Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Салық есептілігін тапсыруға арналған сервис - ОБухгалтер жүйесі
Onlinebank жүйесіне қосылған барлық Клиенттер үшін Обухгалтер жүйесіне тегін қолжетімділік беріледі.
ФНО 910.00 тапсыру үшін "оңайлатылған салық режимінде" тұрған жеке кәсіпкерлердің барлығына келеді
•Мағлұмдаманы толтыру бойынша қолжетімді гид;
•Толтырудың тез және жеңіл форматы;
•Талдамасы бар бастапқы құжаттама негізінде көрсеткіштердің автоматты есептелуі;
•Құжаттың электрондық нысанын (төлем шоты, жүктеме немесе орындалған жұмыстар актісі) сілтеме бойынша және контрагенттің почтасына жіберу.

Onlinebank жүйесінің жеке кабинетінде Сізде әрқашан салықтар және бухгалтерия бойынша көмекшіңіз болады - ОБухгалтер.
Бағдаршам - РФ-тегі серіктестерді тексеру сервисі
Бағдаршам сервисі - Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және Ресейден серіктестері бар компанияларға арналған.
Ресей Федерациясынан контрагенттің сенімділігіне тексеру
Onlinebank жүйесінде рубльмен аудару нысанында деректемелерді толтыратын кезде төлемді алушы жолында - Сіз серіктесіңіздің шүбәсіздік мәртебесіне сай келетін жарық сәйкестендіргішін көресіз, сондай-ақ Сіз серіктесіңіздің сенімділігінің көрсеткішіне ықпал еткен барлық оқиғалар туралы егжей-тегжейлі есепті жүктей аласыз.
ҚР-дағы серіктестерді тексеру сервисі
Серіктестердің (заңды тұлғалардың) шүбәсіздігін тексеретін сервис, ол ашық дереккөздерден компания қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты ұсынады, сізге аталған серіктестің пайдасына шарт жасау/төлем жүргізу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Сервис Onlinebank (тек onlinebank.kz жаңартылған нұсқасында және Onlinebank мобильдік қосымшасында)жүйесінде тегін ұсынылады - теңгемен қарапайым төлем нысанында "алушы" бөлімінде "серіктесті тексеру" батырмасын басыңыз және компанияның БСН-ін көрсетіңіз және бірнеше минуттың ішінде Сізге ашық, мемлекеттік дереккөздерден толық, біріктірілген есеп ұсынылатын болады.
(Ағымдағы күн үшін) үзінді көшірмені қалай алуға болады?
Үзінді көшірме алу үшін Сіз басты беттегі жылдам кіру мәзірінде - үзінді көшірмені шығару керек шотты таңдауыңыз қажет
- кезеңді (ағымдағы күн) таңдауыңыз қажет
Ақпараттық анықтамалықтарды қайда алуға болады?
Onlinebank жүйесінде Банктің электрондық мөртабаны бар анықтаманы 1 минут ішінде қалыптастыруға болады.
Onlinebank жүйесінде анықтамалардың келесі үш түрі ұсынылады:
● Шоттың болуы туралы;
● Шоттар бойынша қалдықтар туралы;
● Кезеңдегі шоттар бойынша айналымдар туралы;
● Тендерге қатысу үшін;
● Ауыртпалықтар бойынша.

Web: Бас мәзірге кіріңіз - Анықтамалар - Құру - өтінімді толтырыңыз және оған қол қойыңыз.
Қосымшада: "Тағы" бөліміне кіріңіз - Анықтамалар - өтінімді толтырыңыз және оған қол қойыңыз.

Банктің мөрі бар анықтама немесе анықтамалардың басқа түрі қажет болғанда Сіз Банк бөлімшесіне өтініш білдіруіңіз қажет. Банкке Сіз Onlinebank жүйесінде менеджерге хабарлама жіберу арқылы өтініш білдіре аласыз.