Карта бойынша лимиттер

Карталарда лимиттер не үшін белгіленген?
Шектеулер сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау үшін енгізілген.
Бұл ретте Halyk Homebank қосымшасында Сізде белгілі бір операцияларды жүргізуге шектеуді орнату/алып тастау мүмкіндігі бар.
Halyk Homebank-те операциялардың қандай түрлерін жүргізу кезінде лимиттер бар?
"Өз карталарың арасындағы аударым сомасына лимит
* ҚР кез келген банктерінің картасынан аудару сомасына лимит
* Картадан кез келген шетелдік картаға аудару сомасына лимит
* Мобильді нөмір бойынша картаға аудару сомасына лимит
* Halyk желісінің кез келген банкоматына картадан аудару сомасына лимит
* Депозиттен ішінара ақша алу сомасына лимит (Halyk Homebank арқылы картаға депозит қаражатын аударған кезде)
* "3 тұлғаға алушының шот нөмірі бойынша аударым" аударым сомасына лимит (жеке және заңды тұлғаларға банк ішінде және басқа банктерге IBAN шот нөмірі бойынша аударым)
* Картадан ағымдағы шотқа аудару сомасына лимит
* Ағымдағы шоттан картаға аудару сомасына лимит
* Halyk Homebank-те депозитті толтыру сомасына лимит
* Қазақстан және шетел бойынша банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны алудың максималды сомасына лимит
Қандай операцияларды жүргізуге шектеулерді орнатуға/алып тастауға болады?
Сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттерінен қосымша қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, әдепкі бойынша карталарда келесі төлемдер мен қолма-қол ақшаға айналдыру лимиттері белгіленген.
* Қолма-қол ақшаның максималды мөлшеріне шектеулер
* Интернет желісіндегі транзакцияларға шектеулер
* POS-терминалдардағы транзакцияларға шектеулер
* чипі жоқ АТМ-да транзакцияларға шектеулер
* Брокерлік қызметтерге шектеулер
Сіз Halyk Homebank қосымшасына лимиттерді уақытша алып тастай/ орната аласыз."
Аударымға Halyk Homebank-те қандай шектеулер/лимиттер белгіленген?
Сіздің қаражатыңызды үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау мақсатында Halyk Bank-тің барлық картасына белгілі бір операцияларды жүргізудің ең жоғары/ең төменгі сомасына әдепкі лимиттер белгіленген, оларды сіз Halyk Homebank-тен уақытша алып тастай/орната аласыз.

Halyk Homebank қосымшасындағы аударымдар/ операциялар бойынша лимиттердің жоғары мөлшерлері Halyk Homebank-те толық тіркеуден өткен клиенттер үшін сенімді құрылғыны орнату және жеке басын бейне-растау арқылы қолжетімді.

Halyk Homebank-тегі өз шоттары арасында аударуға шектеулер (депозиттен алуды қоспағанда, өнім бойынша шектеулерге байланысты):
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT/1 USD/1 EUR
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 50 000 USD, айына - 1 млн USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: тәулігіне - 30 000 USD, айына - 1 млн USD

Halyk Homebank-тегі депозиттен (депозиттен картаға ақша аударымы) салымнан шектеулер:
• ең төменгі сома - 50 теңге / 1 USD / 1 EUR;
• сенімді құрылғы арқылы алудың максималды сомасы: 1 операция үшін - 2500 USD, күніне - 5000 USD (соманы банкомат арқылы 40 000 000 KZT / 100 000 USD / 80 000 EUR дейін көбейтуге болады), айына - қол жетімді емес
• сенімсіз құрылғы арқылы алудың максималды сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, күніне - 750 USD (соманы банкомат арқылы 10 000 000 KZT / 25 000 USD / 20 000 EUR дейін көбейтуге болады), айына - жоқ

Halyk Bank клиентіне мобильді нөмір бойынша картаға аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан Halyk Bank картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Halyk Bank картасынан басқа банктің картасына аудару лимиті:
• аударымның ең төменгі сомасы - 50 KZT
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 10 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Картадан/шоттан 20-таңбалы шотқа аударуға шектеу:
• сенімді құрылғы арқылы ЕДБ-дағы үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 3 500 USD, тәулігіне - 7 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)
• сенімді құрылғы арқылы Halyk Bank-тегі үшінші тұлғаның шотына аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD (сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD)

Картадан Halyk (Cash by Code) желісінің кез келген банкоматына аудару лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы ең жоғары ақша шешіп алу сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 2 500 USD, айына - 10 000 USD
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD/ 300 000 KZT, тәулігіне - 1200 USD/ 500 000 KZT, айына - 10 000 USD/ 4 200 000 KZT
• ең төменгі ақша шешіп алу сомасы: тәулігіне 2 000 теңге/ валютадағы баламасы.
• сома 1 000 теңгеге тең болуы тиіс (тек 3000 сомасын шешіп алуға болмайды)

Картадан шетелдік картаға аударуға лимиті:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 2 500 USD, тәулігіне - 5 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

QR-кодқа аударымдар:
• сенімді құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 5 000 USD, тәулігіне - 10 000 USD, айына - 150 000 USD.
• сенімсіз құрылғы арқылы аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 750 USD, тәулігіне - 750 USD, айына - 10 000 USD
• аударымдардың ең көп саны - тәулігіне 100 аударым.

Western Union аударымы:
• аударымның ең жоғары сомасы: 1 операция үшін - 1 000 USD, тәулігіне - 3 000 USD, айына - 25 000 USD.
• аударымдардың ең көп саны - айына 8 аударым.

Сіз Halyk Homebank қосымшасында лимиттерді өз бетіңізше уақытша алып тастай/белгілей аласыз.
• карта бойынша шығыстарға шектеулер қою
• интернет желісінде онлайн төлемдер/транзакциялар/POS-терминалдарда транзакциялар жүргізуге шектеуді алып тастау
• банкоматтар арқылы қаражаты қолма-қол ақша түрінде алуға шектеуді алып тастау
Картадан ағымдағы шотқа аударуға қандай шектеулер бар?
Картадан ағымдағы шотқа аударуға шектеулер:
* Аударымның ең аз сомасы 50 KZT / 1 USD / 1 EUR
Маңызды! Аударым карталар мен шоттардың кейбір түрлері үшін қолжетімді емес (олар ашылмалы тізімде сұр түспен көрсетілген).

Ағымдағы шоттан картаға аударуға қойылатын шектеулер:
* Аударымның ең аз сомасы 50 KZT / 1 USD / 1 EUR
Маңызды! Аударым карталар мен шоттардың кейбір түрлері үшін қолжетімді емес (олар ашылмалы тізімде сұр түспен ерекшеленеді).
Интернет желісінде онлайн төлемдерге/ транзакциялар жүргізуге/POS-терминалдарда транзакцияларға лимитті қалай алып тастауға болады?
Сіз Halyk Homebank-те карталар бойынша төлемдер мен транзакцияларды жүргізуді шектей аласыз:
1. Halyk Homebank-ке кіріңіз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алып тастау" батырмасын басыңыз
4. Ашылмалы тізімнен қажетті опцияны таңдаңыз - "Интернет желісіндегі транзакцияларға"/ "POS-терминалдардағы транзакцияларға"/ "Чипсіз АТМ-дағы транзакцияларға" / "Брокерлік қызметтерге"
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің қажетті санын көрсетіңіз
Дайын!
Банкоматтан қолма-қол ақша алу лимитін қалай алуға болады?
Банкоматтар арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру шектеуін Halyk Homebank-тен алуға болады:
1. Halyk Homebank-ке кіріңіз
2. Қажетті картаны таңдаңыз
3. "Шектеулерді алып тастау" батырмасын басыңыз
4. Ашылмалы тізімнен "Қолма-қол ақшаның ең көп мөлшерін" таңдаңыз
5. Шектеу алынып тасталатын күндердің қажетті санын көрсетіңіз
Дайын! Сіз күніне 700 000 теңгеден астам қолма-қол ақшаны ала аласыз.
Карта шығындарына шектеулерді қалай орнатуға болады?
Карта бойынша шектеулерді Halyk Homebank-те орната аласыз:
* қажетті картаны басыңыз
* "Баптаулар" батырмасын басыңыз
* "Карта бойынша лимиттер"/"Жұмсау лимиттері" бөлімінде "Лимиттерді белгілеу" таңдаңыз
Депозиттен картаға ақша аудару үшін шектеулерді қалай алып тастауға болады?
Депозиттен картаға ақша аудару лимитінің мөлшерін Halyk Bank банкоматтары арқылы өзгертуге болады:
1. Картаны банкоматқа салып, "Қосымша қызметтерді" таңдаңыз
2. "Депозиттен алу лимитін ұлғайтуды" таңдаңыз және қажетті соманы енгізіңіз
Halyk Homebank арқылы ақша аударымдарын жүргізуде шектеулер бар ма?
Иә, Halyk Homebank-те аударым сомасы бойынша шектеулер бар. Онлайн аудару кезінде жүйе әрбір аудару бойынша лимиттер туралы хабардар етеді.
Байланыс орталығы арқылы карта бойынша қандай лимиттерді өзгертуге болады?
Байланыс орталығы арқылы лимиттерді өзгерте аласыз (мобильді телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз):
* банкоматтарда ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға
* POS-терминалдардағы транзакцияларға