Акциялар
Баға ал да, бонус ал
«Баға ал да, бонус ал» бағдарламасының жалғасатыны туралы қуана хабарлаймыз.
Жаңа 2025-2026 оқу жылында бағдарламаға бастауыш 2-4 сынып оқушылары қосылады. Жаңартылған форматта ай сайын 1000 үздік оқушы 100 000 бонус ала алады!
Назар аударыңыз, алдыңғы оқу жылдарының «10 баллға» 100 бонус шарты алып тасталады.
Оқушылар ай сайын 100 000 бонус ұтыс ойынына қатыса алады, ол үшін бір ай ішінде 10 баллдық бір ғана баға алуы керек.
Кезеңі: 2025-2026 оқу жылы
Қатысушылары: Қазақстан Республикасының 2-4 сынып оқушылары*
* ұтыс ойынына Kundelik және Bilimal жүйесіне қосылған өңірлердің оқушылары қатысады
Halyk-тың 100 000 бонус ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?
- Ата-анаға: Halyk Easy картасын тегін ашыңыз және бағаларды беру туралы келісімді ресімдеңіз**
- Балаға: Өте жақсы оқу, оқу үшін 10-дық баллдар алу және ұтыс ойынына қатысу керек! Әрбір үздік 10 балл есептеледі және жеңіске жету мүмкіндігін арттырады!
** Halyk мобильді қосымшасы арқылы Kundelik білім беру платформасының оқушылары үшін. Bilimal платформасының оқушылары үшін bilimal.kz сайты арқылы
100 000 бонус ұтыс ойынына қатысу шарттары:
- Ұтыс ойынына қатысушылар – күнтізбелік ай ішінде үздік 10 баллдық бір немесе одан да көп баға алған 2-11 сынып оқушылары
- Ай сайын жеңімпаздардың саны – 1 000 оқушы
- Ұтыс ойынын өткізу форматы: ай сайын Instagram-да halykbank.kz ресми парақшасында
- Ұтыс ойыны өткізілетін кезең: 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың мамыры аралығында
Маңызды! Мынаған назар аударыңыз: Halyk қосымшасы және Bilimal серіктесінің сайты арқылы келісімді ресімдеу 2025 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолжетімді болады. 02.09-08.09.2025 ж. кезеңінде алынған барлық бағалар өткен оқу жылында немесе 8 қыркүйектен бастап ресімделген бағаларды беруге келісім болған кезде қыркүйек айының қорытындысы бойынша ұтыс ойынына қатысатын болады.
Ұтыс ойынына қатыспайтындар:
- Қатысушылар тізімін қалыптастыру кезінде бонустық шоты бұғатталған, картасы жабылған оқушылар;
- Білім беру платформалары Банкпен ынтымақтаспайтын басқа өңірлердің оқушылары
Halyk Easy картасын қалай ашу керек?
1-қадам:
Ата-ана үшін Halyk қосымшасы арқылы:
- Halyk қосымшасын жүктеңіз
- «Басты бет» бөлімінде «Halyk Easy. Балаға карта ашу» баннерін басыңыз
- Баланы таңдаңыз және оның ұялы телефонының нөмірін көрсетіңіз
Дайын! Сіздің балаңыздың атына карта ашылды, сонымен қатар Halyk қосымшасына кіру үшін баланың телефонына уақытша SMS-пароль жіберіледі. Уақытша парольдің жарамдылық мерзімі – 12 сағат.
Ата-ана үшін Bilimal сайты арқылы (Bilimal жүйесінің қатысушылары үшін):
- Bilimal серіктесінің сайтына кіріңіз, ата-ананың есептік жазбасымен авторизациядан өтіңіз, «Баға ал да, бонус ал» жарнамалық баннерін басыңыз
- Қажетті жеке деректерді, сондай-ақ баланың ЖСН және оның ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз
- Сәйкестендіруден өтіңіз
- Дайын! Сіздің балаңыздың атына карта ашылды, сонымен қатар Halyk қосымшасына кіру үшін баланың телефонына уақытша SMS-пароль жіберіледі. Уақытша парольдің жарамдылық мерзімі – 12 сағат. Парольді бос орындар, үтірлер мен нүктелерсіз барлық бағытталған таңбаларға сәйкес қолмен енгізу керек.
Назар аударыңыз, Halyk Easy картасын серіктестің сайты арқылы ашқан кезде ата-ана сол уақытта бағаларды беру туралы келісімге қол қояды.
2-қадам:
2-11 сынып оқушылары үшін
- Halyk қосымшасын жүктеңіз
- SMS-пен келген уақытша парольді бос орындар, үтірлер мен нүктелерсіз барлық бағытталған таңбаларға сәйкес қолмен енгізіңіз. Уақытша парольді жеке парольге ауыстырыңыз.
Бағаларды беру туралы келісімді қалай ресімдеу керек?
Kundelik жүйесі оқушысының ата-анасына:
- Halyk қосымшасына кіріңіз
- Halyk мобильді қосымшасының басты бетінде Kundelik.Pro батырмасын басыңыз. Ата-ананың есептік жазбасының логині мен паролін енгізіңіз
- Тізімдегі оқушының жанында «Картаны ашу» батырмасын басып, қажетті деректерді көрсетіңіз де нұсқаулық шарттарын орындаңыз
- Дайын! Балаңыз «Бағалар үшін бонустар» бағдарламасына қосылды. Бала бағдарлама шарттарын орындаған кезде ай сайын ұтыс ойынына қатысады.
Bilimal жүйесі оқушысының ата-анасына:
- Bilimal сайтында «Баға ал да, бонус ал» жарнамалық баннерін басыңыз
- Қажетті жеке деректерді, сондай-ақ баланың ЖСН және оның ұялы телефон нөмірін көрсетіңіз. Назар аударыңыз, егер Сіздің отбасыңызда бірнеше оқушы болса, бағаларды беруге келісім әр бала үшін жеке беріледі
- Сәйкестендіруден өтіңіз
- Бағаларды беруге келісімді ресімдеңіз
- Дайын! Сіздің балаңыз бағдарлама шарттарын орындаған кезде ай сайын ұтыс ойынына қатысады
Егер менің балам өткен оқу жылында Банк бағдарламасына қатысқан болса, келісімді қайта ресімдеуім керек пе?
- Жоқ, қайта ресімдеу қажет емес. Бала айына 10 баллдық бір баға алған кезде 100 000 бонус ұтыс ойынына қатысады.
Келісімнің бар-жоғын қалай тексеруге болады?
1. Ата-ана/бала келісімнің бар-жоғын өзінің Halyk қосымшасындағы «Басты бет» → «Шоттар» бөлімінде баланың картасын таңдау арқылы тексере алады. Келісім бар болған жағдайда клиентке: «Бағаларды беруге келісім ресімделді» деген ақпарат көрсетіледі.
2. Банктің Halyk Easy картасы туралы парақшасында. Егер Ата-ана бағаларды беруге келісімді бүгін берген жағдайда, онда бағаларды беруге келісімнің бар-жоғын баланың ЖСН бойынша келесі күні тексеруге болады
Мен ұтыс ойынына қатысатынымды қалай біле аламын?
1. Halyk қосымшасында білуге болады → «Шоттар» бөлімін → Нalyk Easy картасын → «Нalyk Easy нұсқаулығын» басыңыз →ЖСН енгізіңіз
2. Банктің Halyk Easy картасы туралы парақшасында.
Қатысу үшін бір ай ішінде бір үздік баға алу жеткілікті, оқушы қанша рет баға алса, сонша рет тізімде қайталанады.
Жеңгенімді немесе жеңбегенімді қалай білуге болады?
1. Halyk қосымшасында білуге болады → «Шоттар» бөлімін → Нalyk Easy картасын → «Нalyk Easy нұсқаулығын» басыңыз →ЖСН енгізіңіз
2. Банктің Halyk Easy картасы туралы парақшасында баланың ЖСН бойынша.
Ақпарат Instagram-дағы halykbank.kz парақшасында тікелей эфирден кейін жаңартылады
Ата-аналарға не қол жетімді:
- Балаға қол жетімділікті қалпына келтіру
Егер бала Halyk қосымшасына кіру үшін парольді ұмытып қалса немесе берілген уақытта уақытша парольді енгізуге үлгермесе, ата-ана балаға Halyk қосымшасы арқылы кіруді қалпына келтіруі қажет:
Ата-ана «Шоттар» бөлімінде баланың картасын таңдауы керек - > таңдау - Кіруді қалпына келтіру - > баланың телефон нөмірін енгізу - > SMS-тегі кодты енгізу.
Балаға оның телефон нөміріне қосымшаға кіретін уақытша пароль жіберіледі, оны енгізіп, жаңа парольді/кіру кодын орнату қажет. Кіруді қалпына келтіру кезінде уақытша парольдің қолданылу мерзімі - 1 сағат. Егер бір сағат ішінде бала мобильді қосымшаға кіретін уақытша парольді енгізуге үлгермесе, ата-ана балаға Halyk қосымшасы арқылы қайта кіруді қалпына келтіруі керек.
- Баланың телефон нөмірін өзгерту
Егер бала телефон нөмірін өзгертсе немесе ата-ана Halyk қосымшасына тіркелу кезінде баланың телефон нөмірін дұрыс көрсетпесе, ата-ана өзінің Halyk қосымшасы арқылы баланың телефон нөмірін өзгертуі керек:
Ата-ана «Шоттар» бөлімінде баланың картасын таңдауы керек - > баланың сенімді нөмірін өзгерту, баланың ЖСН және баланың жаңа телефон нөмірін көрсету - > SMS-тегі кодты енгізу қажет. Баланың сенімді телефон нөмірінің сәтті өзгертілгені туралы хабарлама шығады.
- Halyk Easy картасы бойынша лимитті орнату/өзгерту
Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін Halyk Easy картасы бойынша шығыс операцияларына айына 100 000 теңге, оның ішінде қолма-қол ақша алуға 20 000 теңге мөлшерінде жалпы лимит белгіленді. Ата-ана Halyk мобильді қосымшасында лимиттерді жоғарылату/төмендету жағына қарай өзгерте алады. Ол үшін ата-ана:
- Halyk мобильді қосымшасына кіруі керек;
- Баланың картасын таңдауы керек;
- «Лимиттер» түймесін басуы керек;
- «Лимиттерді өзгерту» түймесін басуы керек;
- Қажетті соманы көрсетуі керек.
Сондай-ақ, ата-анаға Halyk қосымшасында «Шектеуді алып тастау» функциясы қол жетімді. Ол үшін ата-ана:
- Halyk мобильді қосымшасына өтуі керек;
- Қажетті картаны таңдауы керек;
- «Лимиттер» түймесін басуы керек;
- «Шектеулерді алып тастау» түймесін басуы керек;
- Ашылмалы тізімнен «Қолма-қол ақшаның максималды сомасына» тиісті шектеу түрін таңдауы керек;
- Шектеу алынатын күндердің қажетті санын көрсетуі керек;
- «Келесі» түймесін басуы керек.
- Баланың картасына ақша аудару
Ата-ана балаға ақшаны Halyk қосымшасында «Аударымдар» -> «Телефон нөмірі бойынша» батырмасын басып баланың телефон нөміріне аудара алады немесе өз картасын және баланың картасын таңдау арқылы «Өз шоттары арасында» аудара алады.
- Halyk қосымшасында Kundelik Pro электрондық күнделігіне қол жеткізу
Ата-ана бастапқы кіру кезінде логин мен парольді енгізу арқылы Kundelik-ке кіруі керек (логин мен парольді мектептің сынып жетекшісі береді). Банктік қосымшадан Kundelik Pro келесі өту кезінде электрондық күнделікке кіру авторизациясыз автоматты түрде жүзеге асырылады.
- Баланың цифрлық картасына пластик картаға тапсырыс беру
Егер ата-ана баланың цифрлық картасына пластик картаға тапсырыс беруі қажет болса, онда ата-ана өзінің Halyk мобильді қосымшасында «Шоттар» бөліміне кіріп, баланың картасын таңдап, әрі қарай ->«Картаға тапсырыс беру» - > «Пластик картаға тапсырыс беру» - > Деректерді енгізу - > ОТП кодын растауы қажет.
Пластик карта келесі жұмыс күні дайын болады.
Жеткізу тегін және жұмыс күндері (сенбі, жексенбі – демалыс күндері) жүзеге асырылады, курьердің қоңырауын күту керек.
Картаны жеткізу Halyk қосымшасында көрсетілген қалалар шегінде ғана жүзеге асырылады.
Сондай-ақ ұялы телефон нөміріңізге картаны жеткізу күйі туралы SMS хабарлама аласыз.
Балаларға не қол жетімді:
- Halyk Easy картасымен сауда жасау
Halyk Easy төлем картасы – бұл бүкіл әлемнен кез келген тауар сатып алуға мүмкіндік беретін көп валюталы халықаралық төлем картасы.
- Halyk Еasy картасымен төлем жасаған кезде бонустар алу
– Halyk POS-терминалдарында Halyk QR арқылы жасалған төлемдерге 1% бонус;
– Halyk POS-терминалдарында смартфонмен жасалатын төлемдерге (ApplePay, SamsungPay, GooglePay, Garmin Pay жанасусыз төлемдері, мобильді және смарт-құрылғылардан), сондай-ақ Halyk қосымшасында жасалатын төлемдерге 1% бонус;
– Halyk және ҚР басқа банктерінің барлық POS-терминалдарында төлемдер мен сатып алуларға, оның ішінде төмендегі тізімге сәйкес сүйікті санаттардағы e-commerce төлемдеріне 2% бонус*.
Барлық Halyk карталары бойынша айына 1 (бір) балаға бонустарды есептеудің ең жоғары лимиті жиынтығында:
– 5 000 бонус: Halyk POS-терминалдарында Halyk QR арқылы жасалатын төлемдерге;
– 5 000 бонус: Halyk POS-терминалдарында смартфон жасалатын төлемдерге (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin Pay жанасусыз төлемдері, мобильді және смарт-құрылғылардан);
– 5 000 бонус: Halyk қосымшасында жасалатын төлемдерге;
– 20 000 бонус: Halyk және ҚР басқа банктерінің барлық POS-терминалдарындағы төлемдер мен сатып алуларға, оның ішінде төмендегі тізімге сәйкес сүйікті санаттардағы e-commerce төлемдеріне*.
- Halyk QR арқылы сатып алу ақысын төлеу - камерасы бар смартфондар үшін қол жетімді
- Halyk QR арқылы төлеу үшін бала Halyk қосымшасын ашуы керек;
- QR функциясын таңдауы керек;
- Halyk POS-терминалында QR кодын сканерлеуі керек;
- Төлемді растауы керек.
- Смартфонмен Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы төлем жасау - NFС функциясы бар телефондар үшін қол жетімді
1. Картаны Apple Pay-ге қосу үшін бала Halyk мобильді қосымшасына кіріп, «Шоттар» бөліміне кіріп, өз картасын таңдап, Apple Pay-> «Келесі»-> Пайдалану шарттарын қабылдау түймелерін басуы керек. Дайын! Карта Apple Pay қызметіне қосылды. Apple Pay үйлесімді құрылғылар:
- Face ID функциясы бар iPhone модельдері
- iPhone SE құрылғысының Touch ID функциясы бар iPhone модельдері, iPhone 6 және одан жаңа модельдер (iPhone 5s-тен басқа).
2. Картаны Google Pay-ге қосу үшін бала Halyk мобильді қосымшасына кіріп, «Шоттар» бөлімін басып, өз картасын таңдап, содан кейін Google Pay бөліміне өтіп, пайда болған терезеде «GPay-ге қосу» батырмасын басып, «Қабылдау» батырмасын басу арқылы Пайдалану шарттарын қабылдауы керек. Дайын! Карта GPay-ге қосылды және жанасусыз төлемдер жасауға дайын.
Смартфон параметрлерінде NFC (Android құрылғыларында) беруді қосуды ұмытпаңыз, жанасусыз төлем бөлімінде – Google Pay әдепкі бойынша таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Картаны Samsung Pay-ге қосу үшін бала Play Market-те Samsung Pay қосымшасын жүктеп алып, Samsung Account-қа кіруі немесе Halyk-тың карта нөмірін және үш таңбалы авторизация кодын (артқы жағында көрсетілген) енгізу нұсқауларын орындау арқылы тіркелуі және SMS-пен келген кодпен қосылуды растауы қажет.
4. Смартфонмен Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay арқылы төлем жасау үшін:
– телефонды ұйқыдағы режимнен және бұғаттан шығару керек, бұл ретте Apple Pay, Google Pay қосымшасын ашу керек емес, ал Samsung Pay-ді міндетті түрде ашу керек.
– Құрылғының артқы панелін жанасусыз төлемдер терминалына жақындату керек
– Егер төлем жасалса, телефон экранында көк белгі пайда болады
– Кейбір дүкендерде картаның PIN кодын енгізу қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Маңызды! Құрылғының емес, картаның PIN кодын енгізу керек.
- Halyk POS-терминалдарында бонустармен сатып алу ақысын төлеу
Бала тауарлар мен қызметтер үшін төлемді Halyk POS-терминалдарында өзінің мобильді қосымшасы арқылы QR-мен немесе пластик картасын пайдалану арқылы бонустармен төлей алады және сатушының POS-терминал экранында «Шоттан» немесе «Бонустармен» төлеу тәсілі шыққан кезде одан ақшаны бонустардан алуын сұрай алады. Сонымен қатар «Басты» -> «Төлемдер» бөліміндегі барлық төлемдерді бонустармен төлеуге болады. Бонустардың түсуі мен есептен шығарылуын Halyk қосымшасындағы «Басты» -> «Бонустар»-> «Үзінді көшірме» бөліміндегі үзінді көшірмелер бойынша көруге болады.
- Halyk қосымшасында Kundelik Pro электрондық күнделігіне қол жеткізу
Бала бастапқы кіру кезінде логин мен парольді енгізу арқылы Kundelik-ке кіруі керек (логин мен парольді мектептің сынып жетекшісі береді). Банктік қосымшадан Kundelik Pro өту кезінде электрондық күнделікке кіру авторизациясыз автоматты түрде жүзеге асырылады.
* Ескертпе
MCC_CODE | Коммерсант санаты |
5812 | Мейрамханалар, тамақтану орындары |
5814 | Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар |
7832 | Кинотеатрлар |
7833 | Жедел төлем-Кинотеатр |