Halyk Info
1. «Төлем шоты» қызметі дегеніміз не?
«Төлем шоты» қызметі – бұл ЖК мен Заңды тұлға арасында шығарылған шоттар бойынша төлемді алудың ыңғайлы тәсілі.
2. Төлем шотын қалай шығаруға болады?
Төлем шотын:
• Onlinebank web нұсқасында
• Onlinebank мобильді қосымшасында
• 1С Кәсіпорын есеп жүйесінде шығаруға болады
• Onlinebank web нұсқасында
• Onlinebank мобильді қосымшасында
• 1С Кәсіпорын есеп жүйесінде шығаруға болады
3. Төлем шоты қызметінің қандай артықшылықтары бар?
• комиссиялар жоқ
• 1С Кәсіпорынмен біріктірілген
• шот жылдам шығарылады
• шотты ыңғайлы төлеу
• электрондық құжат айналымы
• 1С Кәсіпорынмен біріктірілген
• шот жылдам шығарылады
• шотты ыңғайлы төлеу
• электрондық құжат айналымы
4. Onlinebank-те «Төлем шоты» қызметіне қалай қосылуға болады?
«Төлем шоты» қызметі Onlinebank-те тіркелген барлық пайдаланушы үшін қолжетімді.
5. 1С Кәсіпорында «Төлем шоты» қызметіне қалай қосылуға болады?
Onlinebank-тің web нұсқасында «Жеке кабинет», әрі қарай «Біріктіру үшін кілттерге» өтіп, кілт шығарыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
«Біріктіру үшін кілттер» бөлімі растау құқығы бар пайдаланушылар үшін ғана қолжетімді.
Қызметке қосылу тегін.
«Біріктіру үшін кілттер» бөлімі растау құқығы бар пайдаланушылар үшін ғана қолжетімді.
Қызметке қосылу тегін.
6. 1С Кәсіпорыннан қандай төлем құжаттарын шығаруға болады?
• төлем шоты
• қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат (3-2 нысаны)
• қорларды шетке беруге арналған жүкқұжат (3-2 нысаны)
7. 1С-да «Төлем шоты» қызметін кім пайдалана алады?
Уәкілетті ұйымның кез келген қызметкері. Басшы 1С-ға кіруге рұқсат берілетін қызметкерлерді анықтайды.
8. Onlinebank-те 1С қандай конфигурацияларын «Төлем шоты» қызметіне қосуға болады?
Қазақстанда 1С Кәсіпорынның үлгілік конфигурациялары:
• 1С Бухгалтерия
• 1С Біздің фирмамызды басқару
• 1С Бөлшек сауда
• 1С Сауда-саттықты басқару
• 1С Кәсіпорынды басқару
• 1С Кешенді автоматтандыру
• 1С Бухгалтерия
• 1С Біздің фирмамызды басқару
• 1С Бөлшек сауда
• 1С Сауда-саттықты басқару
• 1С Кәсіпорынды басқару
• 1С Кешенді автоматтандыру
10. Ұйымда лицензияланбаған 1С үлгілік конфигурация тұр. «1С» қызметіне қосылуға бола ма?
Иә, болады. Бірақ «Төлем шоты» қызметінің дұрыс жұмыс істеуі үшін 1С үнемі жаңартып отыру қажет. Сондықтан сізге лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алған дұрыс.
11. Ұйым басқа есептік жүйеде жұмыс істейді, өзіңнің есептік жүйеңнен шоттар шығару үшін «Төлем шоты» қызметіне қосылуға бола ма?
Жоқ, бірақ сіз Onlinebank-те төлем шоттарын жасақтап, жібере аласыз.
12. Компания бухгалтерлік есеп жүргізбейді және есептік жүйесі жоқ, «Төлем шоты» қызметіне қалай қосылуға болады?
Сіз Onlinebank-те төлем шоттарын шығарып, ала аласыз. «Төлем шоты» қызметі Onlinebank-тің барлық пайдаланушысы үшін қолжетімді.
13. Onlinebank-те кімдер төлем шотын шығара алады?
Onlinebank-тің кез келген пайдаланушысы Onlinebank-те шот шығара алады.
14. Кімге төлем шотын шығаруға болады?
Төлем шотын Onlinebank-те тіркелген, Halyk-тың клиенті болып табылатын кез келген ұйымға шығаруға болады.
15. Ұйымда кім төлем шотын алады?
Төлем шотын растау құқығы бар пайдаланушылар хабарландырумен бірге алады.
16. Onlinebank-тен төлем шотын жіберу кезінде шоттың PDF нысаны жасақтала ма?
Иә, «Төлем шоты» бөлімінің шот деректерінде сізге төлем шоттарының/жүкқұжаттардың PDF нысаны қолжетімді болады.
17. Ұйым төлем шотын/жүкқұжатты қағаз нысанында алды. Оны қалай төлеу керек?
3-2 нысанының төлем шотында/жүкқұжатта QR код бар, QR-ды Onlinebank мобильді қосымшасында сканерден өткізіп, төлемді растаңыз. Шот жіберуші шоттың төленгені туралы хабарлама алады.
18. Ақша шот жіберушіге қаншалықты жылдам түседі?
Ақша шот жіберушінің шотына лезде, шоттың төленгені туралы хабарландырумен бірге түседі.
19. Компания шот алып, оны төледі. Onlinebank арқылы жіберген төлеміміз 1С-да көріне ме?
Жоқ, барлық есептік операцияларды Клиент 1С-да өз бетінше жүргізеді.
20. Төленген шот бойынша ақпаратты қай жерде көруге болады?
Шоттардың күйі және деректері туралы ақпарат Onlinebank-те «Төлем шоты» бөлімінде қолжетімді.
Шоттардың күйі және деректері туралы ақпарат Onlinebank-те «Төлем шоты» бөлімінде қолжетімді.