Төлемдер мен аударымдар

Төлемдер және/немесе аударымдар жасайтын кезде қандай комиссиялар алынады?
Комиссия мөлшері төлем уақыты, аударым валютасы, банк ішіндегі немесе басқа ЕДБ-дегі төлем сияқты факторларға байланысты
Банк комиссияларынан үнемдеу үшін бизнесіңіз үшін тиімді тарифтік пакеттерге қосылуға кеңес береміз.

Үнемдеуді салыстыру үшін сілтемеге өтіңіз.
Тарифные пакеты
Стандартные тарифы
Тарифтік топтама деген не?
Тарифтік топтама – бұл компания шоты бойынша үздік шарттар, оған тегін операциялар мен Банкте қызмет көрсетуге жеңілдік кіреді. Halyk Bank бизнес клиенттерге тарифтік пакеттің кең желісін ұсынады

Тарифтік топтаманы дұрыс таңдап және қоса отырып, Сіз Банк комиссиясына жұмсалатын қаражаттың 70% дейін үнемдей аласыз.

Тарифтік топтамалар: тендерлерге белсенді қатысатын, шет елге төлемдер жүргізетін клиенттер үшін, шағын ұйымдар үшін және т.с.с. болады
Ознакомиться подробнее
Аударымдарды қандай тәсілмен іске асыруға болады?
1. Onlinebank қосымшасы арқылы;
2. қағаз тасығыштағы төлем тапсырмасын/аударымды ресімдеп;
3. штрих-кодтау арнайы бағдарлама арқылы төлем тапсырмасын/аударымды ресімдеп (АПС басу немесе QR).
Аударымдар мен төлемдер жасайтын кезде пайдаланылатын терминдер мен қысқартулар
•Контрагент – шарт бойынша міндеттемелерді өзіне алатын тұлға немесе мекеме;
•БСК/SWIFT – Банктік Сәйкестендіру Коды. Бұл код ел ішінде төлемдер жүргізгенде банкті сәйкестендіру үшін және халықаралық аударымдар жасау үшін керек;
•БеК – бұл ақша алушының коды, ол екі саннан тұрады: бірінші сан резиденттікті білдіреді (1- ҚР резиденті, 2 - ҚР бейрезиденті), екінші сан экономика секторын білдіреді.
Мысал: шетелдік ЖШС-27, ҚР жеке кәсіпкері-19;
•ТМК – бұл төлем мақсатының коды;
•Төлем мақсаты – аудару үшін негіздеме. Мысал: № К025840 келісімшарт бойынша 100 тонна алюминий сатып алу төлем шоты №123 20.12.2020 жылдан;
•ЖСК – бұл (клиенттің) жеке сәйкестендіру коды, төлем құжаттарының міндетті деректемесі болып табылады (ағымдағы, жинақ, карточкалық шоттың);
•ССН - Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі — Ресей Федерациясындағы салық төлеушілердің есебін ретке келтіретін сандық код. Ресейлік заңды тұлғаның ССН 10 саннан тұрады;
•ҚСК – есепке қою себебінің сандық коды.
ҚСК тоғыз мәнді кодтан тұрады: NNNNPPXXX, мұндағы:
NNNN (4 мәні) — салық органының коды,
PP (2 мәні) — есепке қоюдың (мәліметтерді есепке алудың) себебі.
XXX (3 мәні) — салық органында есепке қоюдың (мәліметтерді есепке алудың) реттік нөмірі;
•ВО коды – валюталық операцияның коды, РФ резиденттері мен бейрезиденттерінің пайдасына операциялар кезінде көрсетіледі. Код аударым түрін (мақсатын) белгілейді, бұл код 5 саннан тұрады;
•Federal Reserve Wire Network қысқаша FW/ - FED WIRE - АҚШ ақша аударымдарының федералды автоматтандырылған жүйесі, АҚШ аумағында USD-мен аударымдар жөнелткен кезде пайдаланылады;
• ABA PTN – Routing Transit Number АҚШ аумағында USD-мен аударымдар кезінде қолданылатын банктік код (ол қай банк шығарғанын/құжат жібергенін анықтайды);
•Sort Code - GBP-мен аударымдар кезінде қолданылатын банктік код. Англия аумағында GBP-мен аударымдар жіберген кезде пайдаланылады.

Неліктен Onlinebank-те төлемдер тізімінде соңғы үш айдың ғана төлемдері көрсетіледі?
Басқа кезеңдердегі операцияларды көрсету үшін сүзгіге кіріп, қажетті кезеңді немесе нақты бір күнді таңдау керек.
Ұзақ тапсырма деген не?
Егер Сіз сол бір банктік операцияны (аударым/төлем) күн сайын/апта сайын жасасаңыз - онда Сіз Банкке оны Сіздің орныңызға істеуді тапсыра аласыз.
Сіздің өтінішіңізге сай Банк ақшаңызды өзіңіз көрсеткен шотқа белгіленген мерзімде автоматты аударуды баптайды.
Мысалы:
1) егер Сіз ай сайын белгілі бір соманы - жалдау ақысы немесе басқа қызметтер үшін төлесеңіз;
2) егер Сіз компанияның түсімін әртүрлі шоттардан негізгі шотқа біріктірсеңіз;
3) егер Сізде жеткізушілердің/агенттердің атына тұрақты төлемдеріңіз болса

Жай сөздермен - бұл төлем кестесі мен деректемелері көрсетілген Банкке берілетін кәдімгі төлем тапсырмасы.
Ұзақ тапсырманы қалай ресімдеуге болады?
1. Onlinebank қосымшасы арқылы - Бас мәзір - Ұзақ тапсырмалар
-тек ағымдағы шоттан ағымдағы шоттарға;
2. Банк бөлімшесіне өтініш білдіргенде.
Ұзақ тапсырманың қандай режимдері бар
Режимдер мынадай болуы мүмкін:
1) Банк Сіз көрсеткен аударымның нақты сомасын жібереді. (Мысал: жалдау үшін ай сайын Сіз 50 000 теңге төлейсіз)
2) Банк белгілі бір уақытқа Сіздің шотыңыздағы қалдықтың пайызын жібереді. (Мысал: күн сайын, компания шотындағы барлық ақшаның 100%-н мен қолма-қол ақшаны алу үшін картаға жіберемін)
Шоттан картаға аударымның өңделу уақыты қандай?
Аударымды өңдеу және картаға аудару 15 минуттан 2 сағатқа дейін іске асырылады.
Аударымда қандай төлем мақсатының кодын (ТМК) көрсету керек?
Аударымды ресімдейтін кезде ТМК төлем мақсатынына қарай көрсетіледі:
өз қаражатын Halyk Bank-тегі шотқа аудару - 342
өз қаражатын Қазақстанның басқа банктеріндегі шотқа аудару - 343
тауар үшін төлеу - 710
компьютерлік қызметтер үшін төлеу (1С жаңарту және т.с.с.) - 851
байланыс қызметтері үшін төлеу - 852
жалдау ақысын төлеу - 855
тұру және тамақтануға көрсетілген қызметтер үшін төлеу - 833
өзге қызметтер үшін төлеу - 859
ТМК-ның толық тізбесін ҚР Ұлттық Банкі бекітілген Экономика секторының және төлемдер мақсатының кодтарын қолдану қағидаларында таба аласыз
Көлік салығын қалай төлеу керек?
Көлік салығын төлейтін кезде VIN кодты - автокөлік құралының сәйкестендіру нөмірін көрсету керек. Onlinebank-те әдеттегі төлем жасайтын кезде VIN код жолы 104401 және 104402 БЖК мәндерін таңдайтын кезде көрінеді. Төлем қағазда жасақталатын болса VIN код төлем мақсатында көрсетіледі.
Onlinebank-те ҚТЖ ҰК АҚ жүк тасымалы пайдасына БДШ бойынша төлемді қалай жүргізу керек?
Onlinebank-те кәдімгі төлем жасайтын кезде Бенефициардың (Алушының) деректемелерінде мынадай деректерді көрсету керек: БСН - 030140001799, ЖСК - KZ556010111000282779