SMS банкинг

Карта бойынша хабарландыруларды қалай алуға болады?
Ақша ағымын келесі әдістердің бірімен бақылауға болады:
1. Halyk Homebank-те қажетті картаны / шотты таңдау арқылы
2. Push хабарламалары арқылы (егер Halyk Homebank қосымшасы болса)
3. SMS-хабарлама қызметі арқылы (Halyk Homebank қосымшасы болмаған жағдайда)
SMS банкинг қызметін пайдаланғаны үшін абоненттік төлем/комиссия бар ма?
Қызмет тегін.
SMS банкинг қызметін қалай қосуға болады?
Егер Halyk Homebank қосымшасына тіркелу мүмкін болмаса, SMS банкинг қызметін қосыңыз:
1. Halyk Bank банкоматтары арқылы:
• картаны салыңыз
• «SMS банкинг» қызметін таңдап, нұсқауларды орындаңыз
2. 7111 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы (бұл үшін код сөзін жазыңыз)
3. Halyk Bank-нің жақын жердегі филиалына хабарласыңыз
SMS банкинг қызметін қалай өшіруге болады?
SMS-банкинг қызметінен бас тартуға болады:
1. Halyk Bank банкоматтары арқылы:
• картаны салыңыз
• «SMS банкинг» қызметін таңдап, нұсқауларды орындаңыз
2. 7111 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы
SMS банкинг қызметін қосымша картаға қалай қосуға болады?
Қызмет барлық келісімшарттар бойынша қосылады. Кез келген картаны іске қосқаннан кейін, оған SMS хабарламалар да келеді.
SMS банкинг қызметін қанша мобильді нөмірге қоса аламын?
SMS-хабарламаларды 3 мобильді нөмірге қосуға болады