Шарттары мен артықшылықтары

Талаптар

Halyk Bank-тен онлайн сатып алудың жаңа қызметін пайдаланыңыз. Шиналарды және дискілерді арзандарынан бастап премиум класындағыларға дейін бөліп төлеу арқылы немесе кредитке жылдам сатып алуды ресімдеңіз.
1. Бөліп төлеу бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 0%, кредит бойынша - 20% бастап (жеке белгіленеді)
2. Мерзімі:
• Бөліп төлеу - 3, 12 ай.
• Кредит – 6, 12, 24, 36, 48, 60 ай.
3. Ең жоғарғы сома: - 300 000 теңгеге дейін
4. Комиссиялары - жоқ
5. Ішінара мерзімінен бұрын өтеу - Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз (кемінде бір төлем мөлшерінде)
6. Толық мерзімінен бұрын өтеу - Halyk Homebank қосымшасында комиссиясыз
Артықшылықтар
• Пайызсыз және артық төлеусіз бөліп төлеу
• Кредит - 60 айға дейін
• Кредиттік менеджерге жүгінбей онлайн рәсімдеу
• Бөліп төлеу арқылы сатып алу онлайн және сату орындарында офлайн жүзеге асыруға болады.
• Комиссиялардың болмауы
• Ішінара/ толық мерзімінен бұрын өтеу комиссиясыз Halyk Homebank қосымшасында қолжетімді
Кредит немесе бөліп төлеу арқылы тауарды қайдан сатып алуға болады?
Сіз тауарларды дүкенге бармай-ақ Кама-Қазақстан/ Kama Tyres сауда үйінің интернет-дүкенінен, сондай-ақ өз қалаңыздағы мынадай бөлшек сауда дүкендерінен сатып ала аласыз: Tyre&Service, Vianor, Good Year, Continental, Bridgestone, Pitelli, Колеса даром.
Бөліп төлеуді ресімдеу үшін қандай талаптар қойылады?
• жас мөлшері 18 жастан 67 жасқа дейін
• жеке куәлік
• ұялы телефонның болуы
Жұмыс өтіліне қандай талаптар қойылады?
Еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ.
Тауарды бөліп төлеу немесе кредит арқылы алу үшін ең төменгі айлық кіріс қандай болуы керек?
Клиенттің алатын табысы мен төлем қабілеттілігіне байланысты, бұл ретте Банк аралық минимумнан асырмау туралы ҚР Заңының талаптарын көздейді.
Маған қандай соманы бөліп төлеумен бере алады?
Кредиттің / бөліп төлеудің ең төменгі сомасы - 4 000 теңге, ең жоғарғы сомасы - 300 000 теңге. Бұл ретте ең жоғарғы соманы есептеу тәсілі әр клиентке жеке болып табылады.
Тауарлық кредитті/ бөліп төлеуді қайта қаржыландыра аламын ба?
Иә, тауарлық кредитті Halyk bank-те де, сондай-ақ ЕДБ-да да қайта қаржыландыруға болады. Бөліп төлеуді қайта қаржыландыруға кеңес бермейміз, өйткені бөліп төлеу бойынша артық төлеу мен пайыздар жоқ.
Тауардан бас тартқан/тауарды қайтарған жағдайда, кредитті/ бөліп төлеуді қалай жоя аламын?
Шарттың күшін жою / тауарды қайтару шартқа қол қойылған сәттен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде ғана мүмкін болады. Ол үшін Сізге серіктес дүкеніне хабарласу керек. Банкке хабарласудың қажеті жоқ. Дүкеннің сұрау салуы бойынша кредит автоматты түрде жойылады.
Тауарға қандай кепілдік мерзімі беріледі?
Кепілдік мерзімі таңдалған тауардың түрі мен брендіне байланысты.
Кепілдіктің нақты мерзімін тауарды тікелей сатып алу / алу кезінде нақтылай аласыз.
Дүкендердің мекен-жайы мен жұмыс кестесін қайдан көруге болады?
Сіздің қалаңыздағы дүкеннің жұмыс кестесін төмендегі сілтеме арқылы нақтылауға болады.
График работы магазинов