Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Onlinebank деген не?
Onlinebank - бұл Halyk Bank-тің интернет-банкингі, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қашықтықтан өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі.

Бизнеске арналған Onlinebank мобильді қосымшасы да қолжетімді.
Onlinebank жүйесінің артықшылықтары қандай?
1. Onlinebank жүйесі - бұл компания шоттарына 24/7 қолжеткізу
2. Төлемдерді Банк ішінде тәуліктің кез келген уақытында, аптаның кез келген күні жасау
3. Банктік қызмет көрсетудің басқа жүйелерінде неғұрлым толық функционал
4. Қазақстанда аналогы жоқ сервистер
Толығырақ
Onlinebank-ке қалай тіркеледі?
Жаңа клиенттер- ЖК/ЖШС шотын қашықтан ашқан кезде Onlinebank -ке (start нұсқасы) автоматты түрде қосылады.
Жеке кабинетке СМС арқылы кіруге болады.

Halyk Bank-те шоты бар заңды тұлғалар, ЖК/КШ Банк бөлімшесінде Onlinebank-ке қосыла алады:
Өтініш формасын байланыс - құжаттар тізімі сілтемесінен таба аласыз. Өтініш бергеннен кейін сіз сәтті байланыс туралы SMS аласыз.
Business нұсқасына қосылған кезде сіз бірқатар параметрлерді орнатуыңыз керек. Орнату нұсқаулығын "Орнату" бөліміндегі сілтемеден таба аласыз.
Толығырақ
ЭЦҚ кілт арқылы Onlinebank-ке қалай кіруге болады?
"Onlinebank-ке ЭЦҚ кілтінің көмегімен кіру үшін бағдарламалық жасақтаманы орнату қажет.

Windows 10, 8 жүйесінде TUMAR CSP бағдарламалық жасақтамасын орнату үшін HALYK CA сертификаттарын пайдаланушыларға арналған бейне нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз.

Басқа сертификаттар мен операциялық жүйелерді пайдаланушылар үшін - сілтемемен өтіңіз.
Onlinebank-тің қандай нұсқалары бар?
Onlinebank жүйесінде 2 нұқса бар:
Onlinebank Start: қарапайымдылық пен ыңғайлылықты бағалайтын жаңа бастаған бизнесмендер үшін. Кіру СМС-пен жіберілген код бойынша іске асырылады. Шектелген функционал. Қосылу үшін абоненттік төлем мен комиссиялар жоқ.
Onlinebank Business: жүйенің толық функционалын қажет ететін ірі компаниялар үшін. Кіру Электрондық-сандық қолтаңба кілті арқылы іске асырылады. Қосылу үшін абоненттік төлем мен комиссия бар.

*Жүйе нұсқасына қарамастан, сіз Бизнеске арналған Onlinebank мобильді қосымшасын жүктей аласыз және әрдайым компания шоттарын басқара аласыз
Толығырақ
Onlinebank-тің басқа нұсқасына өтуге болады ма?
Иә, мүмкін.
Сізге Банк бөлімшесіне жүгіну керек, онда Сіз жүйенің бір нұсқасынан шығып басқа нұсқаға қосыла аласыз.
Onlinebank-пен жұмыс істеу нұсқаулығымен қайда танысуға болады
Onlinebank жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулық, сондай-ақ төлемдер мен аударымдарды жүргізу бойынша ерекшеліктер мен кеңестер бойынша қосымша пайдалы ақпаратты Сіз "Көмек" бөлімінде таба аласыз немесе сілтеме бойынша өте аласыз
Нұсқаулық
YouTube-тегі бейне нұсқаулықтар
Сенімді нөмірді қалай қосуға болады?
Бизнеске арналған Onlinebank мобильді қосымшасын пайдалану үшін сенімді нөмір қажет болады. Сіз СМС арқылы немесе Onlinebank-Аутентификатор арқылы аутентификация жасай аласыз.

Ол үшін Onlinebank-ке (web) кіріңіз: Басты мәзірде "Жеке кабинет" > "Сенімді нөмірлер" > батырмасына басыңыз, пайдаланушыны таңдап, телефон нөмірін көрсетіңіз - сақтау.
Onlinebank-пен жұмыс істейтін кезде мәселелер туындаған жағдайда қайда жүгінуге болады?
Onlinebank жүйесінің жұмысымен байланысты сұрақтар немесе қателер пайда болған жағдайда, Сіз келесі нөмірлерге:
1. Техникалық қолдау көрсету: қалалық 8 (727) 259 72 27, ұялы 9595, 8 8000 800 777 (тегін) хабарласа аласыз;
2. Onlinebank-те қолжетімді чатқа жаза аласыз. 3. Кері байланыс үшін пошта жәшігі online@halykbank.kz, trbusiness@halykbank.kz