Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Жоқ, Бағдарламаға микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері ғана қатыса алады
Иә, Бағдарлама оның қаражатын игеруге тыйым салмайды
Жоқ, Бағдарлама ол бойынша басым салаларды белгілемейді
Жоқ, Бағдарлама бойынша қаржыландырусыз кепілдік беруге рұқсат етілмейді.
Бағдарламаға өз жобаларын қалаларда, тіркеу орны бойынша шектеусіз жүзеге асыратын кәсіпкерлер қатыса алады
Бағдарламаға жаңа бастаған (соның ішінде стартап жобалар) кәсіпкерлер, сонымен қатар әрекеттегі кәсіпкерлер қатыса алады.
Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы микробизнес ашуға бағытталған жобалар үшін ғана талап етіледі - әрекеттегі бизнесті кеңейтуге бағытталған жобалар үшін талап етілмейді
Иә, бағдарлама мына мақсаттарға қаржыландыруға тыйым салады:
1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;
2) Түпкілікті заемшылардың бұрын шеккен шығындарынынң орнын өтеу, Түпкілікті заемшылар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, соның ішінде Түпкілікті заемшылардың қатысушыларынан, акционерлерінен, лауазымды тұлғаларынан және жұмыскерлерінен қаржылық көмек алумен байланысты туындаған берешекті өтеу;
3) тұтынушылық кредиттеу;
4) қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;
5) жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алу және құрылысын салу, жер телімдерін сатып алу (олардың нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес), мұндай жер телімдерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы мақсатын Бағдарлама қатысушысы Кредит беру туралы шарт жасалған күннен бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда;
6) Түпкілікті заемшылардың шаруашылық қызметінің залалдарын өтеу (бұл ретте теріс қаржы нәтижесі бар Түпкілікті заемшыларға Кредиттер беруге рұқсат етіледі);
7) сенім білдірілген тұлғаларға (агенттерге) көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу.
Тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенім білдірушінің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және есебінен және оның нұсқауына сәйкес бюджеттік кредиттеумен (бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету, заемшылармен есеп айырысу жүргізу, Түпкілікті заемшыларға және Жобаларға мониторинг жүргізу, берешекті өндіру және т.с.с.) байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын тұлға сенім білдірілген тұлға (агент) болып табылады;
8) Түпкілікті заемшының Кредитімен байланысты комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге төлемдерді төлеу;
9) бағалы қағаздар (портфельдік инвестициялар) сатып алу;
10) үлестес/байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдар, активтер сатып алу;
11) жалған немесе жасанды мәмілелерді төлеу. Жалғандық немесе жасандылық фактісі сот шешімі бойынша белгіленеді;
12) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 нөмірімен тіркелген) және/немесе Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен бекітілген, Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметінің және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің басқа лицензияланған түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 нөмірімен тіркелген) көзделген оффшорлық аймақтарда тіркелген/ашылған, контрагенттердің заңды мекенжайы және/немесе банктік шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген шарттарды/келісімшарттарды/келісімдерді төлеу;
13) қаржы құралдарына және (немесе) олармен операцияларға, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу үшін валюталық нарыққа инвестиция құю.
Жылжымайтын тұрғын мүлкін сатып алу оны 12 айдың ішінде тұрғын үй қорынан шығарған жағдайда рұқсат етіледі. Жылжымайтын тұрғын үй мүлкін салу үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі берген бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметті жүргізуге 2023 жылғы 23 маусымда № 1.2.47/230/38/1.

Сайтта жасанды интеллект көмегімен жасалған суреттер мен мәтіндер қолданылады.

powered by amphibia
Біз әлеуметтік желілерде