Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Акциялар

20.06.2025

Pinduoduo сайтында және қосымшасында Union Pay картасымен сауда ақысын төлеген кезде жеңілдік!

Pinduoduo — 900 миллионнан астам пайдаланушысы бар, жетекші қытайлық электронды коммерция платформасы. Халықаралық нарыққа шыққаннан бері, Pinduoduo өзінің тауарларымен және бірегей сауда үлгісімен танымал болды.

PINDUODUO сайтында және қосымшасында Union Pay карталары арқылы сауда ақысын төлеңіз де, 5-тен 10 юаньға дейін жеңілдік алыңыз.

Науқанды өткізу кезеңі: 20.06.2025 – 31.10.2025

Бұл Науқанға алғашқы 270 000 жасалған сауда қатысады. Төлемдерді тоқтату уақыты UnionPay International Co Ltd («UnionPay International») жүйесі бекіткен төлемнің нақты аяқталу уақытына негізделген.

Науқанға Halyk Bank-те шығарылған барлық UnionPay карталары – Asia Prestige Diamond, UPI Diamond, UPI Gold қатысады

Жеңілдік алу шарттары:

  • 50-ден 100 юаньға дейінгі жасаған саудаңызға Union Pay-дің кез келген картасымен төлеген кезде 5 юань жеңілдік.
  • 100 юаньнан жоғары жасаған саудаңызға Union Pay-дің кез келген картасымен төлеген кезде 10 юань жеңілдік.
  • Жеңілдік науқан кезеңінде екі деңгейге де қолданылатын әр картаның алғашқы 10 транзакциясы бойынша қолжетімді (жеңілдіктерді пайдалану лимиттері екі деңгей үшін де есептеледі).  
  • Сәтсіз транзакциялар кезінде (лимиттің жеткіліксіздігіне байланысты, шектеулер, карта күйіне қатысты мәселелер, желідегі қателер және т. б.) жеңілдік квоталары өтемақысыз автоматты түрде алынып тасталады.
  •  Бір транзакцияда тек бір жеңілдік деңгейі бар (жиынтықсыз), ол тапсырыс құнына байланысты автоматты түрде таңдалады. Жеңілдіктер біріктірілмейді.
  • Қайтару/ішінара қайтару кезінде тек нақты төленген сома ғана қайтарылады (жеңілдік сомасын есептемегенде, пропорционалды) және жасалған сауда саны шегерілген күйінде қалады. 
  • алаяқтық әрекеттер (мысалы, жоғары жиілікті транзакциялар) анықталған жағдайда, UnionPay International/дPinduoduo жеңілдіктерді алып тастау және жеңілдіктерді қайтару құқығын өзіне қалдырады.
  • UnionPay International тек төлемге жеңілдіктер ұсынады. Өнімдерді Pinduoduo платформасында сатушылар ұсынады. Өнімнің сапасына және сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша сатушылардың көмегіне жүгініңіз немесе Pinduoduo платформасының онлайн тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына  хабарласыңыз. Жеңілдіктерге әсер ететін жүйелік қателер болған жағдайда, тексеру үшін 7 жұмыс күні ішінде UnionPay-да транзакция бойынша дәлелдер келтіріңіз.