Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Акциялар

25.08.2025

OnlineDuken-мен номиналы 1 000 000 ₸ болатын туристік жолдама сертификатын ұтып алыңыз!

OnlineDuken платформасы арқылы дистрибьюторға тапсырыстарды төлеп, апта сайынғы «1 000 000 ₸-ге демалыс» ұтыс ойынына қатысыңыз

Кезеңі: 25.08.2025 ж. бастап 26.10.2025 ж. қоса алған күнге дейін.

Қалай қатысуға болады? 

1. OnlineBank қосымшасына кіріңіз

2. OnlineDuken арқылы 20 000 ₸-ден басталатын сомаға тапсырысты төлеңіз

3. Нәтижелерін Instagram-дағы @halyk_business парақшасында тікелей эфирде бақылаңыз

Қатысу талаптары:

  • Қатысушылар: Жеке кәсіпкерлер – OnlineDuken платформасы арқылы тапсырыстарды төлеген Halyk клиенттері.
  • Ұтыс ойынын өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы
  • OnlineDuken платформасында апта сайын дүйсенбі күні сағат 00:00-ден бастап жексенбі күні сағат 23:00-ге дейін жасалған тапсырыстар есепке алынады.
  • Бір төлемнің ең аз сомасы – 20 000 теңге.
  • Ұтыс ойынына 20 000 теңге және одан жоғары сомаға өткен аптаның әрбір төленген тапсырысы қатысады. Өткен апталардағы тапсырыстар үшін төлемдер ұтыс ойынына қатыспайды.
  • Бір қатысушы акцияның бүкіл кезеңінде тек бір сертификатты ұтып ала алады.
  • Тапсырыстарды төлеу тек OnlineDuken платформасында ғана қатысушының банктік шотынан тауар сатушының банктік шотына жүзеге асырылуы керек.
  • Банк ұтыс жеңімпаздары үшін жеке табыс салығын (ЖТС) өзі төлейді.
  • Сертификаттың қолданылу мерзімі - алған сәттен бастап 6 ай.
  • Егер турдың құны 1 000 000 теңгеден асатын болса, айырмашылығын жеңімпаз өз бетінше төлейді.
  • Сертификат жеңімпазға берілген сәттен бастап оны сақтау және пайдалану үшін жеңімпаз жауапты болады.

Ұтыс ойынына келесілер қатыспайды:

  • Банк және «Халық» тобының қызметкерлері, үлестес тұлғалар мен Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар.
  • қатысушылар тізімін қалыптастыру кезінде Банкте ЖК үшін ашылған ағымдағы шоттары бұғатталған клиенттер
  • осы «1 000 000 ₸-ге демалыс» ұтыс ойыны бойынша алдыңғы жеңімпаздар.
  • 20 000 теңгеден кем сомаға жасалған төлемдер.
  • OnlineDuken платформасынан тыс төленген тапсырыстар.

Ұтыс ойынын өткізу және жеңімпаздарды анықтау тәртібі

  • ұтыс ойыны Банктің Instagram-дағы @halyk_business ресми парақшасында апта сайын әр сәрсенбі күні сағат 14:30-дан 16:00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) тікелей эфирде өткізіледі.
  • жеңімпаз www.random.org веб-сайтындағы кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.
  • жеңімпазды хабарлау ұялы телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы тікелей эфирде жүзеге асырылады.
  • егер Банк қызметкерлері Ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде жеңімпазға хабарласа алмаған жағдайда (телефон қоңырауына жауап бермейді/өзінің байланыс деректерін дұрыс көрсетпеді/Банкті хабардар етпей байланыс деректерін өзгертті/кез келген өзге себептер бойынша хабарласу мүмкін емес/сертификат ұтысын алудан бас тартты, кез келген өзге себептер бойынша хабарласу мүмкін емес/өзінің бейнесін және атын (тегі/аты/әкесінің аты (бар болса)) жарнамалық мақсатта пайдалану келісіміне қол қоймады, сондай-ақ ұтыс ойыны өткізілген күні және жүлде берілгенге дейін жеңімпаз қайтыс болған жағдайда, сертификат ұтысы Ұтыс ойыны өткізілгеннен кейін анықталатын бірінші дублерге автоматты түрде ауысады. 1-дублер сертификатты күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде (демалыс/мереке күніне түссе – келесі жұмыс күні) жоғарыда көрсетілген себептер бойынша ала алмаған жағдайда, Банк сертификат ұтысын 2-дублерге беруге құқылы. Дублерлер «www.random.org» сайтында анықталады. Егер екінші дублер де жоғарыда көрсетілген себептер бойынша жауап бермесе, онда Банк жүлдені келесі Ұтыс ойынына дейін қалдыруға құқылы. 

 Жүлде қоры 

  • Әр апта сайын номиналы 1 000 000 ₸  болатын 1 сертификат ойналады.
  • Сертификаттар міндетті түрде ТАӘ, ЖСН/БСН және байланыс телефон нөмірін көрсете отырып, жеке тұлғаларға ғана ресімделеді.
  • Сертификаттың қолданылу мерзімі – алынған күннен бастап 6 ай. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болады.

Қосымша сұрақтарыңыз қалды ма? Оларды қою үшін мына сілтеме арқылы біздің менеджермен байланысыңыз болады:
WhatsApp арқылы хабарласу

Банк акция талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту, оның ішінде клиенттерге хабарламай акция мерзімін тоқтата тұру немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.