PIN-кодтар

Картаға PIN-кодты қалай алуға болады?
Картаға PIN-кодты Сіз пластик картаны алған кезде конвертте аласыз.
PIN-кодты ұмытып қалсам не істеуім керек?
1. Егер Сіз қолданыстағы карта бойынша PIN-кодты ұмытып қалсаңыз, онда Halyk Homebank қосымшасында есте сақтауға ыңғайлы PIN-кодты орнатыңыз:
* Halyk Homebank-ті ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтерге" өтіңіз
* "PIN код орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз
Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін картаны Halyk Bank-тің кез келген банкоматына салыңыз және банкоматта кез келген транзакция жүргізіңіз

2. PIN-кодты ауыстыру үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматын да пайдалануға болады:
* Картаны салып, ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз
* "PIN код орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді.
PIN-кодты қалай өзгертуге болады?
Сіз PIN-кодты келесі тәсілдердің бірімен өзгерте аласыз:

1. Halyk Homebank-те PIN-кодты өзгерту:
Егер сіз PIN-кодты есіңізде сақтамасаңыз немесе басқасын орнатқыңыз келсе, Halyk Homebank қосымшасын пайдаланыңыз:
* Halyk Homebank-n3 ашып, қажетті картаны таңдаңыз
* "Қызметтер" бөліміне өтіңіз
* "PIN кодты орнату/өзгерту" тармағын таңдап, нұсқауларды орындаңыз
* SMS кодымен PIN-кодтың өзгеруін растаңыз

Маңызды! Жаңа PIN-кодты іске қосу үшін Halyk Bank-тің кез келген банкоматына картаны енгізіп, банкоматта кез келген транзакцияны жүргізіңіз.

2. Halyk Bank банкоматындағы PIN-кодты өзгерту:
* Картаны салыңыз және ағымдағы PIN-кодты енгізіңіз
* "PIN кодын орнату/өзгерту" опциясын таңдаңыз
* Жаңа PIN-кодты енгізіңіз
* Жаңа PIN-кодты растаңыз

Дайын! Банкомат PIN-кодты сәтті орнату туралы чек береді.
PIN-кодты қате енгізуге қанша әрекетім бар?
Қате PIN-кодты енгізу әрекеті - 5 рет, 6-шы рет карта автоматты түрде бұғатталады.
PIN-кодты қате енгізсеңіз не істеу керек?
Қате енгізудің 6 әрекетінен кейін карта автоматты түрде бұғатталады. PIN-кодты енгізу әрекеттерін алып тастауға болады:

Halyk Homebank арқылы:
Картаны таңдап, "Баптаулар" тармағына өтіп, "PIN енгізу әрекеттерін алып тастау" пәрменін таңдаңыз

Байланыс орталығы арқылы:
Мобильді телефоннан 7111 нөміріне қоңырау шалыңыз және картаның соңғы 4 санын атаңыз.