, Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay көмегімен смартфонмен картасыз сатып алу үшін төлем жасай аласыз.
Толығырақ арнайы бөлінген бөлімдерден біліңіз.
Halyk light серіктесі және Halyk Light серіктесі емес деген не?
Halyk Light серіктесі - бұл Банктің POS терминалы/e-com-ы бар және Halyk Light картасы бойынша бөліп төлеуді ұсынуға банкпен келісім жасасқан сауда нүктелері. Halyk Light серіктестерінен барлық сатып алулар комиссиясыз өтеді. Halyk light серіктесі емес - Halyk light картасын ұсыну туралы келісімсіз сауда нүктесі, Halyk light серіктестері емес банктің POS терминалы/e-com болуы мүмкін/болмауы мүмкін. Halyk Light серіктестерінен емес барлық сатып алулар сатып алу сомасының 1% мөлшерінде ай сайынғы комиссия алумен өтеді.
Сауда нүктесі/интернет-сайт Halyk Light серіктесі екенін қалай білуге болады?
Halyk Light бойынша әріптестер болып табылатын барлық нүктелерде тану жапсырмалары/стикерлері орналастырылған, банк серіктестерінің тізімі төмендегі сілтеме бойынша Банк сайтында орналастырылған.
Список партнеров
Halyk Light көмегімен қандай сомаға сатып алуға болады?
Сатып алуды кредиттік лимит шегінде жасауға болады, сатып алудың ең аз сомасы - 200 теңге
Егер Мен Halyk Light серіктесінен бөліп төлеу арқылы сатып алсам, мен комиссия төлеймін бе?
Нет, покупка для Вас будет без удержания комиссий.
Егер Мен Halyk Light серіктесі емес жерден бөліп төлеу арқылы сатып алсам, мен комиссия төлеймін бе?
Ия, сіз үшін сатып алу сомасының 1% мөлшерінде ай сайынғы комиссияны ұсталады.
Шетелде бөліп төлеу арқылы сатып алуға бола ма?
Иә, бұл ретте сатып алу сомасының 1% мөлшерінде ай сайынғы комиссия ұсталады.
Интернетте бөліп төлеу арқылы сатып алуға бола ма?
Иә, болады.
Бөліп төлеу арқылы сатып алу кезінде шектеулер бар ма?
Белсенді бөліп төелеу арқылы сатып алулардың ең үлкен саны - 50. Бөліп төлеуді өтеу шамасына қарай клиент келесі сатып алуды жүзеге асыра алады, бірақ 50 өтелмеген бөліп төлеу шегінде.
Картадағы қолжетімді соманы және бонустар мөлшерін қалай тексереді?
Картадағы бонустардың қолжетімді мөлшері мен санын былайша білуге болады:
* Halyk Homebank мобильді қосымшасында
* Halyk Bank-тің кез келген банкоматында "Картадағы қолжетімді сома" опциясын таңдаңыз
* Байланыс орталығында 7111 нөмірі бойынша"
Бөліп төлеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерін қалай білуге болады?
1. Әрбір бөліп-бөліп сатып алу сомасы автоматты түрде 4 ай сайынғы төлемге бөлінеді
2. Сатып алғаннан кейін сіз төлемді растайтын SMS аласыз
3. Сіз бөліп төлеу арқылы барлық сатып алулар бойынша ай сайынғы төлем сомасы мен күні туралы еске салатын SMS аласыз
4. Өтеу кестесін Halyk-тің веб-нұсқасы Homebank.kz-тен көре аласыз: картаны таңдап, "Light Бөліп төлеу" бөліміне кіріңіз
Ай сайынғы төлемді қашан төлеу керек?
Ай сайынғы төлемді төлеу мерзімі - әр айдың 1-нен 15-не дейін.
Мысалы,
Сатып алу күні - 25 наурыз, төлем мерзімі 1 сәуірден 15 сәуірге дейін

Бұл ретте, егер сатып алу ағымдағы айдың 15-не дейін төленген болса, бірінші төлем күні келесі айдың 1-нен 15-не дейін болады.
Мысалы,
Сатып алу күні -10 наурыз, төлем мерзімі 1 сәуірден 15 сәуірге дейін.

Маңызды! Бұл ретте, егер сіз айдың 16-дан 31-күніне дейінгі кезеңде төлем жасаған болсаңыз, онда төлем сомасы кредиттік лимиттің пайдаланылған сомасын мерзімінен бұрын өтеуге бағытталатын болады және келесі айдың 1-ші күні мерзімінен бұрын өтеуді ескере отырып, кредиттік лимиттің пайдаланылған сомасының қалдығына ай сайынғы төлем қойылады.

Мысалы,
Сатып алу күні - 10 наурыз, сатып алу сомасы - 50 000 теңге
Наурыз айының 16-31 күндері аралығында сіз 10 000 теңге төледіңіз, осылайша 1 сәуірде пайдаланылған лимит қалдығы 40 000 теңге негізінде төлем ұсынылатын болады.
Ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?
Halyk Light картасын комиссиясыз кез келген ыңғайлы тәсілмен толықтырыңыз:
1. Halyk Homebank-тегі шоттан немесе картадан Halyk Light картасына ақша аудару
2. Halyk Bank терминалдары немесе банкоматтары арқылы картаны толықтыру
3. Halyk Light картасына басқа банктің картасынан аудару
Бөліп төлеуді толық немесе ішінара өтеу кезінде комиссия бөліп төлеудің барлық кезеңі үшін төленеді.
Мерзімінен бұрын толық өтеуге бола ма?
Иә, бөліп төлеуді мерзімінен бұрын өтеген жағдайда бөліп төлеу картасы бойынша лимит жаңартылады.
Halyk Light-пен аудармалар жасай аламын ба?
Жоқ, Halyk light картасы бойынша тек бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.
Halyk light картасынан ақша ала аламын ба?
Карта бойынша серіктестер желісінде бөліп төлеу арқылы сауда жасай аласыз. Өз қаражатыңызды толтыру / қолма-қол ақшаны алу мүмкін емес.
Бөліп төлеу арқылы сатып алуды QR-кодпен төлеуге бола ма?
Жоқ.
Картаны Halyk Homebank-қа байланыстыруға бола ма?
Иә, смартфонда Halyk Homebank қосымшасымен, немесе Halyk Homebank-тің веб-нұсқасымен қолданыңыз. Сізге төлемдер мен аударымдар ғана емес, сондай-ақ жүздеген онлайн операциялар қолжетімді болады: шоттардан/карталардан/депозиттерден алу, толықтыру, кредит, бөліп төлеу арқылы тауар алу, турларды сатып алу және тағы басқалар.

Halyk Homebank мобильдік қосымшасына тіркелу:
1. Halyk Homebank қосымшасын Android үшін Play Market-тен немесе iOS үшін App Store-дан (iPhone) жүктеп алыңыз
2. Бағдарламаны ашып,"Тіркелу" батырмасын басыңыз:
• Телефон нөмірін теріңіз
• Ұялы нөмірге жолданған SMS-тегі кодты теріңіз
• Сіздің ЖСН-ді еңгізіп, Құпиялылық саясатыныңталаптарымен танысыңыз
• Тұлғаны бейне-растаудан өтіңіз
• Сұратқан жағдайда, жеке куәлікті сканерлеңіз*
• Ары қарай қосымшаға кір үшін қосымшаға кіруге арналған 4-таңбалы код орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebankтің барлық артықшылықтарын 24/7 бүкіл әлем бойынша пайдаланыңыз.

*Жеке куәлігі, немесе тұруға ықтиярхаты жоқ клиенттерге Halyk Homebank-те тіркелу уақытша қолжетімсіз.
Смотреть видео-инструкцию
Басқа валютамен төлеген кезде айырбастау қалай өтеді?
Банк қаражатты есептен шығару сәтіндегі төлемнің ағымдағы бағамы бойынша соманы айырбастауды жүзеге асырады.
Төлем валютасы - KZT-ні таңдағанда шетелдегі картадан төлем жасаған кезде қосымша комиссия алынуы мүмкін бе?
Иә, комиссия алынуы мүмкін, өйткені операция DCC ("валютаны динамикалық айырбастау", Dynamic Currency Conversion) қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметтің мәні клиентке оның таңдауы бойынша эмитент Банкі елінің валютасы - қазақстандық теңгемен төлем ұсыну болып табылады. Бұл жағдайда қосымша айырбастау өтеді, комиссияны эквайер Банкі алады.
Шетелдегі картадан төлем жасау кезінде төлем валютасы - келген елдің валютасын таңдау кезінде қосымша комиссия алынуы мүмкін бе?
Жоқ, бұл жағдайда қосымша комиссиялар алынбайды. Карталық шотты жүргізу валютасы мен төлем валютасы сәйкес келмеген кезде валютаны сатып алу үшін стандартты комиссиялар және Банктің бағамы мен тарифтеріне сәйкес шетелде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін комиссиялар алынады. Моновалюталық карталар бойынша ақшаны есептен шығару эквайер Банкінен операция жүргізілгенін растайтын қаржылық құжат түскен сәтте қолданылатын бағам бойынша өтеді.
Картаны қалай жабуға болады?
Картаны жабу үшін банктің жақын жердегі бөлімшесіне хабарласу қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.
Мен картаны on-line (онлайн) режимінде жаба аламын ба?
Жоқ, картаны жабу Банк бөлімшесіне жүгінген кезде ғана мүмкін болады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.