Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі

Кепілдіктер

Банктік кепілдік деген не?
Банктік кепілдік — серіктес шарт/келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған жағдайда тапсырыс берушіге келісімшарт бойынша ақшалай қаражат төлеуге берілген банктің жазбаша міндеттемесі
Кепілдіктердің негізгі түрлері?
Тендерге қатысу үшін - тендерлік кепілдік;

Шарт/келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін - міндеттемелердің орындалуына кепілдік;

Шарт/келісімшарт бойынша аванстық төлемді қайтаруды қамтамасыз ету үшін - авансты қайтару кепілдігі;

Шарт/келісімшарт бойынша төлемді қамтамасыз ету үшін - төлем кепілдігі;

Кеден/салық органдары алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету - кеден немесе салық органдарының пайдасына кепілдіктер.

Цифрлық бланкілік тендерлік кепілдік
Мемлекеттік сатып алу және Самұрық-Қазына порталдарында тендерге қатысу үшін 100 млн теңгеге дейінгі кепілдік (кепілдіктің ең жоғары сомасы-30 млн теңге).
5 минут ішінде шығару
Onlinebank қосымшасы немесе web нұсқасы арқылы онлайн өтініш беру.
Кепілсіз және құжаттарды ұсынусыз.

Айналымдар бойынша талап:
ЗТ үшін - 30 млн теңгеге дейін Банктегі айналым талап етілмейді (қолданыстағы цифрлық бланкілік кепілдіктерді ескере отырып).
ЖК үшін - егер бір кепілдік сомасы 1 000 000 теңгеден аспаса, кепілдіктер бойынша 5 000 000 теңгеге дейінгі айналымдар (қолданыстағы цифрлық бланкілік кепілдіктерді ескере отырып) талап етілмейді.

Комиссия:
5 млн теңгеге дейін - кепілдік сомасының 1,75% (мин. 10 000 теңге)
5 млн теңгеден астам – 5 млн теңгеге дейінгі кепілдіктің «тендер» пакетімен кепілдік сомасының 1,5% - тегін.
Ақшалай өтемі бар кепілдікті қалай алуға болады?
Ақшалай өтемі бар кепілдікті (өтелген кепілдік) алу үшін:
• Банкте шот ашу керек;
• қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек;
• Банкпен келісім жасау керек.

Кепілдіктер шығару бойынша Сіз:
• Банктің кез келген бөлімшесіне өтініш білдіре аласыз;
• Банктің сайтына жылдам өтініш жібере аласыз, сізге маман өзі қоңырау шалып барлық мәселелер бойынша кеңес береді: https://halykbank.kz/business/garanty;
• мына байланыс нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: +7 (727) 2597-227, моб. 9595
Ақшалай өтемсіз тендерлік кепілдікті қалай алуға болады?
Ақшалай өтемсіз кепілдікті (өтелмеген кепілдік) алу үшін:
• кредит желісінің немесе кепіл мүлкінің болуы керек;
• Банкте шот ашу керек;
• қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек;
• Банкпен келісім жасау керек.

Кепілдіктер шығару бойынша Сіз:
• Банктің кез келген бөлімшесіне өтініш білдіре аласыз;
• Банктің сайтына жылдам өтініш жібере аласыз, сізге маман өзі қоңырау шалып барлық мәселелер бойынша кеңес береді: https://halykbank.kz/business/garanty;
• мына байланыс нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: +7 (727) 2597-227, моб. 9595
Кепілсіз немесе ақшалай қамтусыз банктік кепілдікті қалай алуға болады?
Банк тек тендерге қатысу үшін кепілсіз және ақшалай өтемсіз кепілдіктер береді:
1) Мемлекеттік сатып алу және Самұрық - Қазына порталдарында электрондық түрде тендерге қатысу үшін 100 млн теңгеге дейінгі цифрлық бланкілік тендерлік кепілдіктер (кепілдіктің ең жоғары сомасы-30 млн теңге) (кепілдіктер тиісті порталдағы жеке кабинетте орналастырылады)
Өтінімді Onlinebank мобильді қосымшасы немесе Onlinebank web нұсқасы арқылы іске қосуға болады.
Кепілсіз және құжаттарды ұсынусыз
Айналымдар бойынша талап:
ЗТ үшін - 30 млн теңгеге дейін Банктегі айналым талап етілмейді (қолданыстағы цифрлық бланкілік кепілдіктерді ескере отырып).
ЖК үшін - егер бір кепілдік сомасы 1 000 000 теңгеден аспаса, кепілдіктер бойынша 5 000 000 теңгеге дейінгі айналымдар (қолданыстағы цифрлық бланкілік кепілдіктерді ескере отырып) талап етілмейді.
Комиссия:
5 млн теңгеге дейін - кепілдік сомасының 1,75% (мин. 10 000 теңге)
5 млн теңгеден астам - 5 млн теңгеге дейінгі кепілдіктің «тендер» пакетімен кепілдік сомасының 1,5% - тегін

2) қағаз тасығышта (қолы мен мөрі бар Банктің фирмалық бланкісінде) немесе электрондық түрде сатып алу веб-порталдарында (БЭП, СК-Фармация ЖШС электрондық сатып алу порталы және т. б.) кепілдік шығару қажет болған кезде 30 млн теңгеге дейінгі бланкілік тендерлік кепілдіктер
5 млн теңгеге дейінгі кепілдіктер үшін Банктегі айналым талап етілмейді
Құны:
5 млн теңгеге дейін - кепілдік сомасының 1,75%
5 млн теңгеден астам - 5 млн теңгеге дейінгі кепілдіктің «тендер» пакетімен кепілдік сомасының 1,5% - тегін
Кепілдікті шығару тәсілдері қандай?
Кепілдік шығаруға өтініш жіберу арқылы:
• Onlinebank арқылы - Басты мәзір - Кепілдіктер - Жасау * Onlinebank қосымшасы арқылы-Өнімдер - Бланкілік тендерлік кепілдік (тек Цифрлық бланкілік тендерлік кепілдік үшін)
• Банк бөлімшесіне өтініш білдіру арқылы
Кепілдікті қалай жабуға/күшін жоюға болады?
Кепілдіктің күшін жою (мерзімінен бұрын жабу) үшін мына құжаттардың біреуін алу қажет:

• кепілдіктің түпнұсқасы (қағаз тасығышта кепілдік шығарғанда) және/немесе кепілдіктің күшін жоюға келісімі туралы Бенефициардың хаты (хатқа қол қойған тұлғалардың өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмесімен сүйемелденетін) немесе Бенефициардың кепілдіктің күшін жою келісімі туралы Бенефициар банктің аутентификацияланған SWIFT берілген растамасы;
• өткізілмеген конкурс/тендер туралы қол қойылған хаттама (тендерлік кепілдік шығарғанда).

Zakup.sk.kz, goszakup.gov.kz, eep.mitwork.kz, fms.ecc.kz порталдарында шығарылған электрондық банктік кепілдіктердің күшін жою үшін:
• web порталда Бенефициарлардан күшін жою қажеттілігі туралы хат (хабарлама) алу;
•өткізілмеген конкурс/тендер туралы хаттама алу.
Банктік кепілдік бойынша арнайы терминдер?
Аппликант/Принципал - бұл банкке кепілдік шығаруға өтініш беретін компания;
Бенефициар – бұл тұлға, оның пайдасына кепілдік шығарылады және принципал міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілгер банк төлем жүргізеді.
Бланктік тендерлік кепілдік үшін қайда жүгіну керек?
Бланктік тендерлік кепілдіктер шығару бойынша Сіз Банктің кез келген бөлімшесіне өтініш білдіруіңіз керек.
(байланыс телефоны: +7 (727) 2597-227, ұялы 9595) Немесе Onlinebank арқылы өтініш бересіз
Кепілдік алу үшін Onlinebank арқылы өтініш беруге болады ма?
Иә, Onlinebank арқылы өтініш жіберу арқылы өтелген кепілдіктер шығарылуы мүмкін

Банк өнімдері бойынша қажетті ақпараттың барлығын сіз сілтеме бойынша көре аласыз https://halykbank.kz/ru/business/garanty
Толығырақ
Банк тендерге қатысу үшін электрондық кепілдіктер шығарады ма?
Банк электрондық банктік кепілдіктерді:
• Мемлекеттік сатып алулар веб-порталында
• Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ электрондық сатып алулар порталында
• Евразиялық электрондық порталда
• СК-Фармация ЖШС-нің электрондық сатып алулар порталында шығарады