Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Дауыс көмекшісі
Депозиттер
Депозиты онлайн
Откройте онлайн надежный депозит с высокой ставкой
Premium
Премиалды қызмет көрсету
Halyk Private
Құпиялылық қағидаттарына сәйкес ыңғайлы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі
Қаз
Onlinebank-іне өту Halyk Club-қа өту Halyk-қа өту

Акциялар

17.10.2025

Halyk Easy карталарын ұстаушылар үшін автобуста жол жүру ақысына 100% бонус

Halyk Еasy балалар картасымен Halyk SuperАpp-та көлік картасын толтырыңыз немесе автобуста жол ақысын Halyk QR арқылы төлеңіз және төлем сомасынан 100% кепілдендірілген бонус алыңыз. 

Науқанның өтетін кезеңі

20.10.2025 – 20.01.2026

Бонустарды есептеу шарттары

  • Бонустар Halyk Еasy картасымен Halyk QR арқылы төлеген кезде немесе Halyk қосымшасында «Төлемдер» → «Қоғамдық көлік» бөлімінде көлік карталарын толықтыру кезінде қалаларда қолданыстағы жол ақысын төлеу тәсілдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, 100% мөлшерінде есептеледі.
  • Бір қатысушыға айына есептелетін ең көп бонус - 1000 бонус.
  • Күніне бір қатысушыға бонустар есептелетін төлемдердің саны – 4 төлемнен артық емес.
  • Алматы, Талдықорған, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Абай, Теміртау, Саран, Көкшетау қалалары үшін – көлік картасын Halyk қосымшасы арқылы толықтырыңыз.
  • Басқа аймақтар үшін: жол ақысын Halyk QR арқылы төлеңіз.

Автобуста жол ақысын Halyk QR көмегімен қалай төлеуге болады

1. Halyk мобильді қосымшасын ашыңыз.

2. Басты экранда QR белгішесін таңдаңыз.

3. Автобустағы QR-кодты сканерлеңіз.

4. Жол ақысын төлеңіз.

Halyk SuperApp-та көлік картасын қалай толықтыруға болады

1. Halyk қосымшасын ашыңыз.

2. «Төлемдер» бөлімінде «Көлік картасын толықтыру» тармағын таңдаңыз.

3. Төлем жасаңыз.

Егер мен басқа клиенттің көлік картасын толтырсамбонустарды кім алады? 

Бонусты QR-мен төлем жасаған клиент алады.

Бонустар карта иесіне есептелуі үшін ол Halyk қосымшасы арқылы Halyk Еasy картасымен толықтыруы қажет.

Науқанға қандай көлік карталары қатысады? 

  • ONAY – Алматы, Талдықорған, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск, Абай қалаларында.
  • KoksheBusTolem - Көкшетауда.

Науқанға қатысатын қалалардың тізімі:

Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Аягөз, Көкшетау, Ақтөбе, Хромтау, Талғар, Қаскелең, Есік, Шелек, Ұзынағаш, Қонаев, Атырау, Құлсары, Орал, Тараз, Қарағанды, Балқаш, Саран, Шахтинск, Абай, Теміртау, Қостанай, Арқалық, Рудный, Қызылорда, Ақтау, Бейнеу, Екібастұз, Павлодар, Ақсу, Петропавл, Түркістан, Талдықорған, Жезқазған.

Бонустарды есептеу бойынша ерекшеліктер 

Бонустар мына жағдайларда:

  • Halyk Easy-ден басқа карталарды пайдалана отырып жасалған төлемдерге;
  • сыйлық, корпоративтік, сондай-ақ ағымдағы немесе арнайы шоттарға шығарылған карталарды пайдалана отырып жасалған төлемдерге;
  • бонустық шоты бұғатталған клиенттерге есептелмейді.
  • төлем толық немесе ішінара қайтарылған/жойылған жағдайда, науқан шеңберінде бұрын есептелген бонустар есептен шығарылады.
  • күмәнді операциялар анықталған жағдайда Банктің бонустарды есептеуді біржақты тәртіппен жоюға немесе түзетуге құқығы бар.

Банк клиенттерге алдын ала ескертусіз науқан талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту, сондай-ақ науқанның мерзімін тоқтата тұру немесе ұзарту құқығын өзіне қалдырады.

Науқан туралы толығырақ және басқа сұрақтарға жауаптарды төменде білуге болады:

Қоғамдық көлікте жол жүру ақысы үшін бонустарды қалай алуға болады? 

  • Көлікке AlemPay, SMSBUS, Avtobys, Tolem, TulparCard, O-City, БатысТехИнвест қызмет көрсететін қалаларда – бонустар Halyk Easy картасымен Halyk QR арқылы жол ақысы төленген кезде есептеледі.
  • Көлікке ONAY және KoksheBusTolem қызмет көрсететін қалаларда – бонустар Halyk Easy картасымен көлік картасын толықтыру үшін беріледі.

Бонустар есептелетін төлемнің ең аз сомасы - 10 теңге. 

(Егер төлем сомасы 10 теңгеден аз болса, бонустар есептелмейді.)

Жол ақысын басқа көлік карталарымен төлеген кезде бонустар есептеле ме? 

Жоқ. Бонустар тек ONAY және/немесе KoksheBusTolem карталарын Halyk Easy картасымен толтырылғаны үшін беріледі.

Жинақталған бонустарды қолма-қол ақшамен алуға бола ма? 

Жоқ, бонустарды қолма-қол ақшамен алу мүмкін емес.

Бонустарды қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу үшін, сондай-ақ басқа да қызметтерді - коммуналдық, ұялы байланыс, интернет және басқа төлемдерді Halyk қосымшасында немесе Halyk POS-терминалдарында төлеу үшін пайдалануға болады.

(Төлемдердің кейбір түрлерін бонустармен төлеуге болмайды.)

Егер мен басқа қалада болсам, сол қалада науқан әрекет ете ме? 

Иә, бонустар қалаға қарамастан есептеледі.

Егер қалада жол жүру ақысын Halyk QR арқылы төлеу қызметі бар болса, бонустар QR төлемі үшін есептеледі.

Егер жоқ болса - көлік картасын толықтырғаны үшін бонус есептеледі.

Егер мен ішінара картадан және ішінара бұрын жинақталған бонустардан төлесем, онда мен бонустар аламын ба? 

Бонуспен төленген төлемдерге бонус есептелмейді. Бонустар тек Halyk Easy картасынан жұмсалған меншікті қаражатқа есептеледі.

Halyk Easy картасын қалай рәсімдеуге және баланы Halyk қосымшасына қалай тіркеуге болады? 

Ата-ана:

1. Halyk қосымшасында «Halyk Easy» батырмасын басу.

2. Баланы таңдап, оның ұялы телефон нөмірін көрсету.

3. OTP-коды арқылы келісімге қол қою керек.

Осыдан кейін балаға Halyk Еasy цифрлық картасы шығарылады және ол Halyk қосымшасында тіркеледі.

Кіру үшін балаға уақытша паролі бар SMS келеді.

Бала:

1. Play Market, AppGallery (Android) немесе App Store (iOS) дүкенінен Halyk қосымшасын жүктеп алу.

2. Телефон нөмірін және SMS-тегі уақытша парольді енгізу.

3. Жаңа парольді және кіру кодын орнату қажет.

Назар аударыңыз! Уақытша парольдің жарамдылық мерзімі - 12 сағат. Пароль бос орындарсыз, үтір-нүктелерсіз, таңбаларға сәйкес қолмен енгізілуі керек.