Қалай ресімдеуге болады?

Билеттерді кредитке қалай рәсімдеуге болады?
1. Әуе билеттерін ыңғайлы тәсілмен брондаңыз:
- www.flyarystan.com сайтында
- FlyArystan мобильді қосымшасында
2. Әуе билетін брондау нөмірін алыңыз
3. Halyk Homebank-ті * ашыңыз, басты экранда немесе "Мәзір" бөлімінде "Бөліп төлеуді" таңдаңыз
4. Серіктес тізімінен"FlyArystan-ды" таңдаңыз және "Тапсырыс нөмірін енгізіңіз" жолына әуе билеті бронінің нөмірін енгізіңіз
5. Брондалған әуе билетінің деректерін тексеріңіз, кредит мерзімін таңдаңыз және "Бұдан әріні" басыңыз.
6. Кредиттік құжаттамамен танысыңыз және Банк шығарған ЭЦҚ көмегімен құжаттарға қол қойыңыз
7. Кредитті рәсімдегеннен кейін сіздің электрондық мекенжайыңызға әуе билеті түседі
Дайын!

* бөліп төлеуді немесе кредитті ресімдеу үшін бөлімшеге бармай-ақ, жеке басты бейне растау арқылы Halyk Homebank-те онлайн тіркеуден өту қажет
Halyk Homebank қосымшасында қалай тіркелуге болады?
Егер сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да, қазір Банктің клиенті болу оңай! Halyk Homebank қосымшасын жүктеп алыңыз және Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен онлайн қызметтеріне қол жеткізіңіз.
1. Halyk Homebank қосымшасын Android-қа арналған Play Market-тен немесе iOS-ке арналған App Store-дан (iPhone) жүктеп алыңыз
2. Қосымшаны ашыңыз да "Тіркелуді" басыңыз:
• Телефон нөмірін енгізіңіз
• Ұялы нөмірге жіберілген SMS арқылы алынған кодты енгізіңіз
• Өзіңіздің ЖСН енгізіңіз және Құпиялылық саясатының талаптарымен танысыңыз
• Нұсқаулыққа сәйкес жеке басты бейне-растаудан өтіңіз
• Сұрау салынған жағдайда жеке куәлікті сканерлеңіз*
• Қосымшаға әрі қарай кіру үшін қосымшаға 4 таңбалы цифрлық қолжеткізу кодын орнатыңыз
Дайын! Halyk Homebank-тің барлық артықшылықтарын бүкіл әлем бойынша 24/7 пайдаланыңыз.
Шешім қаншалықты тез қабылданады?
Кредит беруді мақұлдау/кредит беруден бас тарту туралы шешімді жүйе санаулы минут ішінде автоматты түрде қабылдайды, бірақ бұл ретте әрбір өтінім жеке қаралатынын ескеруді сұраймыз.
Шартқа қол қою қажет пе?
Шартқа Банк шығарған электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Сіз ЭЦҚ шығару туралы келісімді Halyk Homebank қосымшасында тіркеуден өткен сәтте, кредитті ресімдеу кезінде бересіз.
Шартты/өтеу кестесін қалай ала аламын?
"Берешек және өтеу кестесі бойынша ақпарат Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді:
• Кредит бойынша борыш қалдығының сомасы: "Шоттар" бөлімі,"Кредиттер" блогы
• Өтеу кестесі: бөліп төлеуді/кредитті басқан кезде тиісті мәртебесі бар ақпарат қол жетімді болады