Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту
Halyk Info
Валюталық бақылау дегеніміз не?
Валюталық бақылау - бұл экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың шетелдік және (немесе) ұлттық валютаны репатриациялаудың экспорты немесе импорты бойынша талаптарды орындауын бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, басқа да мемлекеттік органдар мен банктер жүзеге асыратын шаралар кешені.

Валюталық бақылаудың міндеттері:
1) жүргізілетін валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестігін айқындау;
2) валюталық операциялар бойынша төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының негізділігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығын, уақтылығы мен объективтілігін тексеру.
Валюталық бақылаудан кім өтуі керек?
Валюталық бақылаудан валюталық операциялар:
* шетелге төлемдер;
* шетелден валюта алу;
* ҚР резидент платежстеріне теңгемен төлемдер;
* ҚР бейрезиденттерінен теңгемен ақшалай қаражат алу;
* бір күнде (заңды тұлғалар үшін) 50 000 АҚШ долларынан асатын соманы шетел валютасын сатып алу (айырбастау) сияқты операциялар жасайтын жеке және заңды тұлғалар өтеді*

*Валюталық операция бұл шетел валютасындағы есеп айырысулар, шетелдік компаниялармен немесе азаматтармен теңгемен есеп айырысулар, шетелге немесе шетелден ақша аударымдары.
Егер есеп шетел компаниясымен немесе азаматпен жүргізілсе, шетелге немесе шетелден аударым жасалса, теңгемен жасалатын операция валюталық деп танылады.