Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
ЭСҚ кілттерінің әрекет ету мерзімі?
Электрондық-цифрық қолтаңбасы бар кілттерді Банк шығарады және Onlinebank жүйесіне кіру және құжаттарға қол қою үшін компанияға беріледі.
Кілттер 1 жыл мерзімге шығарылады.
Onlinebank-те сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Сіз ЭЦҚ қайта шығару қажеттілігі туралы хабарлама аласыз. ЭЦҚ шығаруды хабарламада қайта шығаруды растау арқылы қашықтан жүзеге асыруға болады.
Егер кілтті қашықтан қайта шығару мүмкін болмаса және ЭСҚ кілтінің мерзімі өтіп кетсе, Сізге қайта шығару үшін Банк бөлімшесіне өтініш жасау қажет және Сізге жаңа құрылғы берілетін болады.

Назар аударыңыз, Onlinebank-ке кірген кезде, ЭЦҚ паролін енгізген кезде – ЭЦҚ кілтінің қолданылу күндерінің қалдығы көрсетіледі.
Кілтті қалай қайта шығаруға болады?
ЭСҚ кілтінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын Onlinebank жүйесінде кілтті қайта шығару туралы хабарлама шығатын болады. Сіз келісемін батырмасына басқаннан кейін қайта шығару қашықтан жүзеге асырылады, бұл ретте қайта шығару үшін комиссия алынбайды.*
Егер Сіз кілтті қашықтан қайта шығаруға үлгермесеңіз және ЭСҚ мерзімі өтіп кетсе – Сіз ЭСҚ кілтін қайта шығаруға құжаттар топтамасымен Банкке өтініш білдіруіңіз керек. ЭСҚ кілтін қайта шығаратын кезде Банк бөлімшесінде жаңа құрылғы ұсынылатын болады, ол үшін Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.
Өтініштердің үлгілері мен қажетті құжаттарды Сіз сілтеме бойынша Қосылу - Құжаттар тізімі - Қайта шығару бөлімінде таба аласыз

*Сертификаттары Халық Куәландырушы орталығында жазылған ЭСҚ кілттері үшін ғана қолжетімді
Толығырақ