Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Halyk Info
Бейілділік бағдарламасы деген не?
Халық Банктің бейілділік бағдарламасы бұл:
1. Көп деңгейлі бонустық бағдарлама - мұнда Halyk Bank клиенттері бонустар жинай алады, оларды пайдаланып төлей алады және Halyk Club серіктестер желісінде тауарларды бөліп төлеу арқылы сатып ала алады.
2. Halyk Club - бонустық бағдарлама серіктерінің ең ірі желісі.
Halyk Club деген не?
Halyk Club - банк карталарын ұстаушы клиенттерге ерекше талаптармен қызмет көрсететін бонустық бағдарлама серіктестерінің (бизнес субъектілерінің) ірі желісі.
Halyk Bank төлем карталарының 11 000 000-нан астам ұстаушылары Сіздің клиенттеріңіз бола алады.
Halyk Club артықшылықтары?
• Бонустар есептеу және төлемдерді бонустармен қабылдау
• Halyk Light-пен тауарларды бөліп төлеу арқылы сату
• Төлемдерді смартфонмен QR көмегімен қабылдау
• банктен тегін ажарнама алу
• клиенттер ағынын ұлғайту және жаңа клиенттер тарту
• Орташа чек пен тұрақты клиенттер санын арттыру
• American Express, Diners Club, JCB, Discover эксклюзивті карталармен VIP және Premium сегментінің клиенттеріне қызмет көрсету

Сіздің компанияңыз туралы ақпарат ай сайын 7 000 000 астам клиенттің қатысуымен банктің halykbank.kz сайтына орналастырылатын болады
Серіктестердің толық тізімі
Бейілділік бағдарламасына қосылу құны?
0 теңге – сіздің компанияңыз туралы ақпаратты банктің halykbank.kz сайтына орналастыру
0 теңге – 500 000 астам жазылушылармен әлеуметтік желілерде жылжу
0 теңге – банктің клиенттер базасы бойынша e-mail таратылым
0 теңге – клиенттердің сегменттелген тобына push-хабарламалар
0 теңге – банкпен бірлескен акциялар өткізу
Бағдарламаны қалай қосуға болады?
1. Halyk POS-терминалын қосу
2. Клиенттерге бонустар беру туралы қосымша келісімге қол қою

Қосымша келісім бекітілгеннен кейін Банк нұсқаулық жүргізеді және қызметкерлер үшін оқыту материалын ұсынады.
Өтінім қалдыру
Бонусты қалай есептеу керек?
Бонус төлем жүргізілетін сәтте автоматты түрде есептеледі

Төлем аяқталған соң сатып алу сомасы эквайрингтік комиссия мен коммерсант төлеген бонустар шегеріліп, коммерсанттың есеп айырысу шотына жөнелтіледі

Бонустар клиенттің бонустық шотына автоматты түрде есепке алынады

Транзакция аяқталғаннан кейін клиент бонустарды бірден пайдалана алады
Бонустармен төлемді қалай қабылдау керек?
Бонустарды қабылдау бейілділік бағдарламасының серіктестерінде ғана мүмкін. Бонустармен төлеуді толығымен және бөліп-бөліп қабылдауға болады.

Төлемдерді бонустармен қабылдау үшін кассир:
1. Тауар сомасын енгізуі керек
2. "Пулдарды өтеу" мәзірінің тармағында "GoCard Bonus" таңдауы керек
3. Экранда клиенттің бонустарының және тауар сомасының балансы шығады, өтеу үшін бонустар сомасын енгізу керек.
4. Бонустар сомасы бонустардың ағымдағы қалдығынан аз немесе тең болуы мүмкін, қалған сомасы клиенттің ақшалай шотынан төленетін болады.
5. Enter батырмасын басуы керек

Сұрақтар туындаса, 9191 тегін нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз
Бонустармен сатып алынған тауарды қалай қайтаруға болады?
Терминалда ауысым жабылғанға дейін тауарды қайтару үшін (тауарға төленген күні):
1. Мәзірдің тармағында "Болдырмау" операциясын таңдау керек
2. Чектің нөмірін енгізу керек
3. Операцияны растау керек

Терминалда ауысым жабылғаннан кейін тауарды толығымен немесе ішінара қайтару үшін (сатып алу күні емес):
1. Мәзірдің тармағында "Қайтару" операциясын таңдау керек
2. Бұрын ол бойынша төлем жүргізілген картаны салу керек
3. Транзакцияның RRN нөмірін енгізу керек
4. Қайтару сомасын енгізу керек
5. Терминал GoCard транзакцияның нөмірін енгізуді ұсынады
6. "Иә" батырмасын басып, чектегі XLS TRX ID нөмірлерін енгізіңіз
7. Операцияны растау керек

Ескертпе: толығымен немесе ішінара қайтарғанда, сатып алудан кейін алынған бонустар коммерсантқа толық көлемде қайтарылады.
Егер бонус есептелмесе, не істеу керек?
Бонустар есептелмеген жағдайда, клиентке транзакцияның RNN (чекте көрсетілген) немесе клиенттің ЖСН-н және картаның соңғы 4 санын сатып алу сомасымен GOBonus@halykbank.kz-ке жіберуді ұсыну қажет
Заңды тұлғалардың бонустық операциялары бойынша ақпаратты қалай көруге болады?
Толық ақпарат терминал бойынша үзінді көшірмеде қол жетімді, оны:
• интернет банкинг - Onlinebank (егер Halyk Bank-те ағымдағы шот бар болса) арқылы
• электронды почтаның сенімді мекенжайына байланған автотарату арқылы алуға болады
Автотаратуға жазылу үшін клиент менеджерге жүгінуі керек және талап етілетін форматқа сәйкес Өтініш ресімдеуі керек. Содан кейіни, клиенттің электронды поштасының (email) сенімді мекенжайына үзінді көшірмелер таңдалған кезеңге (күніне бір рет, аптасына бір рет, айына бір рет) сәйкес келіп түсетін болады.
Halyk Club қағидалары
Сіз Кәсіпкерлерге арналған Бонустық клубтың қағидаларымен мына сілтеме бойынша таныса аласыз
ЗТ клубының қағидалары